БҚО аумағында дрон жарылды
Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Батыс Қазақстан облысының аумағында белгісіз дрон жарылды. Оқиға бүгін таңертең Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылына жақын жерде болды, деп хабарлайды Орал апталығы.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан ауылдағы үйдің шатырлары ұшып кете жаздаған. Дрон әскери зарядпен жабдықталған, жер бетінде пайда болған шұңқыр оның жоғары қуаттағы жарылыс болғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда оқиға орнында аудан әкімдігі, ТЖД және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери прокуратура іс қозғады.
Естеріңізге сала кетейік, БҚО аумағында бұған дейін бірнеше рет ұшқышсыз аппараттар құлаған жағдай тіркелген. Сондай-ақ, бүгін таңертең көршілес Орынбор облысында ұшқышсыз аппарат қаупі туралы да ескерту жарияланған.
Бүгін, 13:11


