Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Цифрлық егемендікке бастар жол: ресурстар, инфрақұрылым және адами капитал

Цифрлық егемендікке бастар жол: ресурстар, инфрақұрылым және адами капитал

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Эксперттің айтуынша, жасанды интеллектіні дамыту дегеніміз үш негізгі құрамнан тұратын көпқабатты міндет. Біріншісі, Grok, Gemini, ChatGPT сияқты интеллектуалдық кеңістікті қалыптастырып жатқан алгоритмдер. Екіншісі, есептеу қуаттылығы. Бұл салада АҚШ пен Қытай сөзсіз көшбасшы саналады. Бүкіл экожүйенің инфрақұрылымдық өзегі болып табылатын арнайы чиптермен жұмыс істейтін деректер орталықтарысыз ешқандай ЖИ жұмыс жасай алмайды. Үшінші, критикалық материалдар. Чип өндіру де, деректер орталықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін энергетика да осы материалдарға тәуелді.

— Бүгінде жаһандық бәсеке дәл осы екі ресурс — есептеу қуаты мен материалдар төңірегінде өрбіп жатыр. Қазақстан да бұл бағытта нақты қадамдар жасап келеді. Атап айтқанда, шетелдік серіктестермен бірлесіп чип өндірісін жолға қою, ел аумағында жаңа деректер орталықтарын дамыту, суперкомпьютерлерді іске қосу — мұның барлығы цифрлық егемендіктің стратегиялық негізіне айналатын бастамалар. Есептеу қуаттары үшін күрес алдағы жылдардағы ең үлкен сынақ болады. АҚШ пен Қытай бір-бірімен тоғыспайтын екі параллель, «технологиялық ғалам» қалыптастырып отыр. Уақыт өте келе олардың ішкі ресурстары жаһандық қажеттілікті толық қамтуға жетпей қалуы мүмкін. Сол кезде сыртқы қуаттар үшін, осы экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын елдер үшін бәсеке басталады, — дейді Мирас Жиенбаев.

Фото: Kazinform

Оның айтуынша, бұндай жағдай Қазақстанға үлкен мүмкіндік береді. Еліміз жаһандық ЖИ инфрақұрылымының маңызды серіктесіне айнала алады. Мәселен, деректер орталықтарын дамыту, тұрақты энергетика ұсыну және критикалық материалдарға қолжетімділік беру арқылы. Егер бұрын экономикалық серпінге мұнай түрткі болса, бүгінде дәл сондай рөлді сирек жер металдары атқара алады.

— Еуропалық Одақ осы бағыттағы әлеуетті мойындап, Қарағанды облысындағы «Жаңа Қазақстан» кен орнын жаһандық басымдықтар тізіміне енгізіп, оның игерілуін қаржыландыруға дайын екенін білдірді. Бұл дегеніміз Қазақстанның жаңа әлемдік сауда және цифрлық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлін мойындау. АҚШ экономикасы үшін аса маңызды 50 ресурс анықталса, ЕО — 40 ресурсты белгілеген. Қазақстан солардың ішінде Америка тізіміндегі 22 ресурсқа, Еуропа тізіміндегі 21 ресурсқа ие. Барлық кен орындары зерттелген, көлемдері белгілі. Егер «Жаңа Қазақстан» бойынша деректер расталса, Қазақстан сирек жер металдарының қоры жағынан әлемнің алғашқы ондығына, тіпті бестігіне енуі мүмкін. Бүгінде бізде бұл ресурстарды тек экспорттық артықшылық ретінде емес, орнықты экономикалық өсімнің іргетасы ретінде пайдалану мүмкіндігі бар, — дейді сарапшы.

Мирас Жиенбаевтың пікірінше, Орталық Азия елдерінің мүмкіндігі, инфрақұрылымы мен технологиялық әлеуеті әртүрлі. Соған қарамастан өңірде сирек жер элементтері жөніндегі ортақ институт құру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентте ұсынған бастамасы аймақтық үйлестіруді күшейтетін, сыртқы бәсекеден қорғайтын тиімді қадам. Мұндай формат ақпарат алмасуға, ортақ стандарттар қалыптастыруға және өңірдің мүддесін жаһандық деңгейде бірге ілгерілетуге жол ашады.

Фото: Синьхуа

Сонымен қатар кадр даярлау мәселесі де бөлек маңызды бағыт. Сарапшы Қазақстан формалды түрде постиндустриялық еңбек нарығына өтіп, қызмет көрсету, цифрландыру және нарықтық тетіктерді дамытып жатыр. Алайда жаңа экономикалық жағдайға бейімделе алмай жүрген халықтың бір бөлігі бар. Жұмыс орындары жеткілікті, олардың көпшілігі жоғары жалақылы болса да, білікті кадр тапшылығы барған сайын айқын сезіліп келеді.

— Экономика алға озып кетті, ал адами капитал кейде оған ілесе алмай жатады. Университеттердің ағылшын тіліне көшуі өте прагматикалық шешім. Шын мәнінде, ескірген материалдарға қарағанда, әлемдік үздік оқулықтармен оқыған әлдеқайда дұрыс. Шетелдік университеттердің кампустарын, филиалдарын, зерттеу орталықтарын ел аумағында құру — зияткерлік өсім нүктелерін қалыптастыруға бағытталған бастама. Ел ішінде мұндай мүмкіндіктер көбейген сайын адами капиталды дамыту да тиімді бола түседі. Университеттерді дамыту қоғамның кең топтары үшін мүмкіндіктер коридорын кеңейту. Бұл жаһандық бәсекеге дайын, икемді, кәсіпкерлік ойлауы бар жаңа буынды қалыптастыру. Басты міндет — білім беру жүйесін орнықты даму мен әлеуметтік мобильділіктің тірегіне айналдыру, — деп қорытындылады Мирас Жиенбаев.

Бұған дейін Қазақстанның қай өңірлерінен сирек металдар табылғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар сирек металдарды өңдеуде алпауыт елдермен келісім жасалды.

Ұлттық суперкомпьютерді іске қосу технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді және Қазақстанды цифрландырудың негізгі қадамына айналады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 02:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары