Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Депутаттар Талғардағы магистральдық су таратқыш құрылысының тоқтап қалуына байланысты мәселе көтерді

Депутаттар Талғардағы магистральдық су таратқыш құрылысының тоқтап қалуына байланысты мәселе көтерді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Талғар қаласында 4 жылдан бері салынып жатқан магистральдық су таратқыштың құрылысы тоқтап тұр. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов қалаға арнайы барып, мәселенің мән-жайын білді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Магистральдық су таратқыш жобасы Талғар қаласына су жеткізетін негізгі жүйе болуға тиіс. Ол іске қосылғаннан кейін ескі құбырлар мен тозған инфрақұрылымға түсетін жүктеме азайып, қала тұрақты әрі жеткілікті көлемде ауызсумен қамтылуы керек болатын. Алайда құрылыс әлі аяқталмағандықтан, қала әлі де ескі су желісіне тәуелді болып отыр.

 «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожиннің айтуынша, жаңа су таратқыштың құрылысы төрт жыл бұрын басталғанымен, толық қаржыландырудың жоқтығынан белгіленген мерзімде аяқталмай отыр.  

– Қазіргі таңда Талғар қаласында бар болғаны 4 300 текше метрлік резервуарлық қуат жұмыс істеп тұр. Бұл, әсіресе жаз мезгілінде, қала үшін жеткіліксіз. Ал жаңа жүйе толық іске қосылған кезде қосымша 7 600 текше метрге дейін су жеткізуге мүмкіндік бар. Жоба аясында төрт резервуар салынғанымен, су сапасын бақылауға арналған зертхананың құрылысы да жарты жолда тоқтап қалған. Оның ішіндегі негізгі жабдықтар әлі орнатылмаған, себебі қаржы бөлінбеген, – дейді депутат.

50 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтитын жобаның жалпы құны – 4,6 млрд теңге. Құрылысты толық аяқтауға қажетті 1,7 млрд теңгеге жуық қаржы әлі бюджеттен бөлінбеген. Бұл қаржыға суды хлорлайтын жабдықтар, зертханалық құралдар және негізгі технологиялық құрылғылар алынуға тиіс еді.

– Дәл осы жабдықтар орнатылмайынша, нысанды пайдалануға беру мүмкін емес. Мәселе тек құрылыс көлемінде емес, судың сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Нысанды 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған. Алайда ол үшін негізгі жабдықтар мен материалдарды биыл сатып алу қажет. Әйтпесе, мердігердің айтуынша, жобаның құны қымбаттап, іске асыру мерзімі тағы да созылып кетуі мүмкін. Сондықтан облыстық бюджеттен жетіспей тұрған қаражатты уақыт оздырмай бөлу мәселесін көтеріп отырмыз, – деді Максим Рожин.

Құрылыстың аяқталмауы қаладағы су жүйесіне айтарлықтай салмақ түсіріп отыр. Жаз айларында су қысымы төмендеп, кей аудандарда ауызсу белгілі бір уақытта ғана беріледі.

Талғар қаласының тұрғыны Ахат Солтанқұлов бұл мәселенің жергілікті халық үшін өзекті екенін айтады.

– Жазда жағдай тіпті қиындайды. Әсіресе, 9 қабатты үйлердің жоғары жағына су мүлде көтерілмейді, қысым жоқ. Суға жарымай қалатын күндер болады. Кеңдала мен Ақдала ауылындағы саяжайлардың жағдайы тіптен қиын. Қала күн сайын өсіп жатыр, ал су жүйесі баяғы қалпы. Шынымызды айтсақ, әбден шаршадық. Енді осы су таратқышты тезірек бітіріп, іске қосса екен деп күтеміз. Басқа үміт қалмады, – дейді ол.

Мәжіліс депутаттары магистральдық су таратқышты әлеуметтік маңызы бар стратегиялық жоба ретінде бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see154

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see141

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see133

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see133

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see133

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see132

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see131

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see131

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see130

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see129

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see128

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see128

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see128

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see128

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see128

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see127

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see126

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see126

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары