Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Алдап арбау ма, жанға қолдау ма?

Алдап арбау ма, жанға қолдау ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қоғамда нумеролог жаныңды түсінеді, арқаңнан қағып, қолдау танытады дейтін ғажап түсінік бар. Бұған бақсы-балгерлікпен қатар тарология, астрология, родологияны қосыңыз. Белгісіз ілімдер қазақ қоғамында не үшін маңызды мәнге ие?

Ұлттық статистика бюросының 2023 жыл­ғы «қоғамдық көңіл күй» сауалнамасында респон­денттердің 18%-ы болашағына қатысты шешім қабылдарда балгерге немесе нумерологқа жүгінетінін көрсеткен. Кейбірі баласының атын қою, үй, көлік сату, отбасы құру сынды жауапкершілік жүгі ауыр кезеңде де нумеролог кеңесін қош көреді.

Қазір мұндай мамандардан кеңес алу да қалтаға әжептәуір ауырлық салады, алайда қиын­дықтың шырмауына түскен жан нумерологты құтқарушысындай көріп, қайдан болса да, қаржы табуға даяр. Қызмет құнын білу үшін әлеуметтік желідегі белсенді нумерологтарға байланысқа шық­тық.

Талшын Маратқызының жеке талдауы 15 500 теңге тұрады. Бізді таңғалдырғаны, балаларға бөлек кеңес жүргізеді, оған баланың талант-қабілеті, мінез-құлқын талдау, мамандық таңдауы мен сүйікті ісін табуға бағыт кіреді. Жұбыңызбен қарым-қатынас жөнінде білгіңіз келсе, қызмет құны 30 мыңға дейін барады. Нумеролог Эльмира Бимұратқызының 1 сеансы шамамен 20 мыңнан басталады. Радмила Искандердің экспресс-консультациясы 20 мың болса, люкс-консультациясы 50 мың теңге екен. Кеңес құнына қарай болашағыңыздың әр жылына жеке талдау жасайды-мыс. Нумерологтың табысына қарап, құштарлығың оянғаның сонша, жаңа кәсіп бастағың келеді. Саланы кәсіпке айналдырғандар қатары күн санап артып келеді, дегенмен әр маманның тәжірибесі мен еңбегі, әдіс-тәсілі де түрлі. 

Кез келген ілімнің ғылыми дұрыстығын анықтау үшін зерттеулер мен эксперимент керек. Бүгінге дейін ешбір зерттеу нумерологияны ғылым ретінде дәлелдей алмады. 2017 жылы Кливленд университетінде ауқымды эсперимент өткен. Мамандар 800-ден аса Нобель сыйлығының лауреатына талдау жасап, олардың туған күнін есептеп, бір заңдылық шығармақ болады. Сөйтсе, көрнекті ғалымдардың қарапайым адамдардан ешбір ерекшелігі болмаған. Иә, кейде нумерология болжамы дәл келіп, өміріңе қатысты ұқсастық барын байқайсың, бірақ бұл болжам жалпы мәлімет қана береді. Психологиялық тесттер мен жұлдыз жорамалдың да есебі сондай.

Біз нумерологқа қарапайым адам ретінде хабарласып, сынап көргіміз келді. Нумеролог Назерке Сұлтанбекқызы «балгер емеспін, сандарыңызға қарай мінездеме ретінде ақпаратты ашып беремін» деп айтқаны көңілге бір ой салды. Сонымен, маманның талдауын тыңдап, болашаққа болжам емес, бағыт алғандай болдық. 

– Жалпы, әлемде де, Қазақстанда да нумерология – ғылым емес, эзотерикалық бағытқа жататын ілім, адамды өзін тануға жетелейтін құрал. Егер бұл жеке өсуге, жауапкершілік алуға, өзін түсінуге апарса, нәтижелі тәжірибе болмақ. Тәуелді болуға жеткізсе, манипуляция ретінде қолданылса, коммерциялық жобаға айналады, – дейді нумеролог.

Н.Сұлтанбекқызы ілімнің психологиялық ғылымға негізделген тұсын ғана қолданады. Ол нумерологиядан бұрын ғылыми психологияны 2018 жылдан бастап жан-жақты зерттеуге бекінген, содан бері жан әлемін тануға құмар, ал негізгі мамандығы – ғылыми тарихшы. Ол әу баста өзін нумеролог емес, нумерологияға қызығатын жан деп таныстырды.

– Нумерологиямен 10 жылдан аса уақыт айналысып жүрген, тәжірибесі терең мамандар бар, бірақ бір-екі курс оқып алып, өзге адамның тағдырына нақты үкім айту – нумерология емес, жауапсыздық. Нумерологияда ешкім солай болады деп кесіп айтпайды, адамның болашағы таңдауы мен әрекетіне байланысты. Шынайы маман «осылай болуы мүмкін» деп қана бағыт-бағдар береді. Кез келген кеңесті аксиома ретінде емес, көмекші құрал ретінде қабылдаңыздар, – дейді Н.Сұлтанбекқызы. 

Психолог Лаура Нариманның да бұл салаға қатысты пікірін сұрауды жөн көрдік. 

– Астролог, нумеролог, таролог, родолог, энергет, психолог, коучтар көбейді. Мұның пайдасы да бар, адамның ішкі әлемін тануға көп көмек береді, алайда кей мамандар бұрыс бағыт беріп, адасып жүрген талай адам бар. Мысалы, нумеролог бір жігітке «ақшаңды шашып жүруің керек, жомарт бол, қайырымдылықпен айналыс, сонда ғана кіріс болады» деп кеңес айтқан. Әлгі жігіт үйін сатып, ақшасын қорға жіберіп, отбасымен далада қалды. Бір әйел миллиондаған қарыз алып, күнде той жасап, қарыз төлейтін уақыт келгенде әбден қиналып, қасықтап жиған абыройын шелектеп төкті. Әр ақпарға сын көзбен, терең оймен қараған жөн. Жұрт айтқанның бәрі шындық бола бермейды, – дейді психолог.

Л.Нариман да әңгімемізде адамды алдап-арбап ақша табуды маманданғандардың торына түсіп қала жаздағанын жасырмай айтты. Бір құрбысы сағатына 200 мың алатын астрологқа барып, өтірігін тыңдаса, өзі родологтың кеңесіне көңілі толмағанын жеткізді.

– Бірде родологтан кеңес алуға барғанмын. Әкем ертеде қайтыс боп кеткен. Сонда ана кісі «Сен бір қанатсыз құссың. Әкең жоқ, ұша алмайсың» деген. Сол сөзі ойымнан біраз уақыт кетпеді. Психологияда «интроекция» деген ұғым бар, бір адам сізге жағымсыз ақпарат айтса, сол бағдарлама гипноз сияқты, кері әсерін беруі мүмкін, – дейді психолог.

Елде бұдан бөлек діннің атын жамылып, халықты алдайтын кәсіп иелеріне де тоқтау болмай тұр. Арқаңнан қағамыз, Құран оқытамыз деп қарапайым халықтың қалтасын қағып жүргендер баршылық.

– Алматыда тұрған кезде бір келіншектер Сүйінбай, Жамбыл аталардың басына барып, Құран оқимыз деп мені де алып жүрді. Біреу сапар соңында сізге көз тиген, мал сойып, құрбандық шалуыңыз керек, Түркістанға, киелі жерлерге баруыңыз керек деп есімді шығарды. Құран оқыту, Алланың жолына 70 мың төлеңіз, бізбен бірге жүріңіз деп қоймады. Шырақ жағамыз, арқаңды қамшылаймыз, рақаттанып қаласың деп тағы шақырды. Психолог болғандықтан, олардың бизнес түрі екенін ұғып, әрең құтылдым, – деп баяндады Л.Нариман.

Психолог соқыр сенімге итермелейтін 3 не­гізгі себепті анықтап берді.  Алдымен  адамның қызығу­шылығына байланысты. «Мен кіммін? Өмірімнің мәні неде?» деп адам баласы болашақты білгісі келеді, осылайша өмірін бақылауда ұстап тұрғандай сезінеді. Екіншіден, адамдар өмір кризистеріне ұшырағанда әлдебіреуден қолдау қалайды. Балгердің сені жақсылық күтіп тұр дегені адамға үміт беріп, тез тынышталады. Үшіншіден, кей адам ісіне жауап бермей, жауапкершілікті тағдырға, не басқа күшке ысыра салады. Тағдырың солай деп балгер айтты десіп, біреудің сөзіне құлақ асып, өз жүрегін тыңдай алмайды. Ондай адам сандар солай көрсетті деп сын естігісі келмейді. Қыздар ішкі сенімсіздік, шешімді өзі қабылдай алмау себебінен де түрлі маманға жүгінеді дейді психолог. 

Алматы орталық мешітінің наиб имамы, пә­туа бөліміне жауапты маман Тимур Алиев те нуме­рологияның ғылым емес, ақша табудың тәсілі деп біледі. Қазір нумерология қытай, Батыс, Шығыс, ежелгі үнді нумерологиясы сынды түрлі бағытқа бөлініп кеткен. Біреуінде бір сан жақсылықтың белгісі болса, басқа араб, не ежелгі үнді нумерологиясында бақытсыздыққа әкеледі деген қарама-қайшылық өте көп. 

–  Құранда ғайыптың кілттері Алланың өзінде ғана. Оларды одан басқа ешкім білмейді (Әнғам сүресі, 59-аят) деп айтылған. Болашақты Алла ғана біледі. Адам қандай санмен туғаны, аты қандай әріптен басталатыны оның тағдырын өзгертпейді. Мұсылман адам болашағын Аллаға тапсырады. Себеп амалға негізделіп жоспар жасайды, еңбек етеді, дұға қылады, тәуекел етеді. Тағдырды сан емес, иман мен еңбек анықтайды, – дейді Т.Алиев.

Наиб имамның сөзінше, көңілі бос, сенімі әлсіз кезде кез келген жол көрсетушіге сеніп қалу оңай. TikTok, Instagram желілерінде нумерологтар өзін ақылды, рухани адам етіп көрсетеді. Шын мәнінде, бұл – рухани әлсіздіктің белгісі. Қысқасы, кез келген ақпарға имандай сеніп қалмай, шындық пен жалғанның аражігін ажырату керегін естен шығармайық...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 06:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары