Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

Заңғар Нұрланұлы туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

Дәрігерлерді қорғауға қатысты заң бірінші оқылымда мақұлданды

Дәрігерлерді қорғауға қатысты заң бірінші оқылымда мақұлданды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Онда депутаттар денсаулық сақтау қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны күшейтуге бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылымда Құрылыс кодексі мен «ҚР банктері және банк қызметі туралы» заңдар ілеспе түзетулерімен қабылданды.

Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес, депутаттар әзірлеген Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы аясында Қылмыстық кодекске медицина мамандарына немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне қызмет міндетін орындау кезінде күш көрсеткені, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктейтін жаңа бап енгізіледі.

Жұмыс тобының жетекшісі Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша, соңғы бес жылда 280 шабуыл тіркелгенін хабарлады. Осы­ған байланысты Мемлекет басшысы мұндай әрекеттер үшін жазаны қатаңдатуды бірнеше рет тапсырғанын еске салды.

– Жобада қандай шешімдер қарастырылады? Қылмыстық кодекске «медицина қызметкері» және «жедел медициналық жәрдем жүргізушісі» деген арнайы субъектіні белгілейтін жаңа бап енгіземіз. Қазіргі таңда егер орманшыға шабуыл жасалса, қылмыскер арнайы баппен қатаң жазаланады. Ал адамның өмірін арашалап жатқан реани­матолог-дәрігерге шабуыл жасалса, бұл жай ғана бұзақылық сияқты жалпы негізде тергеледі. Бұл әділ ме? Жауапкершілік өте төмен. Бұзақы кішігірім айыппұл төлеп, жайбарақат жүре береді. Бұл орайда, бір сұрақ туындайды. Сонда мемлекет үшін дәрігердің өмірі мен пациенттердің денсаулығының маңызы осынша төмен бе? – деді А.Аймағамбетов.

Түзетулер аясында адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы ұсынылады. Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтіледі. 

Ал адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру жазасы беріледі. Сонымен қатар жоба аясында Қылмыстық-процестік кодексте ішкі істер органдарының осы санат­тағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу құзыреті нақтыланады.

Талқылау барысында депутат Олжас Нұралдинов денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарсы агрессияның көбейгенін ескере отырып, оларды қорғаудың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамада кез келген бұзақылық, қорлау немесе төбелеске қатысты жазалар бар екеніне тоқталды. 

– Жақындарының өміріне қатер төнген кезде адам эмоционалды күйзеліске ұшырауы мүмкін, бұл заң бойынша жеңілдететін мән-жай болып саналады. Осыған байланысты менің сұрағым бар. Мұндай жағдай­лар, әсіресе нақты мән-жайды анық­тау қиын болса, қалай жіктеледі? Бұл дәрігер әрқашан дұрыс және оларға дөрекілік танытқан адам қылмыскер болып саналады дегенді білдіре ме? Онда кінәсіздік презу­мп­циясы туралы не айтуға болады? – деді депутат.

Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қылмыстық жауапкер­шілік тек медицина қызметкеріне кәсіби қызметіне байланысты қасақана шабуыл жасалғаны дәлел­денген жағдайда ғана қолданыла­тынын түсіндірді. Оның айтуынша, істің толық мән-жайы, соның ішінде оқиғаға қатысты адамдардың ниеті, мақсаты және эмоционалды жағдайы ескеріледі, ал кінәсіздік презум­п­циясы күшінде қалады.

Депутаттар сондай-ақ медицина қызметкерлері мен пациенттердің құқын қорғауға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықтың көбеюінің кадрлардың ауысуына әсері, қылмыстық жауапкер­шілікті арттыру қажеттілігі, медицина қызметкерлерін эмоцио­нал­ды зорлық-зомбылықтан қорғау, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көңіл бөлуді реттеу және басқа да мәселелерге тоқталды. Ұсынылған түзетулердің құқықтық аспектісі депутаттар арасында ерекше пікір­талас тудырды. Жұмыс тобы екінші оқылымға дейін осы мәселелердің барлығын қарастырады.

Сонымен қатар Мәжіліс Құрылыс кодексін және оған сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Жұмыс тобының жетекшісі Мұрат Әбенов құжаттардың жаңа ережелерімен таныстырды. Депутат бұл құжаттың қауіпсіз әрі жайлы ортаны қамтама­сыз ету, құрылысқа қатысушылардың жауапкершілігін арттыру, қала құрылысы құжаттамасын талқылауға қоғамды тарту және сейсмикалық аймақтардағы құрылыстың ерекше­ліктерін ескеру арқылы құрылыс саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Депутаттар қала құрылысы сая­сатын және құрылыс саласын дамы­туға бағытталған бірқатар түзету енгізді. Негізгі шараларға бірыңғай саясатты үйлестіру үшін қала құрылысы кеңестерін құру, бас жос­парды жоспарлау мен іске асы­руды бақылаудағы мәслихаттардың рөлін күшейту, сондай-ақ қала құры­лысы жобаларын қоғамдық талқылауды реттеу кіреді. Депутаттар  елді мекендердің бас жоспарларын және аумақтық жоспарлау схема­ларын әзірлеу мерзімдерін белгілеп, сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс салуға қойы­латын талап­тарды күшейтуді және табиғи қауіптер карталарын міндетті пайдалануды ұсынды.

«Толық аяқталған» құрылыс үшін «Техникалық тапсырыс беруші» институты енгізілді. Инженерлік зерттеулерсіз және барлық қала құрылысы мен құрылыс процесін цифрландырусыз жобалау құжат­тамасын дайындауға, ақпараттық жүйелерді біріктіруге және ақ­параттық модельдеу технологияларын пайдалануға тыйым салынды. Түзетулерде нысандарды жоспарлы тексеру, Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының және өрт қауіпсіз­дігі органдарының нысанды қабыл­дауға қатысуы, нысанның кепілдік мерзімін жүк көтергіш құрылымдар үшін он жылға және жалпы нысан үшін бес жылға дейін арттыру және басқалары қарастырылған.

Ілеспе түзетулерге депутаттар әлеуметтік нысандарды, сондай-ақ тұрғын үй қорын жаңарту үшін апаттық жағдайдағы және тозығы жеткен құрылыс нысандарын жөндеуге қатысты нормалар енгізді.

Құрылыс кодексін талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс Төра­ғасы Ерлан Қошанов депутаттар, Үкімет, сарапшылар, урбанистер мен құрылыс компаниялары екі жылға жуық уақыт Құрылыс ко­дексінің жобасын әзірлеумен айна­лысқанын атап өтті. Ол осы заңды әзірлеуге атсалысып, ауқымды жұ­мысқа үлес қосқан азаматтардың барлығына алғыс білдірді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң мен оның қаржы нарығын реттеу мен дамытуға қатысты ілеспе түзе­тулері екінші оқылымда  қабылданды. Президент Жолдауларындағы тапсырмаларды орындау мақсатымен әзірленген құжаттар банк жүйесінің тұрақтылығын және бәсекеге қабілет­тілігін арттыруға, тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтуге, ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. 

Жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Савельеваның айтуынша, түзетулердің жеке жиынтығы азамат­тарды несие алаяқтығынан қорғауды күшейтуге және қашықтан несие беру рәсімдерінің ашықтығын арттыруға негізделген. Мысалы, бастапқы несие алу кезіндегі биометрия, сондай-ақ банктердің электронды цифрлық қолтаңбаны жасауы мен беруі тек клиенттің жеке қатысуы арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаларға бір сағат ішінде бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымы­нан бірнеше несие алуға тыйым салынады.

Жеке тұлғалардың қарыз ауырт­палығын азайту үшін соттан тыс банкроттық рәсімдерді жеделдету, ұжымдық қарызды шешу және қа­рыз өндіріп алушыларға жеке қарыздарды сатуға қойылған мораторий мерзімін 2027 жылдың 1 мамырына дейін ұзарту қарас­тырылған. Сонымен қатар банк шоттарына жылына 1 пайыздан аспайтын лимитпен пайыздарды есептеуге тыйым салу алынып тасталды. Сақтандыру шарттарын электронды түрде бұзу немесе мерзімінен бұрын бұзу құқығы да беріледі. Ал несие мерзімінен бұ­рын өтелген жағдайда сақтан­дырушылар сақтандыру сыйлық­ақысының бір бөлігін бес жұмыс күні ішінде қайтаруға міндетті.

Қаржы заңнамасын реформалау аясында қаржыландыру және инвестициялық құралдардың жаңа санаты ретінде цифрлық қаржы активтері ай­налымының толыққанды режимі енгізіледі. Лицен­зияланған криптопровайдерлер арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің (криптовалюталардың) заңды айналымы ұлғаяды. 

Заңнамада бірыңғай QR код және банкаралық мобильді төлем жүйесін енгізу де бекітіледі. Бұл банктер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартып, ыңғайлылықты қамтамасыз етеді, азаматтар үшін төлем қызметтерінің қолжетімділігін арттырады.

Сонымен қатар жүйелік маңызы бар банктерге қойылатын талаптар күшейтілді. Депутаттар мұндай банктердің шешім қабылдау рәсімінен өткеннен кейін басқа банк­термен тең дәрежеде шы­ғын­дарды өтеуге қатысуын қам­тамасыз етуді ұсынды. 

Бұдан бөлек, Мәжіліс Сенаттың 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет және осы жылдарға арналған республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюд­жет­тері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң­дарға енгізген түзетулерімен ке­лісті.

Жалпы отырыс соңында депу­таттар мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік-экономикалық мәсе­лелерге қатысты 23 сауал жолдады. Олар Мәжілістің ресми сайты мен телеграм арнасында жарияланды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 05:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see137

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see115

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see113

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see113

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see112

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see111

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see110

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see110

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see110

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see110

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see110

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see109

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see109

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see108

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see107

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

15 Сәуір 2026 17:20see107

Заңғар Нұрланұлы туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

15 Сәуір 2026 00:16see106

Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатыр

14 Сәуір 2026 23:31see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары