Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Қазақстанда күмістің бағасы шарықтап тұр, ал өндірісі құлдырап барады

Қазақстанда күмістің бағасы шарықтап тұр, ал өндірісі құлдырап барады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

EnergyProm мақаласында айтылғандай, 2024 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында 697,5 тонна аффинирленген күміс өндірілген. Бұл 2012 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болды. Бір жыл ішінде өндіріс көлемі бірден 21,2 пайызға қысқарған.

Ал 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында елде 567,5 тонна таза күміс шығарылды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға аз.

Күміс экспорты да 9 пайызға төмендеп, 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында 516,8 тоннаны құрады. Алайда ақшалай мәнде экспорт көлемі 19,3 пайызға өсіп, 581,1 млн АҚШ долларына жетті.

Агенттіктің материалына сәйкес, күміс экспортының 96 пайыздан астамы небәрі төрт елге тиесілі. Оның басым бөлігі Ұлыбританияға (242,4 тонна) және АҚШ-қа (155,4 тонна) жөнелтілген.

Күмістің бір трой унциясының орташа экспорттық құны бір жыл ішінде айтарлықтай өсті. Атап айтқанда, 2024 жылдың қаңтар-қазан айларындағы 26,7 АҚШ долларынан 2025 жылдың осы кезеңінде 35 АҚШ долларына дейін артқан. Ал 2025 жылдың қазан айының өзінде күмістің орташа бағасы бір трой унциясы үшін 44,7 АҚШ долларына жетті.

– Өткен жылдың екінші жартысында күмістің бағасы күрт өсе бастады. Мәселен, 2025 жылдың басында оның құны бір трой унциясы үшін 31,3 АҚШ долларын құраса, биылғы жылдың басында бұл көрсеткіш 72,8 АҚШ долларына жетіп, 2,3 есеге артты. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылғы күмістің құны 2016 жылмен салыстырғанда, яғни тоғыз жыл ішінде, 2,2 есеге өскен. Бұдан бөлек, 2026 жылдың 12 қаңтарына қарай күміс бағасы тағы 17,8 пайызға қымбаттап, бір трой унциясы үшін 85,7 АҚШ долларына жетті, – делінген хабарламада.

Күміс бағасының өсуі алтынның рекордтық қымбаттауымен қатар жүріп отыр. Биыл алтын бір трой унциясы үшін 4,6 мың АҚШ доллары межесінен асып, тарихи рекордты тағы да жаңартты.

Алтын мен күмістің құндық арақатынасы, яғни бір трой унция алтын сатып алу үшін қажет күмістің трой унциясының құны 2025 жылдың басындағы 89,3-тен биылғы жылдың басындағы 60,3-ке дейін қысқарды. Ал 2026 жылдың 12 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 53,7-ге дейін төмендеген.

Агенттік мәліметінше, тарихи тұрғыда бұл көрсеткіш ұзақ жылдар бойы 10-15 деңгейінде болған. Ал 2000 жылдардың басына қарай бір трой унция алтынға шаққанда 50-60 трой унция күміс деңгейіне дейін өскен. Ең жоғары шегіне бір трой унция алтын үшін 125 трой унция күміс тең еді, ол 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде, нарықтардағы дүрбелең салдарынан алтын бағасының күрт қымбаттауы аясында жеткен.

Келесі жылы алтын мен күмістің құндық арақатынасы 65-тен 79,2-ге дейін құбылып отырды. Алайда 2022 жылдан бастап Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты геосаяси шиеленістің күшеюі, сондай-ақ алтынға қорғаныш активі ретінде сұраныстың артуы бұл көрсеткішті 100-ге дейін жеткізді.

2025 жылдың екінші жартысында күміс алтынмен салыстырғанда жедел өсу кезеңіне өтті. Бұл алтын мен күмістің құндық арақатынасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Мұндай үрдіс тарихи тұрғыда экономикалық белсенділіктің қалпына келу кезеңдеріне және өнеркәсіптік сұраныстың артуына тән.

– Қорғаныш активі ретіндегі мәртебесін сақтап отырған алтыннан айырмашылығы, күміс қазіргі циклде гибридті құрал ретінде көрініс табуда, яғни ол бір мезгілде әрі инвестициялық, әрі өнеркәсіптік металл болып саналады. Дәл осы қосарлы табиғат күмісті макроэкономикалық күтулердің өзгеруіне барынша сезімтал етіп, белгісіздік азайған жағдайда баға динамикасын күшейтеді, – деп атап өтті агенттік.

Күміске деген өнеркәсіптік сұраныстың, әсіресе «жасыл» технологиялар саласындағы қажеттіліктің артуы және инвесторлар қызығушылығының қайта жандануы аясында әлемдік күміс өндірісі де қысқарып келеді. АҚШ Геологиялық қызметінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемде шамамен 25 мың тонна күміс өндірілген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6 пайызға аз.

Күміс өндіруде Мексика көш бастап тұр. Бұл елдің үлесіне 6,3 мың тонна тиесілі. Одан кейін Қытай (3,3 мың тонна) мен Перу (3,1 мың тонна) орналасқан.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1 мың тонна күміс өндірілген. Бұл көрсеткіш республиканың әлемдегі ең ірі күміс өндіруші он елдің қатарына енуіне мүмкіндік берді.

Еске салсақ, алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 18:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары