Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Балық аулауға уақытша тыйым: биыл не өзгереді

Балық аулауға уақытша тыйым: биыл не өзгереді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Уылдырық шашу кезеңіне байланысты енгізілетін табиғат қорғау іс-шаралары мен биылдан бастап қабылданатын өзгерістер туралы «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Самал Темірболатова әңгімелеп берді.

– Самал Балташқызы, уылдырық шашу кезеңіне байланыстыбалық аулауға уақытша тыйым қай уақыттан енгізіледі?

– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының арнайы бұйрығына сәйкес, балық ресурстарын және өзге де су жануарларын сақтау, молықтыру мақсатында шектеулер мен тыйымдар қарастырылған. Соның аясында Павлодар облысының далалы жерлеріндегі тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 15 сәуір – 30 мамыр аралығында балықтың кез келген түрін аулауға уақытша тыйым салынады. Тыйым Қаныш Сәтбаев атындағы каналға да қатысты. Тек бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде ғана торта, табан, алабұға, мөңке және шортанға қармақ салуға болады. Мәселен каналдың №1-ден №8-ге дейінгі су тораптары шаруашылықтарға бекітілген. Сондықтан әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат етілген.

Алайда Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 78 бұйрығына сәйкес, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығының күші 13 мамырдан бастап жойылмақшы. Ол бұйрық каналдың аталған су тораптарында балық аулауға рұқсат беріп келген еді. 13 мамырдан бастап жоғарыда аталған тораптарға да тыйым салынады. Яғни каналдың барлық бойында 13 мамырдан 30 мамырға дейін балық аулауға толықтай тыйым енгізіледі.

Фото: Облыстық балық инспекциясы

– Жалпы Павлодар облысында балық аулауға ресми рұқсат етілген неше су айдыны бар?

– Су айдындарының ең үлкені әрі халықаралық маңызға ие - Ертіс өзені, көлемі 72 мың гектардан асады. Одан соң 14,5 мың гектардан асатын Қ.Сәтбаев атындағы канал бар. Бұдан бөлек өңір аумағында 120 су айдыны орналасқан. Олардың барлығында тиісті кезеңдерде балық аулауға болады. Қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар 58 су айдыны 32 пайдаланушыға бекітілген. Су айдындарының дені Ақсу, Ақтоғай, Ертіс, Железин, Тереңкөл, Павлодар, Аққулы, Май аудандарында.

– Балықтардың уылдырық шашу кезеңі қалай жүреді?

– Уылдырық шашу – балықтардың өміріндегі ерекше кезең. Маңызды шарттардың бірі – судың температурасы және алаңдаушылық факторларының болмауы. Көбі көктемнен жаздың басына дейін уылдырық шашады. Ең әуелі шортан, алабұға, кейінірек табан, көксерке, ал көктемнің соңында тұқы, оңғақ және т.б. балықтар уылдырық шаша бастайды. Балықтың әр түрі арнайы уылдырық шашатын жерлерге жиналады. Уылдырық шашуға табиғи-климаттық жағдайларға байланысты әртүрлі факторлар теріс әсер етуі мүмкін. Мысал үшін су температурасы мезгілінен ерте көтеріліп кетсе, күн күрт салқындаса немесе көктемгі тасқын су жеткіліксіз болса, биологиялық ырғақ бұзылып, көбею циклі бәсеңдейді. Кейде жас шабақтар топ-тобымен қырылып қалуы мүмкін. Сондықтан Ертіс өзенінің жыл сайынғы табиғи тасуы да үлкен роль ойнайды. Әсіресе, шортан, табан, тұқы, көксерке негізінен өзендердің жайылмаларында уылдырық шашады.

Жергілікті су айдындарын көксерке, сазан (тұқы), шортан, нәлім, рипус, алабұға, торта, мөнқе, аққайран, табан, оңғақ, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ақбалық пен сібір бекіресі, аулауға толықтай тыйым салынған сүйрік балығы мекендейді.

Фото: Облыстық балық инспекциясы

– Тұрғындар кейінгі жылдары Ертіс пен оған құятын шағын өзендерде балықтың азайып бара жатқанын жиі айтады. Бұл шыбын-шіркейге қарсы қолданылатын препараттардың салдары емес пе? 

– Жыл сайын өңірдің резервтік балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша балық ресурстарын аулау лимиттері бөлінеді. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының айтуынша, өзендер мен өзге су айдындарын өңдеу кезінде қолданылатын биологиялық препарат балық санына және жем-шөп базасына әсер етпейді. Ал химиялық препарат ғылыми топтың ұсыныстары бойынша шағын, уақытша байланған су айдындарында ғана қолданылады.

– Балық аулау қағидаларын бұзу бойынша деректер жиі тіркеле ме?

– Жылдың алғашқы тоқсанында балық аулау ережелерін бұзу бойынша 69 дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шамамен 1,4 млн теңге айыппұл өндірілді. Өткен жылы 277 заң бұзушылық анықталып, оның 34-інде өрескел заң бұзушылық тіркелді. Нәтижесінде 56 ау, 9 қайық, 4 қозғалтқыш мотор және 278 кг балық тәркіленді. Сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз артемия жұмыртқаларын заңсыз өндіру бойынша 1 қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Фото: Облыстық балық инспекциясы Фото: Облыстық балық инспекциясы

– Өзен-көлдерді балықтандыру туралы не айтасыз?

– 2025 жылы балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын орындау шеңберінде бекітілген су айдындарына 11 пайдаланушы 1 386 311 дана балық жіберді. Оның ішінде 110 000 дөңмаңдай және 1 276 311 тұқы бар. Бұдан бөлек, балық ресурстарына келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатында 24 605 дана тұқы мен сібір бекіресі де жіберілген еді. Өңірлік жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Ертіске 88 839 сібір бекіресін босатты. Сібір бекіресі өзенде азайып кеткен балық түрі. Оның популяциясын көбейту бүгінде аса маңызды.

– Әңгімеңізге рахмет!

Еске сала кетейік, Ертіс бойындағы балық шаруашылығының өнімділігі 5 жылда 6 есе артқан. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 10:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see149

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see136

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see133

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see126

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see124

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see124

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары