Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

Заңғар Нұрланұлы туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

Еңбек нарығындағы елеулі өзгерістер

Еңбек нарығындағы елеулі өзгерістер

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Отандық еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік әлі де сақталып отыр. Цифрлық технологияның дендеп енуі кадрларды даярлау саласына жаңа тұжырымдар қажет екенін анық аңғартады.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бұл мәселені Ертіс-Баян өңірінің мысалында талдап көрелік. Мамандардың ай­туынша, жұмыс берушілердің сұранысы қазірде цифрлық, техникалық дағдылары бар мамандарға қатысты. Ал оқуды жаңа тәмамдаған азамат­тарда цифрлық сауат жетіс­пей­ді. Жасанды интеллект (ЖИ) күнделікті жұмыста адам ең­бегін біртіндеп ауыстыра, то­лық­тыра бастады. Осының сал­дарынан өнеркәсіп, логис­ти­ка, бухгалтерия, call-орта­лықтар, әкімшілік қолдау сала­ларын­да жұмыс орындары қыс­қа­рып барады. Керісінше ЖИ, де­рек­терді талдау, кибер­­қауіп­сіздік, цифрлық марке­тинг, қызмет көрсету жүйел­е­рін енгізу салаларында жаңа ма­ман­дықтар құрылып жатыр.

– Сұраныс нәтижесінде еңбек нарығының құрылымы өзгеріп, цифрлық, талдамалық дағдылары бар мамандарға сұраныс артып келеді. ЖИ компаниялары өндірісті, тауарлы-материалдық құндылықтарды басқаруды, сұранысты болжау­ды, тұтынушыларға қызмет көрсетуді оңтайландырады. Бұл аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Әсіресе жергілікті кәсіпорындар инновацияларды белсенді түрде енгізуі керек. Деректерді өңдеу, ма­шиналық оқыту, роботтехника сынды жаңа білім бағдар­ламаларына қажеттілік бар. Өңірлік жоғары оқу орындары мен колледж­дер оқу жоспарларын еңбек нарығының сұраныстарына бейімдей бастауға тиіс, – дейді Павлодар облысының жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар бас­қар­масы басшы­сының орынбасары Нұрлан Бекжанов.

Ресми деректерге сүйенсек, Павлодар облысындағы еңбек нарығында жағдай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Жыл басынан бері өңір­де 28 041 адам жұмысқа орна­ластырылған. Өнеркәсіп саласында мамандарға сұраныс жоғары, техникалық, кәсіптік білімі бар білікті кадр­ларға қажеттілік – 11 270 орын. «Элек­трондық еңбек биржасы» порталында барлығы 1 211 бос жұмыс орны жарияланған. Білікті кадрлардың тапшылығы – 10 059 маман. 2030 жылға дейін жоғары, техникалық, кәсіптік білімі бар білікті кадрларға қажеттілік 64,5 мыңға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Тек келер жылдың өзінде аталған салаларға 11 мың­нан астам маман қажет болады. Бұлардың арасында білім, денсаулық сақтау, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау, экономика және бухгалтерлік есеп, мәдениет, спорт, тау-кен, ақпараттық-ком­муникациялық технологиялар мамандықтары бар.

– Павлодар облысы еліміздің жетекші индустриялық өңір­лерінің қатарына кіреді. Кейінгі жылдары экономиканы жаң­ғырту барысында жаңа кәсіпорындар мен жобалар іске қосылып жатыр. Химия өндірістерін салу, индустриялық аймақты дамыту жаңа жұмыс орындарын ашып, инженерлерге, технологтерге, механиктерге, техниктерге сұранысты арттыра түсті. Қазіргі заманғы кәсіпорындар жасанды интеллект негізінде автоматтандырылған желілерді, роботтехниканы, басқару жүйелерін белсенді түрде енгізіп жатыр. Бұл күрделі жабдыққа қызмет көрсетуді, конфигурациялауды, цифрлық жүйелермен жұмыс істеуді, машиналарды бағдарламалауды білетін қызметкерлерді қажет етеді, – деп толықтырды Б.Бек­жанов.

Статистикалық деректер IT-мамандарға, атап айтқанда, веб-әзірлеуші, мобильді қосым­шаларды жасаушы, кибер­қауіпсіздік, Big Data қызмет­керлеріне сұраныстың арта түс­кенін де байқатады. Цифр­лық, автоматтандырылған үдерістерге бейімделген жұ­мысқа қатысты техника­лық мамандықтар, мысалы, жаб­дыққа қызмет көрсету, өнер­кәсіптік монтаждау мамандары, заманауи өндірістік жүйелердің операторлары да сұранысқа ие. Өңір өнеркәсібін­де автоматтандыру белсенді да­мып келеді әрі бұл жаңа техника­лық дағдыларды талап етеді. Осы­ның әсерінен жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік қалыптасуы ғажап емес. Автоматика инженерле­ріне, IT-мамандарына, цифрлық жүйе операторларына сұра­ныс жүйелі түрде артқанымен, қажетті дайындығы бар адамдар жетіспей отыр.

Жас маман Александр Ша­по­валов та алған білімін жа­қында заманға сай жетілдіруге мәжбүр болғанын айтады. Успен ауданындағы «Киров» ЖШС-інде еңбек етіп жүргеніне үш жылдай уақыт болыпты. Оның айтуынша, серіктестікте электрик болып жұмыс істейді. Павлодар ақпараттық технология­лар колледжін тәмамдаған соң таң­дауы бірден ауылға түскен.

– Шаруашылығымыз сүт бағытына бейімделген, мал фермалары, суармалы жерлер бар. Астық қамбалары орналасқан. Солардағы электр жабдықтарын бабында ұстап, электр желіле­рін қалпына келтіріп отырамыз. Өзім сияқты тағы бірнеше электрик бар. Басшыларымыз барлығымыздың әлеуметтік жағдайымызбен санасады, демалысымызды тиімді өт­кізуге көңіл бөледі. Алатын жала­қымыз да лайықты. Тек бізге қойылып отырған талап – цифрлық жаңа технологияларға ден қою. Шаруашылықтағы автоматтандырылған желілерді одан әрі жетілдіру жоспарда тұр, – дейді Александр.

Жаңа индустрия мен кәсіп­керліктің дамуы маркетинг, қаржы, бизнес-талдау, жобалық менеджмент салаларына да сұраныс туғызған. Өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері өз қызметін цифрлық форматқа көшіріп жатыр. Осыған байланысты SMM-мамандар, бизнес-талдаушылар мен жобаларды басқару сарапшылары қажет. Бұдан бөлек, логистика мен көлік саласында да сұраныс басым. «Қазақстан темір жолы», «KSP Steel» сияқты кәсіпорындар логистикалық тізбектерді оңтайландыру, қойма менеджменті мен жет­кізу тетіктерін цифрландыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сол тұрғы­да логистер, тасымалдау жүйе­сінің диспетчерлері, көлік-инфра­құрылым инженері мамандық­тарына сұраныс артып отыр.

Торайғыров университеті­нің ректоры Нұрлан Медетов кейінгі жылдары аймақта IT-тех­нологиялар мен цифр­ландыру саласының мамандарына сұраныс күрт артып отырғанын айтады. Өндірістік кәсіпорындар өздерінің тех­нологиялық үдерістерін цифр­лық бақылауға көшіріп жатыр. Осыған байланысты деректер талдау­шылары, жүйе әкімшілері, автоматтандырылған басқару жүйесінің инженерлері, IT-жобаларды үйлестірушілер қажет болып отыр. Бұрын тек еліміздің ірі қалаларында сұра­нысқа ие болған бұл маман­дықтар енді біздің өңірде де жоғары бағаланады.

– Павлодар өңірі – еліміздің индустриялық жүрегі. Аймақтың экономикасы металлургия, энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі секілді ірі салаларға сүйенеді. Кейінгі жылдары өңірдегі өндіріс орындарының көбеюі, жаңа технологиялардың енуі кадрларға деген сұраныстың си­патын едәуір өзгертті. Өңір­лік кәсіпорын­дар ең алдымен инженерлік-техникалық бағыттағы маман­дарға мұқ­­таж. Алюминий зауыты, фер­роқорытпа зауыты, мұнай-химия зауыты, энерге­тикалық компания­лар электр инженерлері, механиктер, технологтер мен автоматтандыру саласының мамандарын қажет етеді. Бұл – өңір экономикасы өндірістік бағытының тікелей көрінісі. Энергетика саласында жылу, электр стансаларын басқару инженерле­рі, жабдықтардың автоматты жүйесін қадағалайтын мамандар, жөндеу, сервистік қызмет көрсету инженері ең жоғары жалақы алатын әрі тұрақты сұранысқа ие кәсіп иелеріне айналған, – дейді ол.

Ертіс-Баян өңірі елімізде «Жаңа мамандықтар атла­сын» жүзеге асырып отырған бірден-бір облыс. Жергілікті кәсіпорындардың технологиялық деңгейі де әртүрлі. Дәстүрлі өндіріс тәсіл­дерінен бастап, «Индустрия 4.0» қағидаттарына (цифрландыру, автоматтандыру, ESG-экологиялық, әлеу­меттік, кор­поративтік бас­қару) толық көшкен заманауи өндіріс­терге дейін бар. Мұндай эконо­микалық жағдай білім бағдарламаларының маз­мұ­нын да жаңартуды қажет етеді. Мәселен Торайғыров университеті бағдарламаларды өңір кәсіпорындарының нақты сұранысына бейімдеп, еңбек нарығымен тығыз байланыс орнатқан. 2021 жылдан оқу орны аймақтық «Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы» не­гізінде инновациялық білім бағдарламаларын әзірлеуді бастап кетті. Әр бағдарлама бірнеше микробіліктілік бағы-т­ы­н қамтиды. Микробіліктілік жүйесінің басты ерекшелігі – студенттің өз саласында икем­ді маманға айналуына жағ­дай жасау. Бағдарлама аясында демонстрациялық емтихан негізінде студент кәсіби құзы­реттілігін дәлелдейтін сертификат алады. Нәтижесінде, цифрлық жүйелер мен ЖИ салаларына арналған мамандық жоғары деңгейде сұранысқа ие болып отыр. Осы бағыттарда білім алған, заманауи дағдыларды меңгерген студенттерге еңбек нарығында мол мүмкіндік ашылады.

Кейінгі үш жылда өңірде­гі кәсіпорындармен ынты­мақ­тастық нәтижесінде универ­ситеттің 950-ден астам түлегі тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткіш кадр даярлау сапасының артып келе жатқанын айғақтайды.

Облыстық білім бас­қарма­сының мәліметінше, ин­женер­лік-техникалық, жұмыс­­шы ма­мандықтарына, ден­­сау­лық сақтау, білім, қыз­мет көрсету, тамақ өнеркәсібі, ауыл ша­руашылығы мамандарына жоғары сұраныс әлі де қалып­тасып отыр. Мемлекеттік тапсырыс көлеміне 2025–2026 оқу жылына арналған 650 нысаналы кадрлар даярлау орны енген. Атап айтқанда, инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары – 3 045, қызмет көрсету – 700, бизнес, басқару және құқық – 615, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандығына 515 адамды мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде оқыту жоспарланған. Экономистер мен заңгерлерге сұраныс күрт төмендеген.

– Жұмысшы, инженерлік мамандықтарға өндіріс орында­рының көбеюі әсер етсе, педагогтерге сұраныстың артуына урбанизациялық факторлар себеп болып отыр. Ауылдық жерлерде мұғалімдер тапшы­лығы бар. Бұл мәселені шешу мақ­сатында «Серпін» жобасы іске асырылып жатыр. Алайда әлі де болса кадрлардың ауысуы, же­тіспеушілігі сақталып отыр. Денсаулық саласындағы мамандардың жетіспеушілігі де көбіне ауылдық жерлерге тән. Дәрігерлер мен мұғалімдердің төмен жалақы, ауыр жұмыс жүктемесі немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты үлкен қалаларға, басқа өңірлерге кетіп қалуы жиі кездеседі. Зейнетке шығатын қызметкерлердің орнын басатын жас кадрлар жет­кіліксіз. Жаңадан пайда болған аудандардағы мектептер мен балабақшаларға бірден тәрбиешілер мен бас­тауыш сынып мұғалімдерінің көп саны қажет болады, – деп түсіндірді жағдайды білім басқармасы басшысының орынбасары Гүл­мира Баширова.

Атап өтерлігі, биыл кәсіп­орындардың білікті жұмыс­шыларға деген тұрақты сұра­нысын қанағаттандыру мақса­тында полимерлік өндіріс технологиясы, элеватор, ұн тарту, жарма, құрама жем өндірісі, автомобиль құрастыру, ІТ, цифрлық мамандықтар, жылу электр стансаларының жылу энергетикалық қондырғылары бойынша жаңа мамандық ашылған.

Отандық еңбек нарығына адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған технологиялық жетістіктер әсер етіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Түрлі тенденциялар мен жаңа бағыт қалыптасып жатыр. Әлемдік сарапшылар алдағы жылдары ірі компаниялар мамандықтар тізіміне емес, адам дағдыларына мән беретінін айтады. Тех­нология қарыштап дамыған сайын ком­паниялардың білім бағдар­ламалары жылдам ескіріп қалып жатыр. Осыған орай еңбек ұйым­дарындағы қызметкерлер білімін қайта шыңдауына тура келеді.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see137

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see116

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see113

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын

15 Сәуір 2026 03:44see113

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see111

Жетісуда мал ұрыларының көлігі мемлекетке тәркіленді

14 Сәуір 2026 20:03see111

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see111

Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

14 Сәуір 2026 15:59see110

Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді

14 Сәуір 2026 23:41see110

ЕТЖ 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ мәліметті үкіметте айтты

14 Сәуір 2026 14:15see110

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see110

Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу жаттығу өткізіп жатыр

15 Сәуір 2026 13:01see109

Кішкентай күшік . Салмағы адамдай алабай қазақстандықтардың назарын аударды

15 Сәуір 2026 13:16see109

Мұнай табысы бюджетке оң әсер етті Энергетика министрі

14 Сәуір 2026 11:13see109

Эрдоган Израильге әскер кіргіземін деп ескертті

14 Сәуір 2026 20:03see108

Камералар енді жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды алғашқы нәтижелер жарияланды

15 Сәуір 2026 17:20see107

Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды

14 Сәуір 2026 12:40see107

Елімізде 5,8 млн қызметкерге жұмыс берушінің қосымша зейнетақы төлемдері төленді

15 Сәуір 2026 11:27see106

Заңғар Нұрланұлы туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

15 Сәуір 2026 00:16see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары