Ғасыр жасаған әже дауыс берді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, елмен бірге талай тарихи кезеңді өткерген ақ жаулықты ана Алматы облысындағы Кеген ауданында тұрады. Жасы жүзден асса да саяси науқанда белсенділік танытқан кейуана Ұзынбұлақ ауылындағы үйінде дауыс берді.
Ғасыр куәсі болған Күлпара әже ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін өз таңдауын жасады. Оның сайлауға қатысуы – жас ұрпаққа өнеге, ел тағдырына деген жауапкершілік пен азаматтық парыздың айқын көрінісі.
Бұл күні бір әулеттің төрт буынының өкілдері дауыс берді. 104 жастағы Күлпара Шортановамен бірге оның 86 жастағы ұлы Марат, 51 жастағы немересі Олжас, 26 жастағы немересі Бейбіт және 19 жастағы шөбересі Бақтияр өз таңдауын жасады.
Бір әулеттің бірнеше буынының сайлауға бірге қатысуы – ұрпақтар сабақтастығының, отбасы бірлігі мен ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Ғасыр жасаған ананың азаматтық ұстанымы кейінгі буынға үлгі болып, елдік мәселеге әр азаматтың таңдауы маңызды екенін көрсетті.
Күлпара әженің ғибратты ғұмыры – бір ғасырдан астам уақыттың, талай тарихи кезең мен қоғамдық өзгерістің куәсі болған тағылымды өмір жолы. Бүгінде де ол ел өмірінен шет қалмай, өз таңдауын жасап, ұрпағына өнеге көрсетіп отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 16:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















