Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Елімізде қай салада жұмыспен қамтылғандардың саны артқан?

Елімізде қай салада жұмыспен қамтылғандардың саны артқан?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстандағы еңбек нарығы 2025 жылдың соңына қарай бірқалыпты тұрақтылық көрсетіп отыр. Enbek.kz порталында қазан айында 132 мың бос жұмыс орны жарияланғанына қарамастан, сұраныс сәл төмендеп, жұмыс берушілер мен ізденушілер тарапынан белсенділік біршама бәсеңдеген. Дегенмен негізгі үрдістер сақталып, еңбек нарығындағы теңгерім бұзылған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Білім беру саласы – жұмыспен қамтудың негізгі драйвері

Қазан айында бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі болды – 41,1 мың немесе барлық ұсыныстың 31%-ы. Одан кейін қызмет көрсету саласы (17,5 мың) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау (11,7 мың) орналасқан. Яғни, бұл үш сала барлық бос жұмыс орындарының шамамен жартысын құрап, әлеуметтік бағыттағы сектордың жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп отыр.

Сұраныс жағында жұмыс берушілер көбіне орта білікті мамандарды іздеді – 64,4 мың бос орын. Жоғары білікті және төмен біліктілік талап ететін мамандықтар бойынша ұсыныстар көлемі шамалас болды. Ізденушілердің түйіндемелері де осы құрылымды қайталайды: орта білікті мамандар – 47,7 мың, жоғары білікті – 40,6 мың, төмен біліктілік категориясы – 25,8 мың түйіндеме. Бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың біліктілік деңгейлері бойынша теңескенін көрсетеді.

Өңірлік еңбек нарығындағы белсенділік

Қазан айында өңірлер бойынша сұраныс пен ұсыныс деңгейі де біршама теңестірілген. Бос жұмыс орындары ең көп жарияланған аймақтар – Түркістан облысы (12 мың), Астана қаласы (11,4 мың) және Жамбыл облысы (8,8 мың). Ал түйіндемелер саны бойынша Түркістан облысы (13,4 мың), Астана қаласы (9,1 мың) және Қызылорда облысы (8,3 мың) көш бастады. Бұл аймақтарда халық саны көп және еңбек нарығы белсенді дамуда.

Жалпы, қазан айындағы көрсеткіштер еңбек нарығының жазғы маусымнан кейін тұрақталғанын, сұраныс пен ұсыныстың өңірлер мен біліктілік деңгейлері бойынша тең бөлінгенін байқатады.

Жалдамалы қызметкерлер саны өсіп келеді

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 7 141 мың адам жалдамалы қызметкер (76,9%), ал 2 142,5 мың адам өз бетінше жұмыспен қамтылған. 15 жастан жоғары халық арасында жұмыспен қамту деңгейі 64,4%-ға жетті.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалдамалы қызметкерлер саны 116,2 мың адамға өскен. Бұл ресми жұмыспен қамту үлесінің күшеюін және халықтың тұрақты табысқа бейімделіп келе жатқанын көрсетеді.

Жұмыспен қамтылғандардың салалық құрылымы бойынша ең көп үлес сауда саласына тиесілі – 17%. Одан кейін білім беру – 13,4%, өнеркәсіп – 12,5%, ауыл шаруашылығы – 10,3%. 2025 жылдың ІІ тоқсанындағы деректер де осы үрдісті растайды: жұмыспен қамтылғандардың ішінде сауда, білім беру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы негізгі үлесті сақтап тұр.

Жұмыспен қамтылғандардың жас құрылымы

Жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында – бұл барлық жұмыспен қамтылғандардың 28%-ы. Сондай-ақ 29-34 және 45-54 жас санаттары жалпы еңбек нарығының 40%-ын құрайды. Бұл жас топтары еңбекке қабілетті және тұрақты жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігін құрап отыр.

Өңірлік тұрғыда жалдамалы қызметкерлер ең көп тіркелген қала – Алматы (985,8 мың адам). Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Түркістан облысында (378,2 мың) және Алматы облысында (233,7 мың) шоғырланған.

Жұмыссыздық деңгейі және еңбек уақыты

2025 жылдың ІІ тоқсанында жұмыспен қамту деңгейі 64,6%-ды, ал жұмыс күшіне шаққанда 95,4%-ды құрады. Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеген. Бұл – еңбек нарығының салыстырмалы түрде тұрақты екенін білдіреді.

Жұмыспен қамтылғандардың жұмыс уақыты да шамалас: орташа есеппен аптасына бір жұмыскер 39 сағат еңбек етеді, жалдамалы қызметкерлер – 40 сағат, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар   36 сағат жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, еңбек нарығындағы басты өсім білім беру саласында, сондай-ақ сауда мен өнеркәсіп бағыттарында байқалып отыр. Жазғы маусымнан кейінгі бірқалыпты тұрақтану, өңірлердегі тепе-теңдік және кәсіби деңгейлер бойынша сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі еңбек нарығының қарқынды әрі тұрақты дамып жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 02:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары