Банктер халыққа несие беруді уақытша тоқтатты
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда банктер бірінен соң бірі ипотека беруді және клиенттерден өтініш қабылдауды уақытша тоқтатып тастады.
Банктердің бір бөлігі барлық ипотекалық бағдарламасын тегіс жапса, басқасы серіктес құрылыс компанияларымен арадағы келісім бойынша тек соның жаңа тұрғын үй кешендерін несиелендіруді ғана қалдырды.
Қазақстанның Ұлттық банкі 10 қазанда, күтпеген жерден базалық ставканы бұрынғы 16,5%-дан 18%-ға дейін күрт көтерді. Тосын болғаны, тіпті Ресейдің өзінде орталық банкі шешуші ставканы (ключевая ставка) таяуда 17%-ға дейін төмендетті және жыл соңына дейін 15 пайызға дейін түсіруге ниетті.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұған бірнеше фактор әсер еткен.
Біріншіден, базалық мөлшерлеме өскен сайын несие қымбаттай түседі. Банктер пайыздық мөлшерлеме шарықтаса, қарыз алушылар несиесін төлей алмай қалады деп қауіптенеді.
Екіншіден, 1 қарашадан бастап күшіне енетін жаңа талаптарға сәйкес, қаржы ұйымдары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20 пайыздан асырмауы керек. Яғни банктер өздері берген несиеден жыл сайын тек осы көлемде ғана пайда көре алады.
Ал экономистердің пікірінше, ипотека шарттарының өзгеруі тұрғын үй бағасының төмендеуіне ықпал етеді.


