Еліміздің су саласына Қытай корпорациясы инвестиция салады
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Energy China корпорациясының президенті Цяо Сюбинь бастап келген ҚХР делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Сала министрлігінің мәліметінше кездесуде тараптар ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын талқылады. Олар: су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, су ресурстарын басқаруға инновациялық тәсілдерді енгізу, соның ішінде суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру, тазартылған ағын суды қайта пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ кадрларды бірлесіп даярлау.
Қытайлық бизнес өкілдері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасымен танысып шыққанын және Қазақстанның су шаруашылығы саласына инвестиция салуға дайын екендерін мәлімдеді. Сонымен қатар Energy China өкілдері корпорация Қытайда және басқа да елдерде жүзеге асырған ең ірі жобалар туралы баяндап берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың келешек бағыттарын сарапшылар деңгейінде егжей-тегжейлі қарастыруға келісті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 11:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















