Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Елдегі 90 мың баланың тілінде мүкістік бар

Елдегі 90 мың баланың тілінде мүкістік бар

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елімізде ерекше білімді қажет ететін 235 мың бала бар болса, оның 90 мыңға жуығы дұрыс сөйлей алмайды, деп хабарлайды 24KZ. Ал елдегі әрбір үшінші отбасындағы бүлдіршін логопед көмегіне зәру. Статистика көңіл көншітпейді. Себебі бұл сандар тиісті мамандардың маңызын айшықтап тұр. Ал еңбек нарығындағы жағдай қандай? Логопед пен дефектологтардың тапшылығы расында байқала ма?

Дарина Қайырованың ұлы 6 жаста. Алғаш рет 3 жасында баласының тілінде мүкістігі барын байқапты. Дабыл қаққан ана бірден тиісті дәрігерлерге жүгінген. Кейін нұсқама бойынша логопед-дефектологты іздей бастаған. Алайда өз қаласынан білікті маман таппай, Астанаға көшуге бел буады. Қазір ұлы елордадағы арнайы балабақшалардың біріне барып жүр.

Дарина Қайырова, қала тұрғыны:

- Ұлымның дұрыс сөйлей алмайтыны анықталды. Біз ойланбастан Астанаға көшіп, осында жақсы балабақша таптық. Өзге қалада жан-жақта орналасқан түрлі мамандарға барып, табан тоздыратын едік. Астанаға қоныс аударып, қазір білікті мамандармен жұмыс істеп жүрміз. Бүгінде ұлымның ой-өрісі мен сөйлеу қабілеті жақсарды. Тіпті сөйлем құра алады. Әрине, мұндай жетістікке білікті психолог, логопед, дефектологтардың септігі зор.

«Мұндай балаларға арналған емдік шаралардің ақысы қалтаны қаққанымен, оның әрбір тиыны ақталады», – дейді ата-ана. Бұл балабақшада логопед-дефектологтан бөлек, психолог, басқа да ем өткізетін мамандар жұмыс істейді. Әр балаға, диагнозының күрделілігіне байланасты арнайы емдеу әдісі қолданылады.

Гүлмира Акишева, логопед-дефектолог:

- Ғалым Рауф ғалымның шығарған зонтын, әдістерін қолданамын. Әртүрлі жаттығулар жасаймыз, артикуляциялық гимнастика, тіл мен бұлшық еттерді күшейтуге арналған арнайы жаттығу. Әртүрлі саусақ ойындары және қарапайым сөздік ойындары, баламен сондай сабақтар жүргіземіз. 2 жаста бала толық сөйлем, 1-2 сөзден сөйлем айта алуы керек. «Су бер, су ішемін, тамақ жеймін, мама, далаға шығайық», – деп сөйлемдерді қоса білуі керек. 

Балабақша меңгерушісі қазір логопед-дефектологтардың тапшылығы барын айтады. «Ол нарықта сезіліп тұр», – дейді.

Саида Шекербек, түзету-дамыту балабақшасының меңгерушісі:

- Шыны керек, логопед маманын, білікті маман табу өте қиын. Біз мына балабақшаны ашқан кезде қиналдық, таба алмадық. Бірақ қазіргі таңда біз 2 мықты деген логопед-дефектологты таптық. Сол кісілер балалармен жұмыс жасайды.

1 жастағы баланың сөздік қорында қарапайым «әке, ана, ата-әже» секілді кем дегенде 5-10 сөз болуы керек. Дегенмен соның өзін айта алмай, баласының тіл қатпайтынына шағымданатын ата-аналар көбейіп барады. Бүгінде республика бойынша ерекше білімді қажет ететін 235 мың бала бар. Оның 90 мыңға жуығының тілінде мүкістігі бар. Яғни бұл сандар логопед пен дефектологтардың маңызын айшықтап тұр.

Авторлары: Альмира Оразбай, Диас Ковланбев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары