Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Беретініңді бермесең...

Беретініңді бермесең...

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Таңсықбай оған сүзетін сиырдай алакөздене қарады. 

– Бюрократия да бізде демейсің бе? Қайдағыны көкіп, сен де бір «көрмес, түйені де көрмес» көзі ашық, көңілі соқыр меңіреу екенсің! – деді Көпірбай көбікауызданып.

– Жо-жоқ, қателесесің! Дамыған отыз елдің қатарына әлдеқашан жетіп алдық. Енді зымырандай зуылдап біразын басып озуға айналдық. Жерұйық іздеп әуре болмайсың, – деп Таңсықбай тағы да өзеурей бастап еді, Көпірбай оның кеңірдегінен ала түсті. 

– Осы біз несіне алаөкпе болып айтысып жатырмыз? Ел тыныш, қарын тоқ, уайым жоқ, – деді Таң­сықбай тағы да айтқанынан қайтпай.

– Онда асықпа! Күте тұр, – деп Көпірбай үйіне қайтты. Арада біраз күн өткенде Таңсықбай көршісіне келді.

– Ау, Көпірбай көке! Бір шаруа 

бар, – деді ағасына еркелеп.

– Шаруаң болса, айт!

– Біраздан бері оң бүйрегім шан­шып, маза бермей жүр. Ауруханаға барып көрінсем деймін.

– Соны да менен сұрайсың ба? Бар, көріне бер, – деді Көпірбай.

– Сіздің осындайда жөн білетініңіз бар еді ғой. Бірге барайық, – деп қиылды Таңсықбай.

Көпірбай көршісінің көңілін қимады. Екеулеп бірін-бірі жетелеп жолға шықты. Таңсықбайдың оң бүйрегінде тас бар болып шықты. Барлық анализін алып болған соң, оған ота жасау керектігін ескертті. Бірақ портал дей ме, тарт та ал дей ме, кезек­ке тұру керек екен. Онысы қашан келе­тінін ешкім біліп болмайды. Күндердің бір күні кезегі де келді-ау, әйтеуір. Бірақ оташы жігіт алакөздене қарады.

– Беретініңді бермесең, ота жаса­майды. Жасаған күнде жүрдім-бардым жасап, кемтар етіп қояды. Алақанына бірдеңе қыстырып жібер, – деп пала­талас көршісі ақыл қосты. Таңсықбай балаларынан теңге алдырып, хирург жігіттің халатына сүңгітіп жібергені сол, науқасты ота жасайтын бөлмеге ала жөнелді. Шүкір, Таңсықбай отадан соң оңалып қалды. Бірақ осында жатып, біраз күн ем-дом алуы керек екен. Алғашқы күндері системаларын жап-жақсы салып жүр еді, соңы сұйы­лып кетті.

– Көке! Қараушы дәрігердің қал­тасына бірдеңе сүңгітпесеңіз, керексіз системалармен діңкеңізді құртады. Одан да әрекетке көшіңіз. Ағзаңызды тез сауықтыратын дәру­мендерді салса, ширап қаласыз, – деп тағы бір көршісі құлағына сыбырлады.

– Сүңгітті. Сол күні-ақ жалына жүн бітті. Баяғыдан бері құр сылдыр суды салдыра бермей, осындай әрекет етпегеніне күйінді. Балалары келіп, әкелерінің оңалып қалғанына сүйінді.

– Таңсықбай ауруханадан тыңайып шықты. Диланып шыққаны бар болсын, үйде оны таудай тірлік тосып тұр екен. Диплом алып келген баласы жұмыс таппай зыр қағып жүр. Талай емен есіктерді тоздырыпты. Біреуі есігінен сығалатпаған. Не істеу керек? Ол Көпірбайдан кеңес алуға барды.

– Ым-м, балам диплом алды де. Құтты-ақ болсын! Енді не тұрыс? – деді Көпірбай.

– Қолында табақтай қызыл дип­ломы бар. Бір адам келе ғой деп ықылас танытпапты. Бұл не сұмдық? – деп Таңсықбай тепсінді.

– Беретініңді бермесең, балаң жұ­мысқа тұра алмайды. Осыған да оқу керек пе? – деп Көпірбай көкке қа­рады.Таңсықбай ауладағы шөпке қарады. Қаланың шет аудандарының бірінде тұратын олар қораларында мал ұстаушы еді. Ол өз ауласындағы бордақыда тұрған екі жылқыны ойлады. Осы екі семіз жылқының ақшасы жемқор бастықтың жұмырына жұқ болмайды-ау деп қиналды. Расында, астыртын сұрау салудың ба­рысында білгенін­дей, жұмысқа тұру де­генің қиямет көрінеді.

– Көке! Мен мына дипломмен шетелге барсам, құшақ жая қарсы алады. Жайлы қоныс, жақсы жұмыс береді. Мен шетелге кетемін! – деп Алпамыс алқынды.

– Біз сені шетелге кетсін деп оқыттық па? О, несі-ей? Осында да жұмыс дегенің жеткілікті емес пе?

– Жеткілікті болса мен неге текке сандалып жүрмін? Таң­сықбайдың баласынан ұтылған жері осы болды. Ләм-мим деп тіл қата алмады. Алпамыс алты күннен кейін арқаланып, шетелге кетті. Арада апта өтпей қуаныш­ты хабар келді. Үлкен бір меке­меге үлкен бір қызметке тұ­рыпты. «Жақсылап орналасып алайын. Сосын шешем екеуіңіз маған қыдырып келесіздер. Мы­науский қала. Армансыз аралайсыз­дар», – дейді телефонның оймақтай көзінен шаттана күліп қарап.

«Е, баланың арқасында шетелді де көретін болдық» деп Таңсықбай миығынан күліп қойды. Таңсықбайдың үлкен баласының шетел асып, тамаша жұмысқа тұрғаны туралы хабар бүкіл қалаға тарады. Таңсықбай көшеде талтаңдап жүре алмай қалды. Көшеде келе жатқанның барлығы қос қолын ала жүгіріп, құттықтап жатқаны. Мұндайда ол кәдімгідей қалбалақтап қалады. Бірде оны анау-мынау емес, қала әкімінің өзі келіп құттықтады. Өткенде баласы қызмет сұрап барғанда, қуып шыққан қағынғанның өзі. «Құтты болсын!» дейді ұялмай. «Біздің қаланың баласы шетелді мойындатып жатса, бұл біз үшін де үлкен мерей» деп қоятынын қайтерсің! Е, мейлі дә, келгенінің, сәлем бергенінің өзі неге тұрады? Қай кісіге әкімнің өзі келіп құттықтап жатыр? Осындай шат-шадыман күндерінің бірінде Таңсық­байдың асып-тасыған көңілі су сеп­кендей басылды. Оның екінші баласы Қобыланды қағынып арақ ішіп қызған дей ме, соның екпінімен біреудің тұмсығын бұзған дей ме, уақытша тергеу абақтысына түсіпті. Басқалар­дың айтуынша, сол төбелесте Қобы­ландының да басы ісіпті. Таңсықбай тоқтамай қалалық ішкі істер басқар­масының бастығына келді. Полковник оған пандана қарады.

– Баланы осындай етіп те тәр­биелейді ме екен? Балаңыз ­– хулиган. Есірткіге де әуестігі бар сияқты. Біз мұны әлі тексереміз, – деп алдында отырған қартты қатты шошытты. Таңсықбай бастықтың алдынан жер болып шықты. Сол шыққан бойы көршісі Көпірбайға келді. 

– Келетініңізді біліп едім, – деді Көпірбай көріпкелдігі ұстап.

– Білсең, ана баланы қалай құтқа­рып қаламыз? Айтшы.

– Оның не айтары бар? Беретініңді бермесең, балаң түрмеде шіриді, – деді көршісі.

– Таңсықбай талып қала жаздады. Тентіреп кетті. Ағайын-туыстан, жек­жаттардан жылу жинады. Шетелдегі бала да тапқанын жіберді. Полковник бұл жолы жылы қарсы алды. Хатшы­сына шай алдыртып, үлкенге ізет көр­сетудің үлгісін танытты. Екеуі бұрын­нан таныс-білістей емен-жарқын шай ішіп отырды. Артында Қобыландысы қоразданып абақтыдан шықты. Үйге келген соң Қобыланды әкесіне қатты ашуланды.

– Көке! Соншама ақшаны бере салғаныңыз не? Мені онсыз да шығар­ғалы отырған еді ғой.

– Қалай?

– Солай! Кешегі төбелесте ана оңбағанның тұмсығын бұзған мен емес, қала әкімінің баласы болатын. Ол мұны өзі де мойындап отырды. Қала басшысының ықпалымен екеумізді де шығарғалы отырғанда босқа шығын­даныпсыз.

– Қап!

Таңсықбайдың іші удай ашыды. Осы кезде қайдан келгені белгісіз, көршісі Көпірбай келе қалмасы бар ма? Ол Қобыландының құрықтан босап шыққанына құтты болсын айтты. 

– Өткенде зайырлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз деп бөркіңізді аспанға лақтырып едіңіз. Демократияның дәмін татып жатқан шығарсыз, – деді тіліне тікен шыққыр Көпірбай.

Таңсықбай «Беретінімді беріп, мұның да аузын жаппасам, болған жайтты жұртқа жайып масқарамды шығарар» деп ойлап тұрды.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeБұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
seeКөрілімдер:31
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 05:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see154

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see153

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see152

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see150

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see149

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see148

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see141

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see135

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see132

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see132

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see132

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see129

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see126

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see126

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see125

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see123

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see122

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see120

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see120

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары