Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

G20 саммиті: алпауыт елдер Африкада бас қосады

G20 саммиті: алпауыт елдер Африкада бас қосады

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлемнің алпауыт мемлекеттерінің басшылары Африкада бас қосады, деп хабарлайды 24KZ. Ертең Оңтүстік Африка Республикасының астанасында «Үлкен жиырмалық» елдерінің кезекті саммиті өтеді.

Бірақ жиынға Дональд Трамп бармайды. Тіпті Ақ үй басшысы бойкот жариялады. Қытай, Ресей президенттері де бұл жиынға тек өкілдерін жіберді. Енді үш державаның көшбасшылары қатыспайтын жиында қандай мәселелер талқылануы мүмкін? Олардың келмеуіне не себеп? Мұндайда маңызды келісім жасау мүмкін бе?

Биыл G20 саммиті алғаш рет Африка құрлығында өтеді. Оңтүстік Африка Республикасы мәртебелі меймандарды қарсы алуға дайын. Саммитте көтерілетін негізгі мәселе – экономикалық теңсіздікті жою. Көпшілікті жаһандық Оңтүстіктегі дамушы елдер мен табысы жоғары мемлекеттердің арасындағы алшақтық алаңдатып отыр. Бұдан бөлек қатысушылар сирек металдар, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталмақ. 

Бусисифо Сиоби, Good Governance Africa мемлекеттік саясат зерттеушісі:

- Негізгі мәселе құрлық тұрғындарына осы пайдалы қазбалардың қандай тиімді тұстары бар және олардың қазіргі энергетикалық дағдарыстарды шешуге қаншалықты көмектесетінінде. Статистикаға сүйенсек, шамамен 600 миллион африкалық электр қуатынсыз өмір сүреді. Сондықтан энергетикалық жүйеге көшу үдерісі құрлықтың даму міндеттеріне сай келуі маңызды.

Бүгінде ұйымға 19 мемлекет, Еуроодақ және Африка Одағы мүше. Шақыртуды қабыл алған өзге де мемлекеттерді санағанда саммитке 42 мемлекет қатысқалы отыр.

Алайда жаһан жұртын өзіне қаратып отырған үш негізгі держава – АҚШ, Қытай, Ресейдің президенттері шараға қатысудан бас тартты. Ресейлік делегацияны Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Максим Орешкин басқарса, Си Цзиньпиннің орнына Мемлекеттік кеңестің премьері Ли Цян барады.

АҚШ президенті Дональд Трамп та бұл жиында төбе көрсетпейді. Бастапқыда саммитке вице-президент Джей Ди Вэнсті жіберетінін айтқан еді. Бірақ кейінірек Ақ үйден бірде-бір өкіл бармайтыны белгілі болды. Трамп бұған Оңтүстік Африкадағы ақ нәсілділер құқығының бұзылып жатқанын желеу етті. Дегенмен қабылдаушы мемлекет АҚШ жариялаған бойкотқа күйініп отырған жоқ.

Сирил Рамафоса, Оңтүстік Африка Республикасының президенті:

- Менің саяси тәжірибемнен айтарым, бойкот жариялаудың еш мәнісі жоқ. Бұл әдетте қарама-қайшы әсер береді. АҚШ осы арқылы көп нәрсені жоғалтады. Құрама штаттар G20 саммитіне қатысудан бас тартса, саммит жалғасын таппайды деген сөз емес. Саммит өз жұмысын жалғастыра бермек. Өзге мемлекеттер осында болады. Нәтижесінде маңызды шешімдер қабылдаймыз.

Ұйымға екі жыл бұрын қосылған Оңтүстік Африка биылғы саммитке төрағалық етуін тиімді пайдаланып, өз мүдделерін қорғауға тырысты. Биыл Африка елдерінің сыртқы қарызы 1,15 трлн долларға жетті. Қарыздық міндеттемелерін орындауға жұмсалатын қаражат денсаулық сақтау мен білім беру саласына бөлген сомадан асып түседі. Белсенділер дамушы елдердің қарыз жүктемесін азайтып, жаһандық қарыз дағдарысына қатысты шұғыл реформалар қабылдауды талап етіп отыр.

Секоэтлане Фамоди, New Economy Hub директоры:

- Біз мемлекеттерге ауыртпалық салып отырған қарыз дағдарысына назар аудартқымыз келеді. Африкалық елдер қарыздарын өтеуде өте тұрақты, тіпті ол үшін өз халықтарын ең қарапайым қажеттіліктерінен айырады. Ал Еуропадағы дефолтқа ұшыраған елдердің пайыздық мөлшерлемелері әлдеқайда төмен. Бұл – империализмнің жаңа түрі. Елдеріміздің байлығын ұрлау болып саналады. Шұғыл шара қолдану қажет.

Дүниежүзілік сауда ұйымының дерегіне сәйкес биыл G20 экономикаларының сауда импорты өткен жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайған. Ал «Үлкен жиырмалық» елдері әлемдік жалпы ұлттық өнімнің шамамен 85%-ін қамтиды. Сондықтан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаңда қабылданатын шешімдер күллі мемлекеттердің дамуының бағыт-бағдарын айқындайтыны анық. Оңтүстік Африканың саммитке төрағалығы 30 қарашаға дейін жалғасып, кейін АҚШ-қа өтеді.

Авторы: Мөлдір Жақан

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары