Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Халықтың сүйіктісі 2026 ұлттық сыйлығының XV маусымы қорытындыланды

Халықтың сүйіктісі 2026 ұлттық сыйлығының XV маусымы қорытындыланды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Биыл қазақстандықтар өз сүйіктілерін 15-рет таңдап отыр. Осы жылдар ішінде бұл сыйлық халық сенімінің, қоғамдық бағалаудың символына айналды. Дауыс беру екі кезеңмен өтті: алғашқысы Facebook желісінде, қорытындысы сыйлықтың ресми сайтында жүзеге асырылды. Сонымен қатар биыл екі жаңа аталым — Жылдың жастар көшбасшысы мен Жылдың медиа-тұлғасы енгізілді, — деді «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының авторы әрі бас ұйымдастырушысы Ғалым Байтук.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қоғамдық сенімді басты құндылыққа айналдырған бұл сыйлық жыл сайын ел өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарды анықтайды. Биыл да білім, медицина, ғылым, спорт, мәдениет пен қоғамдық қызмет салаларындағы үздіктер халықтың тікелей таңдауы арқылы анықталды.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сыйлық аясында әлеуметтік жобалардың маңызы айрықша атап өтілді. Соның ішінде Тимур Құлыбаевтың «Халық» қоры жүзеге асырып жатқан бастамалар жұртшылықтың жоғары бағасына ие болды. Қордың «Ауыл спорт» жобасы ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, нақты нәтижелерімен ерекшеленіп отыр.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— «Ауыл спорт» — бұлауыл балаларының болашағына салынған инвестиция. Жоба аясында жаттықтырушыларды оқыту, спорт түрлерін кеңейту, халықаралық жарыстарға жол ашу жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Екі жыл ішінде жобаға 20 мыңға жуық бала тартылды. Бұл — біздің ең үлкен жетістігіміз, — деді Тимур Құлыбаевтың «Халық» қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Халықтың сүйіктісі — 2026» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік мұғалімі — Болат Аманқұлов 
Жылдың үздік дәрігері — Индира Сарыбаева 
Жылдың үздік спортшысы — Наталья Богданова 
Жылдың үздік тележүргізушісі — Сағыныш Әбікей 
Жылдың ғалымы — Күнсұлу Закарья; Аралбай Нұғман
Жылдың қоғам қайраткері — Динара Құдайқұлова 
Жылдың парламентшісі — Үнзила Шапақ
Жылдың мәдени жобасы — «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі»; «Ботай» мемориалы
Жылдың медиа-тұлғасы — Асхат Аймағамбетов 
Жылдың параспортшысы — Қуаныш Асқарбеков 
Жылдың жастар көшбасшысы — Сұлтанбек Бекешев 

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Жылдың мәдени жобасы» аталымында «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» деректі-көркем тарихи фильмі жеңіске жетті.

— Биыл «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын «Жылдың мәдени жобасы» аталымында алу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл премияның ерекшелігі — жеңімпаздарды қандай да бір ұйым немесе аз ғана қазылар алқасы емес, халықтың өзі анықтайды. Әлеуметтік желілердегі ашық дауыс беру арқылы көрермен таңдау жасайды. Бұл бізге үлкен мотивация береді. Сондықтан ең алдымен жобамызға дауыс берген, қолдау білдірген барша көрерменге алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар «Жібек жолы» телеарнасына және жобаны бірлесе жүзеге асырған Президент телерадиокешенінің басшылығына ризашылығымды білдіремін, — деді жобаның авторы, «Жібек жолы» телеарнасының продюсері Майя Бекбаева.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оның айтуынша, фильм алты ай бойы түсірілген және кинотеатрларда жақсы көрсетілім көрсетіп, қалың көрерменнің қызығушылығына ие болған.

Бұдан бөлек, «Алтын дәуір», «Табыс пен даму», «Жыл меценаты», «Жылдың әлеуметтік бизнесі», «Жыл фермері» және басқа да арнайы аталымдар бойынша үздіктер анықталды.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Академия шешімімен «Жыл фермері» аталымы Александр Закусиловқа, ал «Өңірлік бизнес көшбасшысы» аталымы Талғат Салфиковқа берілді.

Сыйлық академиясының құрамына қоғам мен саясат, азаматтық секторда танылған тұлғалар енді. Олардың қатарында Мұрат Әбенов, Майра Айсина, Айгүл Соловьева, Ирак Елекеев, Абзал Құспан, Серік Сейдуманов, Серік Мамбетов, Раиса Шер, Қуаныш Ерғалиев, Дидар Смағұлов, Талғат Қалиев, Елсияр Қанағатов бар.

Айта кетейік, бұған дейін «Халықтың сүйіктісі–2025» ұлттық сыйлығының қорытындысын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 21:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары