Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жобаларын әзірлеуге өзгерістер енгізілді
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жобасы келесі бөлімді орындауды қамтитыны нақтыланды:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның инфрақұрылымының жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары): визит-орталықтарды, туристік соқпақтарды, шолу алаңдарын, бивуак алаңдарын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қолжетімді жерлерде электр қуаттау станцияларымен жабдықталған тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақүйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдық тамақтану, сауда және өзге де мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандарды, құбыр желілерін, электр беру және байланыс желілерін, жолдарды экологиялық туризмді дамыту ескеріле отырып орналастыру орындарын қамтиды.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның инфрақұрылымының жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) сондай-ақ мыналарды қамтиды:
туризм инфрақұрылымын жоспарлау:
туристік және рекреациялық мақсаттағы нысандарды орналастыру орындарын айқындау: визит-орталықтар, туристік маршруттар (соқпақтар), шолу алаңдары, бивуак алаңдары, көлік тұрақтары, оның ішінде электр желілеріне қолжетімді жерлерде электр қуаттау станцияларымен жабдықталған тұрақтар, кемпингтер, шатырлы лагерьлер, қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар (кешендер), қоғамдық тамақтану, сауда және өзге де мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандар, бақылау-өткізу пункттері, аншлагтар (жоспарланып отырған нысандардың қысқаша сипаттамасымен және рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелерді, өткізу қабілетін есептеумен) аумақты функционалдық аймақтарға бөлуді, экологиялық талаптарды, эстетиканы, ұзақ мерзімділікті, үнемділікті және туристер мен қоршаған орта үшін қауіпсіздікті ескере отырып айқындалады.Бұйрық 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру: ережелерге өзгерістер енгізілді
22 Қаңтар 2026 14:31
Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады
17 Шілде 2026 19:14
Электрондық жер кадастрлық карталарды құру: өзгерістер енгізілді
31 Қазан 2025 12:33
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін пайдалану тәртібі қайта қаралды
22 Қаңтар 2026 14:18
Үкімет регламентіне өзгерістер енгізілді
06 Қаңтар 2026 10:10
Көрілімдер:140
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 16:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















