Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Грузия парламенті митингілер мен шерулердегі заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтті

Грузия парламенті митингілер мен шерулердегі заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Грузия парламенті Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске және Қылмыстық кодекске жаппай наразылыққа қатысу және полицияға бағынбау ережелерін бұзғаны үшін жазаны айтарлықтай күшейтетін түзетулерді жедел түрде қабылдады. Заң жобасына «Грузин арманы» партиясының өкілдері бастамашы болып, ол пленарлық отырыста үш оқылымда мақұлданды.

Жаңа нормаларға сәйкес, митингіде бетін бүркеу, көзден жас ағызатын газ немесе басқа да улы заттарды қолдану, сондай-ақ қатысушылар жолды жапқаны үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, ал акцияны ұйымдастырушылар үшін бұл мерзім 20 тәулікке дейін ұзартылды.

Полиция шараны тоқтатуды талап етіп, қатысушылар бағынбаған жағдайда 60 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Осыған ұқсас жаза шара кезінде атыс қаруын немесе пиротехникалық заттарды алып жүру үшін де қарастырылып отыр.

Қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулер қайталанатын тәртіп бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейді: екінші рет жасалған әрекет үшін бір жылға дейін және одан кейін жасалған заң бұзу үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Премьер-министр Ираклий Кобахидзенің айтуынша, қоғамдық жиындарда заң бұзу  үшін айыппұл тиімді емес, ал жаңа шаралар азаматтардың көпшілігінің мүдделерін қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және көшедегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

Заң жобасы авторлары атап өткендей, жаңа нормалар наразылық білдіру құқығы мен қоғамдық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ радикалдардың шағын тобының жол қозғалысына кедергі келтіретін және басқа азаматтарға қауіп төндіретін теріс әрекеттердің алдын алуға бағытталып отыр.

Еске сала кетсек, 4 қазанда Грузияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау өтті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, бюллетеньдердің 74 пайыздан астамы саналған кезде билеуші партия 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Екінші орында — оппозициялық «Күшті Грузия» партиясы (6,8%), ал үшінші орында «Гахария — Грузия үшін» партиясы (3,8%) тұр.

Наразылық акциясына шыққандар Тбилисидегі Атонели көшесінде орналасқан президент сарайының ауласына басып кірген. Сол жерде демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болып, құқық қорғау органдары суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.

Тәртіпсіздіктер кезінде 14 полицей жарақат алды.

Елде митинг ұйымдастырғандарға билікті құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. 

Грузиядағы тәртіпсіздікке қатысқандар саны 39 адамға жетті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 22:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары