Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясын басқарады

Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясын басқарады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Геннадий Головкин «World Boxing» халықаралық бокс федерациясы­ның президенті болып сайланды. Италияның Рим қаласында өткен конгресте әлемдік ұйымның тізгінін ұстаған отандасымыз – халықаралық спорт федерациясын басқарған Қазақ елінің алғашқы азаматы. Бұған дейін отандас­тарымыз спорт өрісінде мұндай бедел­ді ұйым, федерациялардың бас­шы­лық лауазымын атқарған емес.

Геннадий Головкин Халық­аралық бокс федерациясының пре­зиденті болып сайланса, тек қазақ боксы ғана емес, әлемде осы спорт түрінің өркен жаюына зор еңбек сіңіретінін газетіміздің өткен нөмірінде жазған едік.

Рим қаласында өткен Кон­гресте отан­дасымыз халық­аралық федерацияның президенті лауазымына үш жыл мер­зімге сайланды.

«Мен бокстың барлық өтке­лінен өттім, әуесқойлар арасында Олимпиада додасына қатысып, күміс медаль иелендім, әлем чемпионы атандым. Ал бүгінде спорт саласында жауапкершілік арқалап, басшылық қызмет атқарып келемін. Бала күнімнен жүрегіммен қалаған, көңілім ерекше құлаған спорттың болашағы үшін Халықаралық бокс федерациясына үлесімді қосып еңбек етуге келдім. Бұған дейін Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) Olympism365 комиссиясының мүшесі ретінде, сонымен қатар «World Boxing» ұйымының Олимпиадалық комис­сиясының төрағасы лауазымын атқарғанда аңғарғаным, әділ басшылық ету – боксты, бокс­шыларды қорғайтын қалқан. Біз бүгін тарихи маңызды жиынға жиналдық. Халықаралық бокс федерациясы боксшылардың сені­мін күшейтетін, Олимпиадалық қауымдастық санасып, құрмет­тейтін ұйымға айналуы қажет»,  деді Г.Головкин.

Халықаралық ұйым­ның екі тізгін, бір шылбырын қолына алған жер­лесіміз боксты дамытуда әді­лет­тілік орнатып, бұра тартушы­лық­қа жол бермеу­ге күш салаты­ны­на тоқталды. ХОК-тің барлық құн­дылығына құрмет­пен қарап, әділдік орна­туға барын салатынын, зор жауап­­кершілік жүктеп, се­нім арт­­қан көпшілікке алғысын айтты.

Халықаралық бокс федера­циясының конгресінде ұйымның өзге де басқару органдарының жауапты тұлғалары сайланды. Федерацияның регламентінде қатталған түйткілді мәселелер, күнтізбедегі халықаралық ауқым­­ды шаралар, ұйымды да­мы­ту­дың өзекті тақырыптары талқы­ланды. Жарғыға сай қабыл­дан­ған шешімдер делегат­тардың дауыс беруі арқылы бекітілді. Кон­грес­те дауыс беруге 58 елдің бокс федерацияларының өкілдері қатысты.

2023 жылы сәуірде құрылған «World Boxing» ұйымының көздегені – боксты жазғы Олим­пия ойындарының бағдар­ламасындағы орнын сақтап, бола­шағын бекемдеу. Әйтпесе ХОК 2022 жылы бекіткен Олимпадалық спорт түрлерінің тізіміне бокс­ты қоспай қойды. Кілтипан халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан туындады. 2019 жылдың жазында Халықара­лық бокс қауымдастығының ішін­де тұтанып, жемқорлық мәселесі ушыққанда, ХОК бұл қауымдастықпен жұмыс істеуді тоқтатты. 2023 жылы маусымда Халықаралық олимпиада коми­теті бұл ұйымды мойын­даудан түп­кілікті бас тартып, іргесін аулақ салды. Мұның салқыны алдымен боксқа тиіп, 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Андже­лес қаласында өтетін  Олимпия ойындарынан тыс қалуы да мүмкін еді. Былтырғы Париж Олимпиадасында бокс додасын ХОК арнайы жұмыс тобын құрып, солардың басқаруына беріп өткізді.

Бокс спорты Олим­пиада бағ­дарламасымен бірге жасай беруі үшін ХОК жаңа ұйым құру қажеттігін ескертті. Көп өтпей 2023 жылдың көктемінде «World Boxing» ұйымы құрылып, жер-жаһанға сауын айтылды. Алайда халықаралық бокс федерациясы жұмысына сол жылдың күзінде кірісті. Германияның Франкфурт қаласында алғашқы конгресін өткізіп, президенті, комитет басшылары сайланды. Келешекте атқарылар жұ­мысы жазылып, жарғысы бекітілді. Тұңғыш президенті бо­лып сайланған нидерландық Бо­рис ван дер Ворспен қанаттаса Райан О’Ши (Канада), Мэтт Холт (Англия), Дина Гликидис (Аустралия) вице-президент болып еңбек етті. Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласындағы ұйымның беделін арттыру жаңа командаға сын. Бүгінде ұйымға 136 елдің бокс федерациясы мүше.

Отандасымыз әлемдік ұйым­­ның президенті болып сай­ланғанын жаһандық ақпарат құралдары да сүйіншілей жарыса жазып жатыр. ВВС, Reuters агент­тіктері Головкин халықаралық бокс ұйымының президенті болып сайланғанын, жаңа президенттің жанкүйерлердің бокс спортына деген іңкәрлігін күшейтіп, сенімін арттыруға күш саламын деген пікірін жариялады.

«World Boxing» ұйымының биылғы конгресіне төрағалық еткен халықаралық бокс феде­рациясының вице-президенті Дина Гликидис болашақта атқа­рылар жұмысқа қатысты келелі мәселелер айтылғанын атап өтті. «Конгресс – «World Boxing» ұйымының ең жоғары билік органы саналады. Осындай алқалы басқосуда боксты өріс­тетудің түйткілді мәселелері талқыланып, шешімі айтылады. Құрылғанына екі жыл болған ұйым бірқатар табысқа жетті. Біз әрқашан ашықтық пен қатаң басқару қағидасына сүйеніп, өз міндетін лайықты атқаруға ұмтыламыз. Жаңа сайланған президент Г.Головкин атқарушы кеңеспен тізе қосып, 2028 жылы өтетін Олимпиада додасына әзірлікті күшейте түсетінімізге сенімдімін», деді Д.Гликидис.

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған білікті маман Тұрсынғали Еділов Геннадий Головкиннің халықаралық ұйымға жетекшілік етуі қазақ спортының беделі жоғары екенін айқындай түседі дейді.

«Бәріміз үшін де бұл ақжол­тай жаңалық болды. Қазақ боксының жаңа дәуірі туады деп сенемін. Генаны 2000 жылдары жастар сапына өткен шағынан жақсы білемін, өте ізденімпаз, еңбекқор азамат. Әуесқойлар арасында, кейін кәсіпқой боксқа ауысқанда да еліміздің абыройын асқақтатты. Ал бүгінде әлемдік тұлғаға айналып, дүниежүзінің боксына бас ие болып сайланды. Енді біздің боксшыларға, бапкерлерге де жауапкершілік жоғарылайды деп сенемін. Өйткені қазақ боксы әлемде теңдессіз екенін дәлелдеу бар да, сол биіктен төмендемеу де оларға серт. Бокс деген бекзада спорттың дәрежесін көтеріп, мерейін асыруға жерлесіміз зор үлес қосатынына сенімдімін»,  дейді Т.Еділов.

Олимпиаданың бағ­дарлама­сында бокс спорты орнын нығайта түсуіне жаңа ұжым күш салады деп әлем сеніп артып отыр.

Римдегі конгресте Халық­аралық бокс федерациясының вице-президенті болып Дина Гликидиспен өзге канадалық Райан О Ши, британдық Мэтт Холт сайлан­ды. Ұйымның атқарушы кеңе­сіне Майкл Мюллер (Гер­ма­ния), Викторико Варгас (Филип­пин), Тацуя Накама (Жа­пония), Маркос Кандидо де Брито (Бра­зилия) бекітілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары