Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Бекзат пен Асу айқасады

Бекзат пен Асу айқасады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

22 қарашада Қатардың бас шаһары Дохада UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Сол кеште аса жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топуриямен айқасады.

Топуриялар әулетінен екі бір­дей мықты спортшы шық­қан­нын жан­күйерлер жақсы біледі. Мәселен, Александрдың туған інісі Илья аралас жекпе-жекті серік еткелі 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 15 бәсекеде айқын ба­сымдық танытты. Былтыр 17 ақ­пан­­да ол аустралиялық Александр Вол­кановскиді ұрып жығып, жарты­лай орта салмақтың чемпиондық белбеуін иеленді. Қазан айында америка­­лық Макс Холлоуэйді есінен тандырып, ­өз атағын қорғады. Ал биыл не­бәрі ­жарты минут аралы­ғында бра­зилиялық ­­Чарльз Оливей­ра­ның осал тұсын оңай ­тауып, жеңіл сал­мақ­тың чемпионы атан­ды. Гер­ма­ния­да туып-өсіп, Испания­ның туы ас­тында өнер көрсетіп жүр­ген 28 жас­тағы грузин жігіті бүгінде UFC-дің Р4Р (pound-for-pound) нұс­қасында теңдессіз деп таныл­ды.

Міне, осы Ильяның ағасы Алек­сандр Топурия біздің Бекзат Ал­ма­ханға қарсылас. 29 жастағы файтер грек-рим күресі, бразилиялық джиу-джитсу, бокс және кикбокс­ты жетік меңгерген. Аралас жекпе-жектен өтетін жарыстарға да ара-тұра ғана қатысып тұрады. Осы күн­ге дейін ол жеті рет октагонға шы­ғып, алты рет жеңіске жетті. Бес бәсе­кені мерзімінен бұрын аяқтады. Алек­сандр кездесулерінің басым бө­лігін Испанияда өткізіп, Андреас Чигуано, Алехандро Румин, Лукас Тенорио, Альберто Ибанез және Йоханн Сегасқа сан соқтырды. Осыдан 10 жыл бұрын ол болгариялық Иво Ивановтан ұтылды.

Биыл Александр Топурия UFC-мен келісімшартқа отырып, Аустра­лияның Сидней қаласында ұйым­дастырылған алғашқы кездесуін­де жергілікті спортшы Колби Тикнеспен күш сынас­ты. Бұл бәсеке грузиялық файтердің жеңісімен аяқталды.

Бекзат жайында айтар болсақ, оның жасы 27-де. Жамбыл облысы Байзақ ауданының тумасы. Шердогі – 14 жекпе-жек, 12 жеңіс. «Тұран әскері» деген бүркеншік есімді таңдаған қандасымыз 10 қарсыласын нокаутпен, бір рет «сабмишн» тәсілімен жеңді. Былтыр UFC-дегі тұсаукесер кездесуін Алмахан даңқы жер жарған Хабиб Нұрмағамедовтің інісі Умарға қарсы өткізді. Бәсеке барысында оны нокдаунға да жіберді. Бірақ ақырында ұпай санымен ұтылды. Есесіне Бекзат биыл мамырда Канаданың Монреаль қаласында өткен айқаста Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі Брэд Катонаны кескен теректей сұлатып салды. Қазақтың қайсар ұлына осындай жарқын жеңіске қол жеткізу үшін небәрі 1 минут 4 секунд жеткілікті болды.

Парсы шығанағында жалауы желбірейтін жарыста Бекзат бауыры­мызға сәттілік тілейміз. Александр Топурияны жеңуге оның күш-жігері жететініне сенімдіміз. Қандасымыз нокаутпен ұтып жатса, оған да таңданбаймыз. Сондай-ақ дәл сол турнирде қазақтың тағы бір тегеурінді спортшысы Асу Алмабаев та өнер көрсетеді. Сол кеште «Зұлпықар» аме­ри­калық Алекс Переспен айқасады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары