Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Азаттық алар тұстағы қазақ қоғамы жаңаша сая­си жаңғыруды бастан ке­шіргені белгілі. Елдік мүд­дені көздеп, ұлт рухын оятқан ұрандар жиі көтеріліп жатты. Әсі­ресе 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында өмірге келген бейресми саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың белсенділігі жоғары еді. Олар әкімшіл-әміршіл жүйе­нің сеңін бұзып, демо­кратиялық қоғам орна­ту мен мемлекеттік еге­мендік алуға қандай үлес қосты? Сол оқиғалардың бел ортасында жүрген белгілі қоғам қайраткері Дос Көшімді әңгімеге тар­тып, жоғарыдағы сұрақ­тарға жауап іздеген едік.

– Дос Қалмаханұлы, еге­мен­діктің елең-алаңында қалып­тасқан қоғамдық-саяси жағ­дайды жақсы білетін жан­дар­дың бірісіз. Сол кезде елімізде қандай ұйымдар мен партиялар құрылды? Олар не мәселе көтерді?

– Иә, 80-жылдардың аяғынан елімізде жаңаша ойдағы, зама­науи көзқарастағы көптеген қоғам­дық ұйым өмірге келе бас­тады. Олар «бейресми ұйым­дар (неформал)» деп аталды. Бәріне бірдей тоқталмай, өзім жақсы білетін, араласып жүрген негізгі төрт ұйым туралы айта кетейін. Соның біріншісі – өзім ұйымдастыруға қатысқан және төрағасы болған Қазақстан социал-демократиялық партия­сы. 1990 жылы мамыр айын­да партияның съезі өтіп, сонда құ­рылды. Сол кезде белсенді жұмыс істеген «Желтоқсан» ұйымы да партия болып құрылуға талпынды. Бірақ партия болмаса да, қоғамдық ұйым ретінде біраз істің басын қайырды. Сонымен қа­тар «Азат» қозғалысы мен «Алаш» ұйы­мын да айтуға болады.

Мен Қазақстан социал-демо­кратиялық партиясымен қатар «Азат» қозғалысы қата­рын­да да еңбек еттім. Оған Сәбетқазы Ақатай, Батырхан Дәрімбет, Ми­хаил Есеналиев секілді азаматтар басшылық етті. 1991 жылы 5 қазаннан бастап Жасарал Қуанышалин екеуміз оларға орынбасар ретінде шақы­рыл­­дық.

Ал «Алаш» партиясында Арон Атабек бастаған 25-30 шақты жігіт шоғырланды. Қазақстанның социал-демо­кратиялық партиясында Сергей Дуванов екеуміз тең төраға болдық. Евгений Жовтис, Асылбек Қожахметов, т.б. біздің қатарымызда еді.

Қандай мәселе көтердік дегенге келсек, біздің ең басты мақсатымыз – коммунистік партияны жою, коммунистік идеологиядан арылу, тоталитарлық жүйеге қарсылық көрсету, сол арқылы елдің тәуелсіздігіне қол жеткізу еді. Мен айтып отырған ұйымдардың бәрі де негізінен тәуелсіздік идеясын ту қылып ұстады. «Желтоқсан» қозғалысы, біріншіден, 1986 жылғы көтеріліс­тің ақ-қарасын ашып, оған қатыс­қандарды ақтау ісімен айналысса да, екіншіден, оның да басты мақсаты елдің еркіндігі болды.

Соның ішінде «Азат» қозға­лы­сының ұстанымын бөле-жара айта аламын. Ол ашықтан-ашық тәуелсіздік мәселесін көтер­­ді. Бағ­дар­ламасын Сәбет­қазы Ақатай жазып, қозғалысты тіркеу кезінде мен оған көмектестім. Сондықтан қандай ба­ғыт­та қызмет еткенін жақсы білемін.

Бұған қоса 80-жылдардың аяғында «Семей-Невада», «Жер­ұйық», «Әділет», «Мемориал», басқа да ұйымдар мен қозға­лыс­тар көптеп өмірге келді.

– 70 жыл бойы жалғыз ком­мунистік партиядан басқа ештеңе көрмегеніміз белгілі. Сол уақытта сіздер тыңнан түрен салып, қоғамдық-саяси өмір­дегі плюрализмнің негізін қаладыңыздар. Қандай да ке­дер­гілер болды ма?

– Расын мойындауымыз керек, ол кезде алдымызда үлгі тұтарлық көрнекті саясаткерлер болған жоқ. Көбіміз қоғамдық-саяси өмірге тәжірибесіз келдік. Мысалы, мен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында қазақ тілі пәнінен сабақ беріп жүрдім. Жасарал екеуміз бірге жұмыс істедік. Ол орыс топтарында қазақ әдебиеті пәнін оқытатын. Біз Хасен Қожахмет, Арон Атабек секілді белсенділермен араласып, бірімізді-біріміз әрдайым қолда­дық. Мәскеуден шығатын газет-журналдар, бұрын жарық көрген жасырын газеттерді оқып, содан тәжірибе жинауға тырыстық. Бір сөзбен айтқанда, өзімізді өзіміз өсірдік.

Біздің алдыңғы буыннан үлгі тұтатын адам Хасен Қожахмет қана еді. Білесіздер, ол 1975, 1986 жылдары саяси қызметі үшін абақтыға да отырған. Басқа белсенділердің бәрі менімен қатар. 90-жылдар басында жасым шамамен 35-ке жақындап қалған кез. Қазір сол уақыттағы кейбір жасаған баяндамаларыма, сөйлеген сөздерімен қарап қарадай қысыламын. Өйткені сая­си танымымыз бен тәжірибеміз төмен еді. Бірақ амал жоқ, үлкен саясаткерлер болмағасын, бізге саяси аренада белсенді жұмыс істеуге тура келді. Сөйтіп, жү­ріп 1991 жылы бүкіл кеңес өкі­метінің саяси қозғалыстары мен партияларының басын бірік­тірген Демократиялық конгресінің тең төрағасы болып тағайындалдым. Бұл кеңес ода­ғының ең үлкен сая­си күші еді.

Осындайда бір қызық оқиға ойға оралады. Қазақстанның социал-демократиялық партия­сының «Мнение» деп аталатын газеті бар еді. Соның алғашқы нөмірін біз Ригада жасырын шығарып, оны елге жасырын әкеліп тараттық. Кейін атауы «Көкей­кесті/Мнение» деп өзгер­тілді. Қазір қарап тұрсақ, қызық жағдай.

– Сонымен, өзіңіз құруға ат­салысқан Қазақстанның социал-демократиялық партиясы көздеген мақсатына жетті ме?

– Жетті деп толыққанды айта аламын. Өйткені біздің ең бас­ты мақсатымыз – коммунистік партияның саяси тегеурінін тоқтату болғанын айттым ғой. Біз құрылғаннан кейін бір жарым жыл өткенде компартия өзін-өзі жапқаны белгілі. Екінші бір мәселе – біз сол кездегі ашық­тық пен жариялылықтың қалыптасуына да үлесімізді қос­тық. Сөз бостандығы артып, бұ­рын айтуға ауыз бармайтын «азатт­ық», «тәуелсіздік» сөздерін ашық көтеретін күнге жеттік. Ол уа­қытта елде бір ғана телеар­­на бар. Сол жерде Е.Жовтис, С.Дува­нов үшеуміз компартия орталық комитетінің үш адамымен пікірталасқа шыққанбыз. Бір-біріне қарсы екі партияның бұлай халық алдында пікірталас жасауы бұрын ел тарихында болмаған.

1993 жылы Алматыда немістің социал-демократтарының қол­­­дауымен халықаралық конференция өткіздік. Оған бұ­рынғы кеңестік 13 республиканың және Германия, Бельгия мен Фран­цияның социал-демократтары қатысып, сол жылы партия­мыз Социнтернге кірді.

– Тәуелсіздік алғаннан кейін азаттық ұранын көтерген қо­ғам­дық ұйымдардың ұста­ным­дары мен бағыттары өзгерді ме?

– 90-жылдар ортасына қарай олар өз қызметін тоқтата бас­тады. Мысалы, 400 мыңнан аса мүшесі бар «Азат» қозғалысы қызметін доғарды. Өйткені «тәуелсіз мемлекет болдық, алға қойған мақсатымызға жеттік» деп есептедік. Біз билікке барамыз деп алдымызға мақсат қоймадық. Оған мүмкіндігіміз бар еді.

Содан 1994 жылы қызметі­мізді тоқтатуға себеп болған бір жайт – 1991 жылы қоғам­дық ұйымдар туралы заң қабыл­да­нып, соның талаптарына сай пар­тиямызды тіркеу керек еді. Ол үшін партия қатарындағы 3 мың адамның тізімін беруіміз қажет болды. Біз одан бас тарт­тық.

«Желтоқсан» қозғалысы ғана тәуелсіздік алғаннан кейін өз жұмысын әрі қарай жал­ғастыра берді. Олар 1986 жылғы көтерілістің шындығын ашуға талпынды. Ал басқа қозғалыс­тар мен партиялардың ұстаным­дары қалғанымен, құрылым­дық дең­гейде өз жұмыстарын доғарды.

Қалай дегенде де мұның бәрі елдің саяси дамуы мен де­мо­кратиясының сабақтары. Ме­нің түсінігімде, біз Тәуелсіздік тұғы­рын, мұратын әрқашан бірінші орынға қоя білуіміз қажет. Сая­сатта қағидат, ұста­ным, ел сенімі деген талап жоға­ры тұрса, содан айнуға болмайды. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары