Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Илон Маск: Optimus роботы хирургтен асып түседі

Илон Маск: Optimus роботы хирургтен асып түседі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Гуманоидты робот әлемдегі ең мықты деген хирургтан да асып түседі». Оптимус құлтемірін ойлап тапқан Илон Маск осы сөзіне кәміл сенеді. Америкалық кәсіпкердің айтуынша, Оптимус адамзат баласына ең жоғарғы медициналық қызмет түрін ұсына алады. Маск мұнымен шектеліп қалмақ емес. Тіпті әлемде кедейлік дегенді толық жоюға болады деп отыр.

Бұған дейін адам тектес роботтың үй шаруасына көмектесіп, тамақ пісіріп, тіпті, кунг-фумен айналысқанын талай көрдік. Бірақ Илон Маск мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Жасанды сана иесін одан әрі жетілдірмек. Ол келер жылдың басында көпшілікке Оптимустың жаңа нұсқасы таныстырылатынын жеткізді. Сөйтіп, роботтардың хирургсыз-ақ ота жасайтын күні алыс еместігін айтады. Сөзінше, адамзат баласының қолынан келмейтін дәлдік роботқа тән. Олар ең қиын деген медициналық емшараларды орындайды.

Илон Маск, кәсіпкер:

- Адамдар кедейліктің жойылуы және сапалы медициналық қызмет жайлы жиі айтады. Бұл тек Optimus роботының көмегімен іске асады. Гуманоидты роботтар арқылы шын мәнінде әр азаматқа жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетуге болады. Түбінде Optimus кез келген хирургтан асып түседі.

Адам тектес роботтар қазірдің өзінде әлемнің көптеген медициналық мекемелерінде ота жасауға қатысады. Мәселен, Берлиндегі ауруханада роботтың көмегімен жүрек қақпақшаларында ақауы бар немесе ишемиялық ауруға шалдыққан науқастарға кеуде қуысын толық кеспестен ота жасауға мүмкіндік бар. Нәтижесінде науқастардың отадан кейін қалпына келуіне көп уақыт кетпейді. Алайда бұл роботтар өздігінен жұмыс істемейді. Адамның басқаруымен әрекет етеді.

Волкмар Фальк, кардиология орталығының медицина жетекшісі:

- Бүгінде ауруханамызда бұл технология арқылы 260 операция жасалды. Жүйенің келесі буыны нарыққа 2026 жылы шығады. Қазіргіге қарағанда әлдеқайда дамыған.

Ал Қытай адам тектес роботтардың жаппай өндірісіне кірісті. 2025 жылдың алғашқы 9 айында 50 млрд юань көлеміндегі 600-ден астам инвестициялық жобаға қол қойылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жаңа құлтемірлер ірі автозауыттар мен технологиялық компанияларда ғана емес, медицинада да кеңінен қолданылады. Озық технологияның көмегімен қытайлық дәрігерлер алғаш рет хромосомалар жиынтығын анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Ол жасушаларды сканерлеп, хромосомалық бұзылыстарды небәрі 4 күнде анықтауға мүмкіндік береді. Мұны ерте анықтаудың маңызы зор. Өйткені хромосомалардың құрылымы не санының өзгеруі Даун синдромы сынды туа біткен ауруларға себеп болады.

Сон Нин, репродуктивті денсаулықты жақсарту  технологияларының негізін қалаушы:

- Дәстүрлі микроскопиялық технология арқылы дәрігерлер әр хромосоманы санап отырады. Қандай да бір бұзылыстарды анықтап, нәтижені алу үшін бір айға дейін уақыт кетеді. Ал бұл әдіс жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді. Қазір құрылғы Қытайдың 400-ден астам ауруханасында пайдаланылады. Ұлыбритания, Бразилиядан тапсырыстар түсіп жатыр.

Әйтсе де ет пен сүйектен жаралған адамзат баласының ақыл-ойын, сана-түйсігін робот алмастыра алатынына күмән бар. Әзірге олар тек дәрігерлердің жұмысын оңтайландырып, көмекшінің рөлін атқарады.

Жақында Ресейде алғашқы гуманоидты роботтың таныстырылымы өтті. Құлтемірдің сахнаға шығуы сол-ақ екен, аяғын әр жерден бір басып, тәлтіректеген күйі етбетінен құлап түсті. Оны жасап шығарған компания мұны техникалық ақаулармен байланыстырды. Соған қарағанда робот хирургтың орнын басады деп айтуға әлі тым ерте.

Авторы: Мөлдір Жақан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары