Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедектікті белгілеу мерзімі диагноздың өзіне емес, организм функцияларының бұзылуын және мүгедектігі бар адамның қабілеттерін қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің болжамына байланысты айқындалатыны түсіндірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Егер аурудың, жарақат салдарының немесе денсаулық жағдайының нәтижесінде организм функцияларының бұзылу дәрежесі емдеу және оңалту жүргізу нәтижесінде өзгеруі мүмкін болса, мүгедектік белгілі бір мерзімге белгіленеді. Бұл адамның жағдайын қайта бағалауға және оның функционалдық мүмкіндіктерінде өзгерістердің болған-болмағанын айқындауға мүмкіндік береді.
Қайта куәландыру кезінде мамандар денсаулық жағдайының динамикасын, жүргізілген емдеу мен оңалту шараларының нәтижесін, сондай-ақ тіршілік-әрекетінің шектелу дәрежесін ескереді. Осыған байланысты мүгедектік мерзімі қайта белгіленуі мүмкін.
Мерзімсіз мүгедектік заңнамада көзделген жағдайларда, организм функцияларының бұзылуы тұрақты, қайтымсыз және толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда, сондай-ақ оңалту әлеуеті болмаған кезде белгіленеді.
Осылайша, бірдей диагноздың болуы мүгедектіктің мерзімі де бірдей болады дегенді білдірмейді. Әрбір жағдай жеке қаралады. Шешім денсаулық жағдайын, организм функцияларының бұзылу дәрежесін және олардың қалпына келу мүмкіндігін кешенді бағалау негізінде қабылданады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 08:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















