Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

“Ине, түйреуіш пен магнит“. Хирург балалардың асқазанынан табылған ең қауіпті заттар туралы айтты

“Ине, түйреуіш пен магнит“. Хирург балалардың асқазанынан табылған ең қауіпті заттар туралы айтты

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жақында Вьетнамда ағылшын түйреуішін жұтып қойып, ажалдан аман қалған қазақстандық тоғыз айлық нәресте туралы жазған болатынбыз.

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар елімізде де жиі кездеседі. TengriHealth тілшісі кішкентай қазақстандықтардың жиі не нәрсеге шашалып қалатынын және оның қайсысы өмірге аса қауіпті екенін анықтап көрді.

Тәжірибесіндегі қызықты әрі қорқынышты оқиғалар мен ата-аналар жіберетін басты қателіктер туралы неонаталды хирург Нұрхат Мұхаметқалиев айтып берді.

Неліктен аға-әпкелері бар сәбилер қауіп тобына жатады?

Мұхаметқалиев 2013-2021 жылдар аралығында Семей қаласында балалардың жедел хирургы болып жұмыс істеген. Осы жылдар ішінде ол бүлдіршіндердің асқазаны мен ішегінен кәдімгі тиыннан бастап, өміріне қауіп төндірген ине, батарея және магнитті моншақтарға дейінгі неше түрлі заттарды алып шыққан.

Оның айтуынша, көбіне үш жасқа дейінгі балалардың асқазан-ішек жолдарына бөгде заттар түседі. Дәл осы жаста олар әлемді "дәмін көру" арқылы белсенді тани бастайды, сондықтан бірдеңені жұтып қою қаупі өте жоғары.

Бір қарағанда байқалмауы мүмкін, бірақ қауіп тобына аға-әпкелері бар бір жасқа дейінгі нәрестелер де кіреді. Хирургтің айтуынша, кейде олар осындай оқиғалардың еріксіз қатысушысы болып жатады.

"Есімде, бес жасар ағасы ойын кезінде нәрестенің аузына кішкентай зат салып жіберген еді. Бақытымызға орай, бәрі сәтті аяқталды, бірақ мұндай жағдайлар ата-аналар ойлағаннан әлдеқайда жиі болып тұрады".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Нұрхат Мұхаметқалиев

балалар хирургы

Спикер туралы: Нұрхат Мұхаметқалиев - балалар урологы, хирург, неонаталды хирург (28 күндікке дейінгі жаңа туған нәрестелерге ота жасайды), UMC балалар хирургиясы клиникалық-академиялық департаментінің маманы.

Ал ересектеу балаларда мұндай төтенше жағдайлар әдетте кездейсоқ - күлгенде, сөйлескенде немесе ойын кезінде болады, деп атап өтті маман.

Балалар көбіне нені жұтып қояды?

Көп жағдайда кішкентай пациенттердің асқазанынан номиналы 10-нан 100 теңгеге дейінгі тиындар табылады. Дәл осы тиындар балалар ауруханаға түсетін ең көп таралған бөгде заттар қатарына кіреді. 

Дегенмен дәрігерлерге бұдан да қауіпті олжалармен: таблетка-батареялармен, сыдырма ілгектермен, инелермен және түйреуіштермен де бетпе-бет келуге тура келеді.

Көптеген ата-ана өткір заттардан қорыққанымен, іс жүзінде магниттер мен жалпақ таблетка-батареялар өмірге ең үлкен қауіп төндіреді.

Мұхаметқалиев батарея небәрі бірнеше сағаттың ішінде өңеш тіндерінің ауыр химиялық күйігіне және терең некрозға, ал кейбір жағдайларда мүгедектікке немесе тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін айтады.

Анықтама: Некроз - бұл ағзадағы жасушалар мен тіндердің қайтымсыз өлуінің патологиялық процесі.

"Магнитті моншақтарға келетін болсақ, оларды жұтып қойған балаларға бірнеше рет ота жасауға тура келді. Оның қаупі сол, магниттер ішек қабырғалары арқылы бір-біріне тартылуға бейім. Соның салдарынан перфорация, ішек жыланкөздері, перитонит және басқа да ауыр асқынулар туындайды", - дейді дәрігер.

Анықтама: Перфорация - орган қабырғасында тесіктің пайда болуы. Ішек жыланкөзі (свищ) - ішекті басқа органмен, терімен немесе ішектің басқа бөлігімен байланыстыратын патологиялық канал, ол жарақаттар, оталар немесе ауыр қабыну процестерінен пайда болады. Перитонит - іш қуысының ішкі бетін астарлайтын және мүшелердің көбін жауып тұратын жұқа қабықшаның қабынуы.

Бұған дейін Алматыда екі жасар баланың 105 магнитті моншақты жұтып қойғаны туралы жазған едік.

Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Тыныс алу жолдары туралы айтар болсақ, оларға көбіне күнбағыс дәндері, арахис және кешью түсіп кетеді. Жаңғақтар бронхты бітеп тастап, жедел тыныс алу жетіспеушілігін немесе тыныстың толық тоқтап қалуын тудыруы мүмкін, деп ескертеді дәрігер.

Оның сөзінше, кез келген жұтқан зат қауіпті болуы мүмкін. Тіпті өңеште тұрып қалған диаметрі үлкен кәдімгі тиынның өзі қабырғаларды зақымдауы мүмкін.

Не нәрсе өзі шығады, ал не нәрсеге дереу ота жасау керек?

Нұрхат Мұхаметқалиевтің айтуынша, бәрі бөгде заттың түріне және оның орналасуына байланысты:

"Егер тегіс зат өңештен өтіп кетсе және өткір қырлары болмаса, біз көбінесе оның табиғи жолмен шығуын күтеміз. Шағын диаметрлі тиындар, сыдырма ілгектері және басқа да ұқсас заттар көп жағдайда өздігінен шығады".

Ал егер бала батарея жұтып қойса, оны мүмкіндігінше тезірек алып тастау керек. Магнитті моншақтар да көбіне шұғыл ота жасауға себеп болады.

"Өткір заттар да жеке тәсілді қажет етеді. Тактика олардың қай жерде орналасқанына және ішкі мүшелердің зақымдану белгілерінің бар-жоғына байланысты болады", - дейді хирург.

Бірақ бүгінде, дәрігердің айтуынша, көп жағдайда ашық отасыз-ақ емдеу мүмкін болып отыр.

Асқазандағы бөгде заттар гастроинтестиналды эндоскопия (ФГДС) көмегімен, ал тыныс алу жолдарынан бронхоскопия әдісімен шығарылады. Ашық ота (лапаротомия) тек перитонит, қан кету немесе ішек өткелсіздігі дамыған жағдайда ғана қажет болады.

Анықтама: гастроинтестиналды эндоскопия - бұл дәрігер ауыз арқылы камерасы бар жұқа иілгіш түтікті (эндоскопты) енгізіп, өңешті, асқазанды және аш ішектің бастапқы бөлігін тексеретін процедура. Бронхоскопия - дәрігер камерасы бар жұқа түтіктің (бронхоскоптың) көмегімен тыныс алу жолдарын қарап, қажет болған жағдайда олардан бөгде заттарды алып шығатын медициналық процедура.

Сәтті жағдай мен автобус бағыттарындағы оқиға - хирург хикаялары

Хирург көп жылғы жұмыс тәжірибесінде ұмытылмас оқиғалардың аз болмағанын мойындайды.

"Ең таңғаларлық жағдайлардың бірі - тігін инесін жұтып қойған бала болды. Бұл өте қауіпті зат болғанына қарамастан, ине бүкіл асқазан-ішек жолдары арқылы өздігінен өтіп, бірде-бір ішкі мүшені зақымдамай, табиғи жолмен шықты. Бірақ бұл қалыпты жағдай емес, керісінше сәтті бір ерекше жағдай, сондықтан мұндай нәтижеге сеніп қалуға болмайды", - деп ескертеді ол.

Мұхаметқалиев тағы бір оқиғаны еске алды: сәбидің асқазанында ашық тұрған ағылшын түйреуіші болған. Гастроинтестиналды эндоскопия кезінде дәрігерлер оны арнайы қысқыштармен қауіпсіз жағынан абайлап ұстап, алып шықты. Отаның қажеті болмады.

"Тағы бір оқиға жақсы есте қалды. Бір кішкентай пациенттің ата-анасы кондуктор болып істейтін. Сәби олармен бірге жиі жүріп, жүргізушінің жанында жатқан тиындармен ойнайды екен. Бірде автобус жолдың тегіс еместігінен секіріп кеткенде, бала байқаусызда тиындардың бірін жұтып қойған", - дейді маман.

Фото: Depositphotos.com

Сарапшының айтуынша, мұндай жағдайлардың белгілі бір маусымдылығы бар. Балалар далада көп уақыт өткізіп, белсенді ойнайтын жаз мезгілінде, сондай-ақ мерекелер кезінде мұндай оқиғалар жиілейді.

"Үлкендер қонақтармен әуре болып жатқанда, балалардың қолына өз жасына сәйкес келмейтін тағамдар мен заттар түсіп кетеді. Өкінішке қарай, маған жаңғақ аспирациясының қайғылы салдарымен бетпе-бет келуге тура келді. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, кейде ұзаққа созылған гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) салдарынан баланың миын құтқару мүмкін болмай қалады. Бұл - әрбір балалар хирургының жадында мәңгі қалатын жағдайлар", - деп еске алады Мұхаметқалиев.

Анықтама: аспирация - бұл тағамның немесе сұйықтықтың өңештің орнына тыныс алу жолдарына түсуі.

"Алғашқы минуттар тағдырды шешеді": бала бір нәрсені жұтып қойғанда не істеуге болмайды?

Көпшілікке бала кезден таныс халықтық әдіс бар - ол кептеліп қалған затты тамақпен "итеріп жіберуге" тырысу. Нұрхат Мұхаметқалиев мұндай әдістерді біржола ұмытуға шақырады:

"Затты нанмен, бананмен, ботқамен немесе басқа да тығыз тағаммен "итеріп жіберуге" тырысу - өте қауіпті миф. Бұл көмектесіп қана қоймай, өңеш, асқазан немесе ішек қабырғаларының зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін".

Сондай-ақ өз бетінше құстыруға болмайды, дейді сарапшы.

Оның айтуынша, ең дұрыс шешім - тез арада жедел жәрдем шақыру, ал ол келгенше баланың жасына сәйкес келетін, тұншығу кезіндегі алғашқы көмек әдістерін қолдану:

нәрестелер үшін - жауырын арасынан ұру мен кеуде қуысын басуды кезектестіру; ересектеу балалар үшін - Геймлих әдісі. Ол үшін зардап шегушінің артына тұрып, оны белінен құшақтап, бір қолды жұдырыққа түйіп, оны кіндіктен сәл жоғары, бірақ кеудеден төмен қою керек, содан кейін екінші қолмен жұдырықты қаусыра ұстап, ішке қарай және жоғары қарай бірнеше рет күшпен, шұғыл серпін жасау керек.

"Меніңше, бұл дағдыларды барлық ата-ана білуі тиіс, өйткені дәрігерлер келгенге дейін баланың өмірін дәл осы әрекеттер құтқаруы мүмкін. Кейде алғашқы минуттардың өзі бала тағдырын шешіп жатады", - дейді Нұрхат Мұхаметқалиев.

Хирургтың сөзінше, ата-аналар мынадай белгілерге назар аударуы керек:

тыныс алудың қиындауы; жұтынудың бұзылуы; сілекейдің шамадан тыс ағуы; қатты мазасыздық; құсу, әсіресе қан аралас; іштің қатты ауруы; нәжістегі қан. "Кешігіп қалғаннан көрі, бір рет бекер келген артық": дәрігер кеңесі

Нұрхат Мұхаметқалиев бала кем дегенде үш жасқа толғанша кез келген ұсақ заттарды алып тастауды ұсынады:

"Әсіресе ұсақ бөлшектері, магниттері және батареялары бар ойыншықтарға абай болу керек. Конструкторлардың пластик бөлшектерін бөлек атап өткім келеді. Олар көбінесе кәдімгі рентген суретінде көрінбейді, бұл диагностиканы айтарлықтай қиындатады".

Сондай-ақ дәрігер кішкентай баласы бар отбасыларда үлкен балалардың ойыншықтары бөлек сақталуы керек екенін айтады. Ал оларды сатып алу кезінде сапасы мен жас ерекшелігіне назар аударған жөн. Оның айтуынша, бұл мәселеде үнемдеудің соңы тым қымбатқа түсуі мүмкін.

"Бақытымызға орай, өз тәжірибемде ата-аналардың іс-әрекеті жағдайды ушықтырған кездер болған жоқ. Бірақ басқа да шұғыл жағдайларда медициналық көмекке кеш жүгінудің салдарын талай мәрте көрдім", - дейді маман.

Сондықтан ол егер бала бөгде затты жұтып қойды немесе тыныс жолына кетіп қалды деген кішкене ғана күдік болса, мәселені өз бетінше шешуге тырыспауға және интернеттегі кеңестерге уақыт жоғалтпауға кеңес береді.

"Ауруханаға бір рет бекер келу кешігіп қалғаннан жақсы. Көп жылғы жұмыс тәжірибемде көзім жеткені: балалардың көбі ата-аналарының көмекке дер кезінде жүгінуінің арқасында аман қалады", - деп түйіндеді Нұрхат Мұхаметқалиев.

Шымкентте баланың ішегінен магнит пен металл заттар шыққан

Авторы: Анжела Ким

Аударған: Нұрила Ермекбаева

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дәрігер

аурухана

Балалар

ата-ана

Денсаулық

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see149

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see136

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see135

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see126

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see124

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see124

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары