Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"2025 жылдың 16 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған,Теміртау, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК-ның хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада , әсіресе жол бойы немесе басқа ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқартуға кеңес беріледі. Сонымен қатар, созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға сыртта болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүру ұсынылады.
Бұған дейін синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қараша 2025 09:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















