Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Биыл өңірлерде ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі Тоқаев

Биыл өңірлерде ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі Тоқаев

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті. 

– Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі. Бәріңізге құтты болсын деймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Күшті Қазақстанды құру ісіне орасан зор үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты.

– Сіздер қоғамда «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыруға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын кеңінен дәріптеуге белсене атсалысып келесіздер. Сол арқылы халқымыздың болмыс-бітімін және санасын жаңғыртуға зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Алдағы уақытта да ақпарат саласының мамандары ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін. Мен бүгін Қазақстан Республикасының журналистикасы мен телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін медиа саласының үздік мамандарына жоғары мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Марапатталған азаматтардың арасында саналы ғұмырын ақпарат саласына арнаған ардагер қызметкерлер де бар. Осы тұста ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 106 жасқа келген ардақты тұлғаны халқымыз айрықша құрметтейді. Сондықтан мен Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ қазір ортамызда отандық медианың мәртебесін арттырып жүрген тәжірибелі азаматтар отыр. Олардың қатарында Ертай Ашықбаев, Татьяна Корецкая, Қайрат Мұсақұлов, Қымбат Досжан сынды танымал журналистер бар. Тілшілердің жас буыны сіздерге қарап бой түзейді, – деді Мемлекет басшысы. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see152

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see150

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see143

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see127

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see126

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see123

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see122

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see120

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see119

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see119

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see119

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see118

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see118

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see116

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see116

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see116

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see116

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see116

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see115

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары