Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Лондондағы Мисс Кәусар

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Бұқтырма бойы иен орман

Бұқтырма бойы иен орман

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ертісті бойлай Төр Алтайға қарай ұшып барамыз. Орман мен жануарларға қорған болып жүрген инспекторларға ілесіп шыққан бетіміз. Күз басталғаннан бері олар әуе рейдін күшейткен. Заң қатал болса да, аң аулап, орман отаған қаскөйлер қолдарын тартар емес. Әсіресе бейберекет балық аулайтындар көп. Етектей жайылған Ертістен көтерілген тұман күнді көлегейлеп, маңайды тұмшалап тұр. Бұған таң-тамаша болып отырғанымыз бергі жағы екен. Сонау түкпірден бастау алған Бұқтырманы өрлей тау арасына енгенде, тікұшақ терезесінен тіпті көз ала алмай қалдық.

Суреттерді түсірген – автор

Табиғат жанашырлары орманды, далалы жердегі қыбыр еткен тіршілікті қалт жібермейді. Біз болсақ, қай тұстан ұшып бара жатқанымызды қалта телефондағы картаға қарап, бағдарлап отырмыз. Қар басқан дала, асқар шың, меңіреу орман... Бәрін-бәрін артқа тастап ұшып келеміз. Алтай ауданына тиесілі орманшылықтың аумағын алты айнала ұштық. Табиғаттың көркемдігі Катонқарағай мен Риддерде ғана деп жүрсек, бізге беймәлім мынау тұтасқан таулар Алтай ауданы аумағында жатқан көрінеді. Аң жортып, құс қонған кейбір тау қойнауларынан қос-қос қабат үйлер қарауытады. Қаланың қарбаласынан тынығатын дөкейлердің үйі болса керек деп топшыладық та қойдық іштей. 

Алтай қаласын басып, бел-белестен асып-тасып ағар Бұқтырма бойына қайта түстік. Өзеннің жиегіне мұз қатып үлгерген. Қос қаптал тұтаса өскен жап-жасыл шырша. Бал балалық шақтағы жаңа жыл қарсаңын елестетеді. Ол заманда үлкендер еш алаңсыз орманнан енді-енді бой тіктеп келе жатқан шыршаны қиып алып келіп, төрімізге қойып қояр еді ғой. Біз оған ойыншық іліп мәз болушы едік. Алағай-бұлағай заман, заң жоқ кез. Қазір ғой, шыршаны қойып, шыбық сындырсаң, айыппұл арқалап кетуің мүмкін. Төменде сызылып Бұқтырма ағып жатыр. Көктемде буырқана таситын Бұқтырма жуасыған. Үңіле қарасаң, түбі көрінеді. Мөп-мөлдір. Дәмі тіл үйіретін хариус балығы осы өзенді мекен етеді. Қызыл кітапқа енген күмжі дей-тұғын балық та осы суда бар. Күмжі деп қазақшалап отырғаным, қызыл қанатты кәдімгі ұзындығы құлаштай қызыл балық. Өткен жолғы рейдте Коробиха ауылының тұрғыны дәл сондай балықтың үшеуін аулап, қолға түскені бар. Айдың күннің аманында құқық қорғаушылар 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салып берген. Оның үстіне, табиғатқа келтірілген залал сомасы бар.

Төңірегін тау қоршап, жасыл шыршасы жайқалған ауылға жапа-тармағай қарастық. Қай ауыл деп ымдастық. Тікұшақтың дүрілінен бір-біріміздің дауысымызды есту мұң еді. Орман шаруашылығының инспекторы картасына бір қарады да, бізге ұсынды. Сенное деп тұр. Күні кеше ғана Катонқарағайдан бөлініп шыққан Үлкен Нарын ауданына қарасты ауыл. Катонның Коробихасына ұқсас екен. Орын тепкен жеріне дейін айнымайды. Түкпірде дегені болмаса, туристік орынға айналдырып-ақ жіберуге болар еді. Сөйткенше болмады, жер бауырлай ұшқан тікұшақ Коробиханың тұсына таяған. Мұзы жиегіне қабыршықтана қатқан өзеннің бойында шоқиып-шоқиып балықшылар отыр. Осы өңірдің ой-қырын бес саусағындай білетін ардагер орманшы Ерен Жұмағұловпен бір әңгімелескенімізде, Бұқтырмада аулауға үш жылға тыйым салу керек деп еді. Әйтпесе, балық түгілі бақа құрып кетуі мүмкін деп алаңдаған. Рас. Балықтан балықшы көп. Еріккеннің бәрі су жағалап, қармақ тастайды. Бұрынырақта деседі, Бұқтырмадан нәлім деген мұртты балық та болыпты. Ашкөздене аулағаннан ба, мұртты балықты да құртты. Ендігі қалғаны азын-аулақ хариус пен қызыл ғана. Ардагердің айтқан сөзінде жан бар. Басқа-басқа, дәл осы Бұқтырмада балық аулауға шектеу енгізу керек.

Коробиха, Барлық ауылдарын басып өте бергенімізде, маңдайымыздан жарқ етіп, Бүркіт шыңы көрінді. Алтай тау сілемдеріндегі Мұзтаудан кейінгі биік шың осы, Бүркіт. Ұшар басында бүркіт ұя салса керек, Бүркіт шыңы аталып кеткен. Биіктігі теңіз деңгейінен 3373 метр. Альпинистердің айтуынша, Мұзтаудан аласа болғанымен, мінезді шың. Жаздың бел ортасы жалтырап жатқан шағылдармен ұшар басына жету мүмкін емес-ті. Сол үшін де шыңға өрмелейтіндер мамыр айында ғана Бүркітке беттейді.

Сол қапталдан қоршау ішінен бұғы-марал қарауытты. Қоршауды жағалай ірілеу із жатыр. Тегі қасқыр болса керек. Бұл қожалықтың иесі қайбір жылы маралға қар барысы шапқанын да айтқан. Мынау жапанда барыстың жүруі әбден мүмкін. Оны Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері фотоға түсіріп сан мәрте дәлелдеді де. Бұқтырма бойынан жалғыз қызыл түлкіден басқа жорт­қан аң, жорғалаған тышқан көрме­дік. Алтай алты ай ұйқыға кетті. Тау қой­науындағы ауылдарға қарап, іштей сүйсіндік. Отын-шөбін түсіріп, төрт түліктерін қораға тоғытқан. Мұнда жазықтағыдай жыл он екі ай жайылым жоқ. Сол үшін де, шекара шебінде тұрақтап, қоңыр тіршілік кешіп жатқан халық нағыз батырлар деп қайталай береміз.

Бұқтырма бойын аралап, кері қайттық. Жолай Катонқарағай әуе­жайына аялдап, жанар майын еселеген. Жерден көтеріле бере Өрнек ауылына қонып, тағы бір инспекторды мінгіздік. Өткенде өзеннен тыйым салынған балық түрін аулаған азаматты құрықтаған инспектор екен. Осы ауылдың тұсында ғой, халықаралық әуежайдың құрылысы жүріп жатқаны. Ерсілі-қарсылы ағылған техникада дамыл жоқ. Соған қарағанда құрылыс уақтылы аяқталатын сияқты. Кезінде ұшақты қойып, автобус бұрылмайтын Өрнек ауылына үлкен әуе кемелері қонып жататынына ел дән риза. Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесінде ғой, Өрнекті автобус бұрылмайтын малшылардың ауы­лы деп суреттегені. Жазушының сол кездегі астарлы арманы бүгін орындалды. Өрнек те өркендейді, өлке де өркендейді.

Сызып ұшып Өскеменге бет алып барамыз. Қысқа күнде жетіп үлгермесек, бұл жақтың күні ерте бата­ды, тым ерте. Сау бол айтысып, тарқа­сып жатқанымызда инспекторлар әуе рейді әлі де жалғасатынын айтты. Демек тығылып барып аң аулаймыз дейтін азаматтарға абай болған жөн. Таби­ғаттың тәртібі, қатал заңы бар.

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай, Катонқарағай аудандары

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see117

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see113

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see112

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see110

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see108

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see108

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see107

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see107

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see106

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see106

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see105

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see104

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see104

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see103

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see103

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see103

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары