Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Мобильді аударымдарды тексеру қазақстандықтарға жақын арада салық органынан хабарламалар келе бастайды

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

Рудный кейсі: Бұл қоғамдық тыңдау емес, бұл анархия! Дос Көшім

Рудный кейсі: Бұл қоғамдық тыңдау емес, бұл анархия! Дос Көшім

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Рудныйда ономастика дауы ушығып барады. Отандық сарапшылар мен қоғам белсенділері биліктің Қостанай облысына қарасты небары 123 мың адам тұратын қалада мемлекеттік саясатты жүргізуде әлсіздік танытып, ұлттық идентификацияға, тарихи санаға қарсы провокаторларды заң шеңберінде жазалауға асықпай отырғанына наразы. Бұл жерде тіпті "50 лет Октября" көшесін – "Достық", ал "Иван Франко" көшесін – "Әлия Молдағұлова" атымен ауыстыруға қарсылық білдірген жалғыз мәслихат депутатының Amanat партиясының мүшесі болғаны қоғамды дүр сілкіндірді. Сонда билік партиясы ішінде ортақ идеология мен құндылықтар жоқ па, неге «Горняк» ойын-сауық орталығының директоры, мәслихат депутаты Валерий Гирфанов Қазақстанда көше атауларының қазақшалануына қарсы? Біз өз сауалымызбен Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттарына шыққан едік, өкінішке қарай, бірі алыс сапарда жүргенін желеулетсе, екіншісі қоғамды толғандырған сауалдарға жауап беруден бас тартты. Ал биыл 41 елдімекенде болып, тұрғындармен кездесу өткізген белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Дос Көшім: «16 кездесуді Қостанайда өткіздім, оның ішінде Рудныйда болдым. Қайта бұл көрініс ең тынышы...» - деп отыр.   

Ономастика саяси манипуляция құралына айналды ма?

Өткен жылы Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп үкіметке тарихи атауларды қайтару туралы қаулы қабылдап, оның ережелерін біркелкі етіп, белгілі бір ауыл, аудан, қала тұрғындарынан сұрамай-ақ өзгерту керек деген ұсынысымен шыққан еді. Сенатордың бастамасын қолдаған Мәжіліс депутаты, тарихшы Еркін Әбіл де елімізде тарихи топонимиканы қалпына келтірудің маңызын айта келе, өкінішке қарай ономастиканың саяси манипуляция құралына айналғанын да жеткізген еді. Депутат өз сөзінде «Кеңестік атауларды өзгертуге қарсылық тарихты құрметтеу емес, тұлғалық дағдарыстың көрінісі, өткен дәуірдің нышандарын сақтау амалы» деп мәлімдеген еді. Биыл қоғам белсенділері Тоғжан Қожалы, Ғалым Байтук қала, көше атауларын қоғамдық тыңдаусыз мемлекеттік шешіммен, мәслихаттың өз ішінде дауыс беруімен шешу керек деп отыр.

Ұлттық, тұлғалық, азаматтық идентификация демекші, желі қолданушылары қоғамдық тыңдауда әдепсіздік көрсетіп, билік өкілдеріне былапыт сөз айтып кеткен белсенді Корчагинаның кейсін жан-жақты талдап жатыр. Блогер Амандық Әмірхамзин өзінің Фейсбуктегі жазбасында:

- Екі-үш күннен бері талай кісі Рудный қаласының тұрғыны Корчагинаның бейнесін көріп, таң қалып жатыр. Жалпы, бұл жерде оның кейсін қарай отырып, екі нәрсеге мән беруіміз керек. Біріншіден, оның нарративтері "менің қалам, мен туғанмын, сендер бөтенсіңдер" деген сарында жұртшылықты бөлуі. Және, ісінен, сөзінен КСРО-ны аңсауы көрініп тұр. Ал, былай қарасаңыз, 1984 жылы туған, яғни КСРО құлағанда 6-7 жасар бала болған. Сонда бұның бойына қазақ еліне өшпенділік пен өзін жоғары қоюды кім сіңірген? Яғни, бұл жерде идеологиямыздың ақсап жатқанын көруге болады. Жергілікті билік органдарының, әсіресе ішкі саясат бөлімі жұмысының нашарлығы, тіпті мұндай кейске облыс басшылығы, орталық билік назар аударуы қажет. Ең қорқыныштысы, дауыс беру кезінде қалалық мәслихаттың бір депутатының оны қолдауы, яғни, мұндай шовинистерді жақтаушылар арамызда бар деген сөз, - дейді.

Сарапшылар мұндай шолақ белсенділердің кесірінен ресейлік БАҚ-тар Қазақстанда «орыс мәселесі бар» деп шулап, ұлттық қауіпсіздік пен ел тұрақтылығы былай тұрсын, жалпы мемлекетаралық қатынасқа қаяу түсіреді деген ойда.

Әкімшілік неге Алаш арыстарының атынан үркеді?

Arasha сайтына арнайы сұхбат берген қоғам қайраткері Дос Көшім қоғамдық тыңдауды өткізу үшін кәсіби біліктілік, білім мен тәжірибе керек деген ойда. 

- Жалпы ономастикалық жұмыстарда жергілікті тұрғындардың пікірін ескеру керек деген сөз бар. Сондықтан жергілікті атқарушы орган жаман қорқады ертең халықтың ішінен айғай шыға ма деп... Ал айғай міндетті түрде шығады. Мен тек қана Солтүстік Қазақстанда 100 кездесу өткіздім, жиналғандардың 95 пайызы орыстар мен орыстілділер, ішінде поляк, украин, неміс те бар шығар... Олар көше атауларын ауыстырамыз дегенді қабылдамайды. Өйткені олардың негізгі бағыты қазақ елінің жеке мемлекет екенін мойындамау, екіншіден, советтік және орыс құндылықтарын сақтап қалу. Оның ішінде ескерткіштер, көше атаулары, тағысын тағы бар. Бұл негізгі осы екі бағыттан туындаған мәселе, - дейді.

Саясаттанушының айтуынша, қоғамдық тыңдауды дұрыс өткізуге болады. Әдетте қоғамдық тыңдауды онда жеңіп шығам деген жақ өткізеді. Бұл саяси тәсіл. Бұл тұста Дос Көшім:

- Рудныйдағы жағдайға келсек, анау әйел өз айтарын айтты да бәрін боқтап кетті. Болды. Бұл қоғамдық тыңдау емес, бұл анархия! Демек, бұл жерде қоғамдық тыңдауды жүргізіп отырған адам «қоғамдық тыңдаудың» не екенін білмейді және оны жүргізе алмайды. Ең бастысы, қоғамдық тыңдауды дұрыс жүргізе алу. Яғни, басқа тақырыптарға жібермеу керек, «СССР жақсы ма, жоқ па» деген сауалға кетіп қалмауы керек. Әңгіме ономастика мәселесі. Заңды жақсы білу керек. Жалпы, Қазақстан бойынша мен 300-ден астам кездесу өткізіппін. Менің қарным ашқаны, анау жерде күле отырып, анау қызды келесіде бұлай сөйлей алмайтындай күйге түсіру керек еді. Бірақ сондай жағдайға жеткізіп, «ә» дегенге «мә» деп жауап беретіндей адам да, маман да жоқ ол жерде... Шешендік өнер, білім мен тәжірибе керек мұндайда. Бұл жерде әдейі спектакль қойылған сияқты «біз көше атауларын өзгертейін» деп едік, бірақ әне, халық қарсы болды» дегенді көрсету үшін... Шын өткізетін адам олай өткізбейді. Қуат Ахметов те айтып жатыр ғой, Иван Франконы алып тастады, анау жерде 90 пайыз орыстың аты тұрған кезде жалғыз украинның атын алып тастағаны несі? Бұл саяси қателік, көрсөқорлық. Бірақ қоғамдық тыңдаудан да, талқылаудан да қашпау керек. Бұл жерде аяқ жағында семіз нүкте қойылып, «біз унитарлы мемлекетпіз, біздің заңымыз бар, сол заңды орындауға бәрі міндетті» деуіміз керек. Ал заңды орындағың келмей ме, соттасуға болады, шетелге кетіп қалуға болады не партия құрып совет үкіметін жоқтап, оны қайта құруға талпынып көр» - дейді.

Дос Көшім ономастика мәселесінде ерекше назар аударатын проблеманың басын ашып айтады. Оның пікірінше, қазір билік «Алаш арыстарының, басшыларының не Бөгенбай батырдың, Қожаберген батырдың аттарын ұсынса, орыстар оған қарсы шығады» деп, тек қана совет одағы батырларының аттарын, тың игерушілердің есімдерін ұсына бастады» деп сынайды.   

- Бұл мүлдем дұрыс емес. Бұл қорыққанды көрсетеді. Жергілікті орыстілді халық мұны жақсы түсінеді. Мәншүк, Әлияға қарсы шықпайтындарын да біледі, бірақ Павлодарда орыстардың атын тағы қосып жатыр ғой. «Неге тек қана қазақ совет одағының батыры болуы керек» деп, орыстардың атын тарсылдатып қосады. Бұл өте тиімсіз жол. Ол қорқақтық пен жалтақтық жолы. Біздің әкімшілік егер интернационал ат ұсынса, өтіп кете ме деп ойлайды. Бұл біздің әлсіздігіміздің көрінісі. Біз сол жер-жердегі орыстілді халықтың сынғанын көруіміз керек. Олар сынбаса, бұл тоқтамайтын соғыс. Ол жерге Мұқағали Мақатаев, Шәкәрім, Бердібек Соқпақбаевтың атын беру керек. Білмейсіңдер ме? Онда сендер ақымақсыңдар. Сендер қай мемлекетте жүрсіңдер? Сендер «жазушылар кім» деген сұраққа Сәбит Мұқанов, Бердібек Соқпақбаев деп жауап берулерің керек, Тургенов емес, Чехов емес! Ресей басқа мемлекет, - дейді саясаттанушы.  

Ол кезінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының Павлодар атауын өзгерту бойынша отырысында жиналған зиялы қауымның үшке бөлініп, бірі қала атауын – Тәшенов, бірі – Кереку, енді бірі – Ертіс деп қою керек деп, өзара дауласып кеткенін еске салады. Дос Көшім «Біздің үлкен қателігіміз –  мақсатты нақтылай алмауымызда. Меніңше, бұл айқайлап тындыратын мәселе емес, мұны қазақтар кабинетте отырып шешетін мәселе. Бірақ сыртқа бөлшектеніп жатқанымызды көрсетпеуіміз керек» деп түйіндейді.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, қазіргі мақсат – өзара дауласып, көше, аудан, ауыл, қалаларға қандай қазақша ат қоюда емес, кеңестік сарқыншақтардан біржола құтылуда.

Естеріңізге сала кетсек, қоғам белсенділері Рудныйда туындаған даудан кейін қала атауын өзгертіп, тарихи Сарыбай атауын қайтару керек деген ұсыныспен шыққан еді. Тіпті, демографиялық тұрғыдан қазақ пен орыстың саны теңесіп жатса да, қаладағы 22 мектептің небары 3-уі қазақ мектебі екенін айтып өкінішін білдіріп жатыр. Белсенділердің айтуынша, қазақ мектеп, балабақшасы тапшылығынан солтүстікке көш саябырсып тұр. Ал маман тапшылығы барын Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко да айтып жүр. Айтпақшы, ономастика дауынан кейін қоғам белсенділері Виктор Ионенконың мемлекеттік тілді білу деңгейін де анықтау керек деп шулап жатыр. «Мұрағаттан емтихан нәтижесін көтеру керек» деп шығып жатқан Лейлә Оңлаш сияқты желі қолданушылары да бар. 

Кәмшат ТАСБОЛАТ    

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 13:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see137

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see115

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see113

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see113

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see113

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see113

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see111

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see111

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see111

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see111

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see110

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see110

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see110

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see109

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see109

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see109

Мобильді аударымдарды тексеру қазақстандықтарға жақын арада салық органынан хабарламалар келе бастайды

14 Сәуір 2026 14:37see107

Щучинскідегі жарылыс 11 адамның өмірін қиды: қаза тапқандардың отбасыларына қандай төлемдер берілді?

15 Сәуір 2026 09:42see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары