Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

БАҚ өкілдерін қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды

БАҚ өкілдерін қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ресми түрде бекітілді. Президент атап өткендей, баспасөз – халықтың дауысы, ал журналист – сенімді ақпарат хабаршысы.

Медиа саласының құқықтық негіздері нығайып келеді

Қазақстанда сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заңнамалық база кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. 2023 жылы «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң қабылданып, цифрлық кеңістіктегі қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктері айқындалды.

Ал 2024 жылы күшіне енген «Масс-медиа туралы» заң медиа саласын дамытуға жаңа серпін берді. Құжатта «масс-медиа» ұғымы кеңейтіліп, дәстүрлі БАҚ-пен қатар интернет-ресурстар да қамтылды. Сонымен қатар журналистердің құқығын қорғауды күшейтетін арнайы мәртебе енгізілді. БАҚ сұратуларын қарау мерзімі 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылып, бұл журналистерге қажетті ақпаратты мүмкіндігінше тез алуға мүмкіндік берді.

Заманауи Қазақстандағы сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық кепілдіктерін анықтайтын негізгі құжат – 2026 жылғы 15 наурызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған және алдағы күндері күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Халықтық Конституциясы.

Жаңа Конституция мемлекеттілікті одан әрі дамытуда және Әділ, Қауіпсіз және Заманауи Қазақстанды құруда шешуші қадамға айналды. Ол барлық азаматтың құқығы мен бостандығын, соның ішінде сөз бостандығы мен ғылыми, техникалық және көркем шығармашылықтың кепілдіктерін айтарлықтай нығайтты. Бұл ретте, конституциялық нормалардың жаңа редакциясы сөз бостандығын іске асырудың құқықтық негіздерін нақты анықтайды: ол жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығына, қоғамдық адамгершілікке немесе қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті, аумақтық тұтастықты және конституциялық құрылымның негіздерін бұзуға бағытталған үгіт-насихатқа жол бермеуі тиіс.   Цензураға тыйым салынады.

Қазақстандық медиа цифрлық кезеңге қадам басты 

2026 жылғы мәлімет бойынша елімізде 5 303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 181-і мерзімді басылым, 253-і телеарна, 97-сі радиостанса  болса, 1 457-сі ақпараттық агенттік пен интернет-басылымдар.

Бұл көрсеткіштер отандық медиа нарығының тұрақты дамып келе жатқанын және цифрлық платформалардың ықпалы артып отырғанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекет пен кәсіби қауымдастықтың міндеті – осы әртүрліліктің арасында кликбейт емес, сапалы контент  басым болатындай ету..

Журналистерді қолдау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты

Соңғы жылдары журналистерді әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚ қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы үшінші жыл қатарынан жалғасып келеді. Бағдарлама аясында 2023 жылы – 65, 2024 жылы – 68, ал 2025 жылы 66 БАҚ қызметкері баспаналы болды.

Бағдарламаның ерекшелігі – оның тек журналистерге емес, түсірілім мен хабар тарату процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін операторлар, монтаж режиссерлері және инженерлік-техникалық қызметкерлерді қоса алғанда, саланың басқа да маңызды мамандарына берілуінде. 

Мемлекет басшысы тарапынан негізгі әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, кәсіби мерекеге орай жыл сайынғы марапаттар, гранттар және ҚР Президентінің алғысын табыстау кәсіби қауымдастықтың жетістіктерін дәстүрлі түрде мойындау саналады.

Медиа мамандардың кәсіби дамуына ықпал ететін негізгі салалық марапаттар қатарында «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы мен «Үркер» ұлттық сыйлығы бар. 

«Тұмар» ұлттық сыйлығы жыл сайын телевизия саласындағы үздіктерді анықтап, шығармашылық және техникалық ұжымдарды жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті отандық контент жасауға ынталандырады.

Ал баспа, радио және интернет журналистикасы саласында да «Үркер» ұлттық медиа сыйлығы беріледі.

Бұдан бөлек, Astana Media Week пен Орталық Азия медиафорумы сияқты халықаралық алаңдар тәжірибе алмасуға және саланың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй бағдарламасы және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары масс-медиа қызметкерлерінің мәртебесін нығайтуға, мамандықтың беделін арттыруға және Қазақстанның ақпараттық ортасын сапалы дамыту үшін тұрақты жағдай жасауға бағытталған.

Жауапты журналистика – қоғамдық тұрақтылық кепілі

Ақпарат ағыны күрт көбейген қазіргі кезеңде журналистиканың ағартушылық және түсіндірушілік рөлі бұрынғыдан да маңызды. Сенімді ақпарат азаматтарға күрделі процестерді түсінуге, саналы шешім қабылдауға және жалған ақпараттың ықпалынан қорғануға көмектеседі.

Сондықтан кәсіби журналистика фактілердің дәлдігіне, тексерілген дереккөздерге және жоғары этикалық стандарттарға сүйенуі тиіс. Ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығы мен қоғамдағы сенім деңгейі журналистердің жауапкершілігіне де тікелей байланысты.

Кемелді және жауапты журналистика, ең алдымен, фактілерді сөзсіз құрметтеуге, тексерілген дереккөздерге сүйенуге және елдің ұлттық мүддесін қорғауға негізделген. «Заң және тәртіп» қағидатының негізгі қағидаттарын бұлжытпай орындау отандық медиа қауымдастығының әрбір өкілі үшін басты кәсіби және этикалық бағдарға айналуы тиіс.

Мемлекет өз кезегінде медианың дамуына жағдай жасайды, бірақ ақпараттық ортаның тұрақтылығы журналистердің өздеріне және олардың жоғары кәсіби стандарттарды ұстануға деген дайындығына тікелей байланысты.

Түптеп келгенде, мемлекет те, журналистер де Әділ, Қауіпсіз және Заманауи Қазақстан құрудың ортақ мақсатына қол жеткізу үшін еңбек етеді.  

Бүгінде қазақстандық журналистер мемлекетпен қатар ұлттық бірлікті сақтау, Қазақстанның заманауи, егеменді және әділ мемлекет ретіндегі бет-бейнесін таныту және ілгерілету үшін айрықша жауапкершілік алады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары