Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Депутат: Ет өнімдерінің экспортына тыйым салуды тоқтату қажет

Депутат: Ет өнімдерінің экспортына тыйым салуды тоқтату қажет

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев ет өнімдерінің экспортына тыйым салуды тоқтату қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровқа, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ет өнімдерін экспорттауды дамыту бойынша жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ол ет экспортына енгізілген тыйымға байланысты өз атына фермерлерден, қайта өңдеушілерден және салалық бірлестіктерден көптеген өтініш келіп түсіп жатқанын жеткізді.

«Атап айтқанда, оңтүстік өңірде экспортқа рұқсат тек бір ғана компанияға беріліп, олар тәулігіне бар болғаны 150-200 бас бұқаны шығарып жатыр. Экспортқа шектеу қойылғанға дейін Өзбекстан еліне облысымыздан күніне 1000 бас қара малдың еті жіберіліп отырған. Үкіметтің Түркістан облысынан ет экспорттауға рұқсат беру шешімі бұл компанияға негізсіз артықшылық бергендей әсер қалдырады. Мұндай жағдай лоббизм мен олигополия белгілерін еске салады. Бұл қаншалықты заңды? Неліктен дәл осы компанияға экспортқа рұқсат берілді және таңдау қандай критерийлер бойынша жасалды?» деп сұрады депутат.

Айтуынша, тыйымның салдарынан басқа фермерлердің табысы төмендеп, нарық механизмдері бұзылып, хаос пен белгісіздікті тудырып отыр.

«Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын экспортоориентті бағытта дамыту стратегиялық мақсатымыздың бірі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 13 000 тонна көлемінде ірі қара малдың (ІҚМ) экспортына сандық шектеулер (квоталар) енгізуді көздейтін "Қазақстан Республикасының аумағынан сиыр етін әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы туралы" бұйрықтың жобасы әзірленді. Экспортқа тыйым салу – экономикалық тұрғыдан негізсіз деп санаймын, өйткені, бұл шешім болашақта еліміздің сыртқы нарықтарға қол жеткізуін шектейді және алдағы уақытта ірі қара мал бағасының үш есеге өсіп кетуіне ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда Үкімет халық үшін еттің бөлшек бағасын төмендетеміз деп жариялаған мақсатына жете алмады. Өйткені нарықтың заңдылықтарын күшпен өзгерту мүмкін емес. Егер ет өндіру тиімсіз болса, онда баға, керісінше, барлық тұтынушы үшін қымбаттай түседі», деді Қырықбаев.

Ол Аргентинада ет экспортына тыйым салудың ауыр нәтижелерін еске салды. Айтуынша, миллиондаған мал саны қысқарып, мыңдаған фермер банкротқа ұшыраған, экспорт екі есеге төмендеген.

«Аргентина бірнеше рет сиыр етін экспорттауға тыйым салған. Нәтижесінде, мал саны миллиондаған басқа қысқарып, мыңдаған фермерлік шаруашылықтар банкротқа ұшыраған, экспорт екі есеге дейін төмендеген, нарықтарды бәсекелестер жаулап алып, саланы қалпына келтіру он жылдан астам уақытқа созылған.

АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия сияқты дамыған ел нарықтарында ет – құнының тек 45-50% құрайды, қалған 50-55% қосымша өнімдер, сүйек, коллаген, желатин, тері, қырық қабат және т.б. шет елге экспортталуына мүмкіндік береді.

Ет өндіру – еліміздің дәстүрлі саласы. Ет өнімдері экспортын дамыту үшін қайта өңделген өнім үлесін арттыру қажет, яғни сыртқы экономикалық шектеулер қоймай, керісінше, қосымша өнімдерді қайта өңдеуді дамыту және жаңа нарықтарды ашу бағытында жұмыс жасау қажет.

Шектеуді алып тастау арқылы еліміз мал басын сақтап қалуға, фермерлердің банкротқа ұшырауын болдырмауға, дәстүрлі саланы сақтауға және экспорттық әлеуетті ұзақ мерзімді дамытуға мүмкіндікті жіберіп алмауы тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Қазақстан Республикасынан ет өнімдерін экспорттауға қойылған тыйымды толық және шартсыз жоюды сұраймын.

Бұдан әрі сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу үшін әр облыстан бір фермерді енгізуді ұсынамын. Бұл ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің нақты сұраныстарын ескере отырып, анағұрлым үйлесімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», деп түйіндеді депутат.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 07:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары