Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Екі алпауыт арасындағы сауда дауы: Қытай АҚШ ты диалогқа шақырды

Екі алпауыт арасындағы сауда дауы: Қытай АҚШ ты диалогқа шақырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қытай Сауда министрлігі жексенбі күні елдегі сирек кездесетін металдар мен соларға қатысты тауарларға қойылған экспорттық бақылау заңды екенін айтты. Олар АҚШ-ты өзара құрмет пен теңқұқық негізінде келіссөз жүргізіп, мәселелерді шешуге шақырды.

Министрлік өкілінің айтуынша, Қытай — жауапты үлкен мемлекет ретінде әлемдегі бейбітшілікті сақтау, аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ядролық қаруды таратпау сияқты халықаралық міндеттерін орындау үшін экспорттық бақылауды заң бойынша жүргізеді.

— Қытайдың экспорттық бақылауы — бұл экспортқа тыйым салу емес, — деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, тиісті талаптарға сай өтініштер бойынша экспорттық лицензиялар берілетін болады.

Ресми өкілдің сөзінше, Қытай бұл шараларды жарияламас бұрын қос тарапты экспорттық бақылау диалогі тетіктері арқылы тиісті елдер мен аймақтарға алдын ала хабарлаған.

Ол Қытайдың басқа елдермен экспорттық бақылау саласында диалог пен пікір алмасуды арттыруға дайын екенін айтып, бұл жаһандық өндіріс пен жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын жақсырақ қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді.

АҚШ тарапынан енгізілген жаңа шаралар туралы

Қытай Сауда министрлігінің өкілі АҚШ-тың Қытай өнімдеріне 100 пайыздық кедендік тарифтер енгізуі және барлық стратегиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге экспорттық бақылау енгізу туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, АҚШ ұзақ уақыт бойы ұлттық қауіпсіздік түсінігін асыра бағалап, экспорттық бақылау шараларын теріс пайдаланып, Қытайға қарсы дискриминациялық іс-әрекеттер жасаған және біржақты түрде «ұзын қол» құқығын қолдана отырып, жартылай өткізгіш жабдықтар мен чиптер сияқты түрлі өнімдерге шектеулер қойған.

Мәселен, қыркүйек айында Мадридте өткен Қытай-АҚШ сауда-экономикалық келіссөздерінен кейін АҚШ небәрі 20 күн ішінде Қытайға қарсы жаңа шектеу шараларын енгізді. Ресми өкіл айтып өткендей, американдық тараптың әрекеттері Қытайдың мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, екіжақты сауда-экономикалық келіссөздердің ахуалын күрт нашарлатқанын және Қытай бұған қатты қарсылық білдіретінін ерекше атап көрсетті.

— Жоғары кедендік баж салықтарымен қорқыту — Қытаймен қарым-қатынас орнатудың дұрыс жолы емес. Қытайдың тарифтік соғыстарға қатысты ұстанымы өзгермейді: Қытай мұндай соғыстарды қаламайды, бірақ олардан қорықпайды, — деді ол.

Қытайдың АҚШ-қа үндеуі

Қытай АҚШ-ты өздерінің қате тәжірибесін дереу түзетуге, екі ел басшылары арасындағы телефон арқылы болған маңызды келісімдерді ұстануға, келіссөздер арқылы қол жеткізілген нәтижелерді қорғауға, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық консультациялар механизмін қолдануды жалғастыруға, бір-бірінің алаңдаушылықтарын шешуге және өзара құрмет пен тең құқықты кеңес негізінде диалог арқылы келіспеушіліктерді тиісті түрде реттеуге шақырады. Қытай Сауда министрлігінің ресми өкілі бұл қадамдар қытай-американ сауда-экономикалық қатынастардың тұрақты, ақылға қонымды әрі ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын алға тартты.

— Егер АҚШ қате жолмен жүруді жалғастыра берсе, Қытай заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін батыл шаралар қабылдайды, — деп түйіндеді министрлік өкілі.

Еске салсақ, тамыз айында АҚШ апелляциялық соты Трамп тарифтерінің көпшілігін заңсыз деп тапты.

Дегенмен жақында АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап Қытайдан келетін тауарларға кедендік баж салығын екі есе арттыруды және экспорттық шектеулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Кейіннен Трамптың Қытаймен сауда қақтығысы туралы мәлімдемесі криптовалюта нарығын құлатқаны анықталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 14:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары