Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Ел ертеңіне салынған инвестиция

Ел ертеңіне салынған инвестиция

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Білім – елдің ең басты байлығы, ұлттың баянды болашағына жол ашатын құндылық. Осы қағиданы мықтап ұстанған өңірде кейінгі жылдары білім беру саласын мейлінше жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді.

Ең алдымен мектепке дейін­гі тәрбиеден бастап, тех­ни­калық және кәсіптік білім беруге дейінгі барлық дең­гейде оң сипаттағы өзгеріс­тердің өріс алғанын екпін түсіріп айта кетуіміз керек. Алдымен, балалықтың бесігі – балабақша жайын тілге тиек етелік. Өңірде бүгінде 592 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Сәл ғана таратып айтатын болсақ, оның ішінде 274 балабақша мен 318 шағын орталық бар. Жыл басынан бері 9 жаңа балабақша мен бірнеше шағын орталық пайдалануға берілді. Мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың серіктестік есебінен балаларға арналған заманауи оқу және ойын алаңдары іске қосылды. Қолданыстағы 8 балабақша заман талабына сай жөнделіп, кеңейтіліп, қосымша 308 орын ашылды.

Енді білім ошақтарындағы жаңару жайын айта кетелік. Оқырманға түсінікті болуы үшін бірқатар деректер кел­тіре кетуге тиістіміз. Өңір­дегі 524 жалпы білім бере­тін білім ошақтарында 140559 оқушы білім алуда. Олар­дың ішінде 13548-і биыл мектеп табалдырығын алғаш атта­ған бүлдіршіндер. Бұл дерек­терді келтіріп отырған себе­бі­міз, оқушылар санының бір­шама артуы.  Бір жақсысы, әлеуметтік қолдау шаралары тұ­рақты дәстүрге айна­лып, үзбей жүргізіліп келеді. Бұл болашаққа жасалып жат­қан қамқорлық деп айтсақ артықтығы болмас. Дәстүрлі «Мек­тепке жол» акциясы ая­сын­да 16427 оқушыға көмек көрсе­тіліп, жалпы сомасы 693,5 миллион теңге жұм­салды. Балалардың 72 пайы­зы бюджет қаражаты есебі­нен қолдау тапса, қалған бө­лігі демеушілер мен қайы­рым­­дылық қорларының жана­шыр­лығын көріп келеді. Осы арада айрықша бөле-жара айта­тын жай, «Ақ ниет» қайырым­дылық қоры биыл оқушыларға 1517 мектеп сөмкесін кеңсе тауарларымен қоса үлестірді.

Облыс мектептерінің  69 пайызы шағын жинақты білім ошақтары. Ауыл мекте­бі мен қала мектебі арасын­дағы білім сапасын теңестіру мақсатында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы бірша­ма табысты жүргізілуде. Бү­гін­гі таңда маңызы ерекше жобаға 18 тірек және 54 магниттік мектеп қатысып отыр. Мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Өңірдің 270 педагогі жасанды интеллект, 212 мұғалім медиа және цифрлық сауаттылық курстарынан өтті. «Esen Foundation» және «BAQ jana mektebi» жобалары аясында 500 пән мұғалімі мен 30 мектептің 90 әкімшілік қызметкері білімін жетілдірді.  Сонымен қатар педагогтерге әдістемелік және пси­холо­гиялық қолдау көрсететін «Білімді жастар» одағы мен «Зерттеуші ұстаз» жобасы ұстаздар қауымына тың серпін беруде. Өңір оқушылары әр жыл сайын республикалық және халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. 2024–2025 оқу жылында оқушылар тоқсаннан астам зияткерлік сайыстар мен ғылыми жобаларға қатысып, республикалық деңгейде 204 медаль, халықаралық дең­гейде 61 марапатқа ие бол­ды. Көкшетаудағы «Білім-ин­новация» лицей-интерна­тының шәкірттері Болгарияда өткен халықаралық информатика олимпиадасында қола медаль алып, ел мерейін асырды. Бүгінде облыстың 8 мектебі Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарына енгені де айта қалар­лық жетістік деуіміз керек.

Өңірдің барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтыл­ған. 210 мектеп «Starlink» спут­ник­тік байланыс жүйесін пайдаланады. Мектептерде 46 мың­нан астам компьютер, 1858 интерактивті панель орна­тылған. Бұл жағдай оқушылардың цифрлық ортада сапалы білім алуына жағдай жасап отыр.

Биыл 34 білім ошағына күрделі жөндеу, 43 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Бұл мақсатқа 8,6 мил­лиард теңге қаражат бө­­лінді. 20 білім ошағына ре­нова­ция жасалып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Білім күні 3 жаңа мектеп есіктерін айқара ашып, оқушылар мен ата-аналарды қуанышқа бөледі. Жаңа білім ошақтары Целиноград ауданының Жаңажол ауылында, Степногорск қаласы­ның Бестөбе кентінде және Жарқайың ауданының Бірсуат елді мекенінде салынды. Об­лыс орталығындағы 588 орын­дық «Білім-инновация» лицейі­нің құрылысы аяқталып, оқу үдерісі басталып кетті. Щучинск қаласында 300 орын­дық ІТ-интернат және Көк­шетауда 500 орындық №10 мектеп жеке инвестиялар есебінен бой көтерді. 2024–2025 оқу жылдары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 9 мектеп іске қосылып, Целиноград ауданындағы білім ошақтарындағы орын тапшылығы 8 есеге, облыс орталығындағы тапшылық 1,5 есеге азайды.

Бүгінгі таңда жұмысшы кадрларды даярлауға айрықша мән беріліп отырғаны белгілі. Өңірде 28 колледж жұмыс істейді. Онда 19 702 мың білім алушы жаңа заман талабына сай тәлім-тәрбие алуда. Бір айта кетерлігі, 16367-і тегін білім алуда. Оларға жан-жақты жағдай туғызу қарас­тырылған. Жаңа жатақха­налар кезең-кезеңімен пайдала­нуға берілуде. Облыс орталы­ғындағы жоғары техникалық, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледждерінде 300 орындық жатақханалар іске қосылды. Күні кеше ғана азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің 450 орындық жаңа жатақханасына пайдалануға берілді. Жыл басынан бері жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл шаралар бірнеше бағытты қамтып, негізінен, жұмысшы мамандығын мәртебесін артты­руға, техникалық және кә­сіптік білім беру жүйе­сін еңбек нарығының талапта­рына жақындатуға, сон­дай-ақ, жастар үшін мүмкіндік­тер аясын кеңейтуге бағыттал­ған. Жұмысшы маман­дық­та­ры жылының ресми баста­масы ретінде облыс орталы­ғында өткен «Жұмысшы маман­дықтары жылы: жаңа мүм­кіндіктер ашылады» атты жас­­тар форумы ұйымдасты­рыл­ды. Іс-шараға екі мыңнан астам адам қатысып, әрқилы тақырыптағы көрмелер, ше­бер­лік сыныптары, форсайт-сессиялар және пікірталастар ұйымдастырылды. Форумда жұмысшы мамандықтары­ның маңыздылығы атап өтіліп, жастарды жұмыспен қамтуға ықпал жасалды. Жыл жоспары аясында кадр қажеттілігін анықтайтын өңірлік карта – жаңа мамандықтар мен құ­зыреттер атласы әзірлен­ді. Құжатта өңдеу өнеркәсі­бі, ауыл және орман шаруа­шылығы, қызмет көрсету саласы бойынша жаңа, трансформацияланатын және жойылып бара жатқан мамандықтар қам­тыл­ған. Бұл ақпарат бол­ша­шақта білім беру үрдісін жос­парлауға және еңбек нары­ғында сұранысқа ие мамандарды даярлауға негіз болады.

Білім саласындағы осынау өзгерістер мен жетістіктер өңір тұрғындарының ортақ еңбегінің жемісі. Білімге салынған инвестиция – ел ертеңіне салынған инвестиция деуіміз керек.

Ақмола облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары