Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Еуропаның көлік өндірісі тоқтауға шақ тұр

Еуропаның көлік өндірісі тоқтауға шақ тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кәрі құрлықта көлік өндірісі шатқаяқтап тұр. Себебі чип тапшы.

Таяуда Нидерланд қытайлық Nexperia компаниясын мемлекет меншігіне алды. Алайда мұны Бейжіңнің қырағы көзі шалып қалған. Сөйтіп бірден чип экспортын тыйды. Енді BMW Group, Fiat, Stellantis және Volkswagen Group секілді әйгілі көлік өндірушілердің жұмысы тоқтап қалатын түрі бар. Еуропа нарығының алпауыттары енді қайтпек? 

Қазір еуропа автоөндірушілері  қоймада қалған чиппен жұмыс істеп амалдап жүр. Алайда оның қоры көп ұзамай таусылады. Дағдарыс ең әуелі Volkswagen компаниясының жұмысын тұралатты. Концерн басшылығы Вольфсбургтегі зауытта Гольф моделін шығару уақытша тоқтайды деп жариялады. Ал Цвиккау қаласында қысқартылған жұмыс кестесі енгізіледі. 

Беатрикс Кайм, Автомобильдер зерттеу орталығының қытай жобалары жөніндегі директоры:

- Бұл чиптердің бағасы арзан. Өндірушілер оны 1-2 айға жететіндей ғана қорын алады. Бұл қойма шығынын азайту үшін жасалады. Егер тауар уақытында келмесе, еуропалық өндірушілер өндірісті тоқтатуға мәжбүр болады.

Еуроодақ Бейжіңнің ықпалынан арылмақ. Сондықтан қытайлық Nexperia компаниясы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған Брюссельді Вашингтон мәжбүрлеген. Nexperia қытайлық Wingtech компаниясына қарайтын. Ал бұл бірлестік АҚШ-тың қара тізімінде тұр. Алайда Еуропа Қытайсыз темір тұлпар шығара ала ма – басты мәселе осы. «Өйткені қарт құрлықтың көлік өндірісі қытайлық электроника мен чиптерге тәуелді», - дейді сарапшылар. 

Беатрикс Кайм, Автомобильдер зерттеу орталығының қытай жобалары жөніндегі директоры:

- Көліктің қосалқы бөлшегін өзгерту оңай шаруа емес. Бұл үшін ұлттық немесе аймақтық деңгейде техникалық рұқсат алу қажет. Бөлшек өндірушісі ауысса да, дәл солай мақұлдау керек. Мұны іске асыру бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін.

Бейжің Нидерланд үкіметінің іс-әрекетіне наразы. Билікті компанияның ішкі мәселесіне араласпауға және оңтайлы шешім табуға шақырды. 

ҚХР сауда министрлігі жариялаған мәлімдеме

Чип тапшылығына Нидерланд өзі жауапты. Ойланбай қабылдаған шешімнің салдары ауыр болады. Бұл жаһандық өндіріс пен саудаға қауіп төндіреді. Nexperia – қарт құрлықтағы чип өндірісінің алпауыты. Егер мәселе дереу шешілмесе, Еуропаның чипті қажет ететін өзге салалары да тұралап қалуы мүмкін. 

Фердинанд Дуденхеффер,  көлік саласы бойынша сарапшы:

- АҚШ – Еуропаның басты одақтасы. Алайда біз өз мүддемізді де ескеруіміз керек. Қытайға Құрама Штаттар мәжбүрлеп отырғанын түсіндіріп, келіссөз жүргізу қажет. Әйтпесе АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі Германияға, тіпті бүкіл Еуропаның өндірісіне кері әсер етеді. 

Биыл тоғыз айда Германияның ең ірі бірлестіктерінің табысы екі есе қысқарған. Бұған Президент Трамп енгізген тарифтер себеп. Мәселен, Mercedes-Benz кірісінің 50, ал Volkswagen 58 пайызынан айырылды. Енді чиптер тапшылығы жығылғанға жұдырық болмақ. Guardian басылымының дерегі бойынша, 31 қарашада Брюссельге Қытай делегациясы келуге тиіс. «Дәл осы кездесуде Еуропа көлік өнеркәсібінің болашағына қатысты шешім қабылдануы мүмкін», - дейді сарапшылар.

Авторлары: Зайнұр Байжігіт

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 08:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары