Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емдеу мекемелерінен жалған мәлімет беру бес есе азайды Айнагүл Давлетчина

Емдеу мекемелерінен жалған мәлімет беру бес есе азайды Айнагүл Давлетчина

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингтің жаңа жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы қалай өзгеріп жатыр? Сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Давлетчина жауап берді.

– Қазіргі уақытта ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті қалай жүргізеді?

– 2025 жылғы 1 шілдеден бастап медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу рәсімі өзгертілді. Барлық 20 өңір үшін «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұрын мониторинг Денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше платформаларында жүргізілген болатын.

2025 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында бұл жоба Ақмола облысында пилотты түрде қолданылды. Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тексеру басқа өңір мамандары арқылы жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар ақпараттық жүйе арқылы қарсылық бере алады. Даулы жағдайлар бойынша үш кезеңді аппеляция бар.

Ақпараттық жүйе енгізілуімен олқылықтарды автоматты түрде анықтау мүмкіндігі айтарлықтай өсті. Өткен жылмен салыстырғанда жалған мәлімет беру 39 есеге өскен. Ал тамыз айында олардың саны азайды, соның ішінде жалған мәлімет беру 5 есе азайды. Яғни, медициналық ұйымдар одан әрі болдырмау үшін күнделікті қателіктермен жұмыс істеп жатыр. Егер медициналық ұйым айына жалпы сомасы 200 АЕК-тен асатын жалған мәлімет берсе, біз материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Біздің облыс бойынша мұндай факті анықталған жоқ.

Қордың бірыңғай жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып келеді. Осылайша, жасанды интеллект көмегімен 14 стандарт енгізілді. Сондай-ақ, AI олқылықтарды анықтаудың 350 алгоритмін қосты. Бұдан бөлек AI қазір сынақтан өтіп жатқан 45 алгоритмді дербес әзірледі, ол қазір сынақтан өтіп жатыр.

– 14 шілдеде Мемлекет басшысы МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды, онда ТМККК және МӘМС пакеттеріне қатысты қандай жаңашылдықтар енгізілді?

- Медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі өзгеріп жатыр. Енді мемлекет халыққа міндетті түрде қажет негізгі медициналық қызметтердің белгілі бір бөлігін өзі тегін қамтамасыз етеді. Ал осы негізгі қызметтерден тыс қосымша, кеңейтілген медициналық көмекті МӘМС жүйесі арқылы төлеу көзделеді. Яғни қымбатырақ немесе кең көлемдегі медициналық қызметтер сақтандыру арқылы жабылатын болады. Бұл өзгерістер бюджет мүмкіндіктері мен халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, медициналық көмекті әділ, тұрақты және тиімді етуге бағытталған.

Қабылданған өзгерістерге байланысты осы жылдың 15 тамызынан бастап онкоскринингтер - сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек скринингі барлық азаматтарға тегін жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 50-76 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми-қан айналымының бұзылуын ерте анықтауға мүмкіндік беретін скрининг енгізілді.

2026 жылдан бастап ТМККК пакетінде консультациялық-диагностикалық қызметтер мен амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұсынумен 11 әлеуметтік маңызы бар ауру қалады. Сондай-ақ 2027 жылға дейін созылмалы ауруларды МӘМС-ке кезең-кезеңмен көшіру жоспарланған.

МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыты мен мақсаты – 2027 жылдан бастап денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру моделіне біртіндеп көшіру. Яғни, денсаулық сақтаудың негізгі бөлігі - 65% МӘМС есебінен қаржыландырылатын болады. Нәтижесінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі; қаражат пен қызметті пайдаланудың ашықтығы, МӘМС жүйесінде халықты қамту 90% дейін ұлғаяды.

- Халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты жұмыс қалай жүргізіледі?

– Облыста МӘМС үшін жарналарды өз бетінше төлей алмайтын тұрғындар бар, салдарынан оларды медициналық қызметпен қамту мүмкін болмады. Енді 2026 жылдан бастап дағдарыстық және шұғыл санаттарға жататын адамдар, яғни D және E санаттарындағы адамдар, сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар жергілікті атқарушы органдар есебінен медициналық қызметтерді алады. Олар үшін жарналарды жергілікті әкімдіктер осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша төлейді.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік осал топтарына – 26 312 адам, оның ішінде D санатында – 19 872 және Е санатында – 6440 адам жатады. Сондай-ақ, облыста ресми түрде 4 650 жұмыссыз тіркелген.

– Сақтандыру мәртебесіне қатысты тағы қандай өзгерістер енгізілді?

– МӘМС жүйесінде жарналарды қатарынан кемінде бес жыл төлеген азаматтар енді төлем тоқтатылғаннан кейін алты ай сақтандырылған мәртебесін сақтай алады, бұрын ол 3 ай болатын. Алайда, осы өткізіп алған айлар үшін қарызды өтеуі қажет болады.

– МӘМС аясында облыс тұрғындарына жоғары технологиялық операциялар қолжетімді. Биыл осындай қанша медициналық қызмет көрсетілді?

– Жоғары технологиялық операциялар жоспарлы және шұғыл түрде көрсетіледі. МӘМС жүйесі аясында әркімнің қымбат ем алуға мүмкіндігі бар. Шұғыл көмек қажет болған жағдайда сақтандырылмаған тұрғындар ТМККК, ал сақтандырылған мәртебесі барлар МӘМС есебінен ем алады.

Жыл басынан бері өңір тұрғындарына 257,4 млн теңгеге 41 жоғары технологиялық медициналық ота жасалды. Оның ішінде 155,6 млн теңгеге 25 қызме МӘМС бойынша көрсетілді. Оның ішінде 33 нейрохирургиялық, 8 каридологиялық операция жүргізілді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қаражатының жұмсалуы және медициналық ұйымдардың жұмыс көрсеткіштері туралы ашық есептерді іске қосуды қарастырып отырғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары