Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Досбол LIKE буллингті азайта ма?

Досбол LIKE буллингті азайта ма?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елдегі барлық мектепке буллингке қарсы «Досбол LIKE» бағдарламасы енгізілді. 

Мақсат – балаларға қатысты кез-келген озбырлықтың алдын алу. Антибуллинг жобасы алдымен 50 мектепте сынақтан өткізілді. Нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы теріс әрекеттер 5%-ға дейін азайған. Бағдарламаны кімдер әзірледі? Буллингті түбегейлі жоя ала ма?

Финляндия, Канада, АҚШ. Бұл елдердің балаларға әлеуметтік-эмоционалдық білім беру тәсілдері тиімділігін дәлелдеген. Сосын, әйгілі швед психологы Дэн Олвеустың мектептегі қатыгездіктің себебін анықтаған еңбегі бар. Осы ілімнің бәрі қазақстандық «Досбол LIKE» бағдарламасының негізіне алынды. Жоба алдымен 9 өңірдегі 50 мектепте сынақтан өтті. Жаңа әдіс-тәсілдер көп ұзамай тиімділігін көрсете бастаған. 

Аманғали Мұхтаров, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының жетекші ғылыми қызметкері:

- Бағдарламаны «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты әзірледі. Зерттеп, саралай, өз еліміздің менталитетіне негіздей отырып «Досбол LIKE» бағдарламасын жазып шықтық. Апробациядан өткізген мектептерде буллингпен күрестің оң жолға қойылғанына көз жеткіздік. Балалардың бір-біріне деген агрессиясы, күш көрсетуі, 1,5-5%-ға дейін төмендеген жағдайларға куә болдық.

Жаңа оқу жылының басталуымен антибуллинг жобасы елдегі барлық мектепті қамтыды. Педагогтар арнайы оқудан өтіп, ата-аналармен түсіндірме жұмысы жүргізілді. «Досбол LIKE» жобасын тиімді ету үшін оқу ошақтарындағы өзге де персонал жұмылдырылады. Бұл – кешенді жұмыс. Оның басты кейіпкерлері – балалар. Мақсат – агрессияны барынша болдырмау.

Шолпан Әдепбаева, мектеп психологы:

- Түрлі кикілжің кездесіп жатады. Бірақ бұның бәрін буллингке баламау керек. Себебі буллинг – иерархия бойынша үнемі көрініс табатын жағдай. Бізде шиеленістер болды, олармен жұмыс істедік. Мысалы, балалармен жеке консультация өткізіп, сыныбымен бірге де топтық жұмыс та жүргіземіз. Психолог ретінде балалар үшін мектепте материалдық және психологиялық тұрғыда жайлы орта жасауымыз керек.

Мамандар «антибуллинг бағдарламасының әр мектептегі нәтижесін білу маңызды», - дейді. Ол үшін бастапқы, аралық және оқу жылының соңындағы қорытынды кезеңде бағалау мониторингі жүргізіледі.

Альбина Залмұқанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

- Ең бірінші айта кету керек, 2022 жылдан бастап «буллинг» ұғымы заңға енгізілді. Оған арнайы түсініктеме берілді. Соған сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі тарапынан буллингтің алдын алу яғни профилактикалық қағидалары қабылданды. Одан бөлек, буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. 01-37 «Досбол LIKE»-тің ең басты мақсаты тек қана буллинг фактілеріне ғана бағытталмаған. Ол жалпы білім беру ұйымдарында, мектеп ортасында позитивтік орта қалыптастыру мақсатында.

Былтыр 1800-ден астам оқушы сыныптастары мен мұғалімдер тарапынан қысым көріп, шағымданған. Балалар бұл арызды Бас прокуратураның Telegram чат-ботына және мектептердегі QR-кодтар арқылы жолдаған. Тексеріс жүріп, 200 адам жауапқа тартылды. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, елде оқушылардың 20%-ы ара-тұра буллингке ұшырайды.

Авторы: Рухани Әбдірахман

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары