Ереванға тікелей әуе рейсі қайта ашылуы мүмкін
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Армения астанасы Ереван қаласына тікелей әуе рейсі қайта ашылуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанаға ресми сапармен Армения премьер-министрі Никол Пашинян келді. Бүгін оны Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Ал вице-премьер Серік Жұманғарин журналистерге Ереван қаласына тікелей әуе рейстерін қайта ашу жоспары жайында айтып берді.
"Бізде бұрын тікелей рейстер болған. Қазір уақытша тоқтап тұр. Себебі Ереван әуежайында қызмет көрсету өте қымбат, адам басына – 65 доллар. Ал керосиннің бір тоннасы шамамен 1 248 доллар тұрады. Бүгінде осы шығындарды субсидиялау мәселесі талқыланып жатыр",-деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, мемлекеттен субсидия берілсе, Fly Arystan мен Scat Ереванға тікелей әуе рейстерін ашуға дайын отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:107
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 12:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















