Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Инвестиция мен инновация: Жамбыл облысы дамуының көрсеткіші жоғары

Инвестиция мен инновация: Жамбыл облысы дамуының көрсеткіші жоғары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Өңір басшысының айтуынша, Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны респуб­лика бойынша – 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші – 5-орында.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің шамамен 63%-ы өңдеу секторына тиесілі, ондағы кәсіпорындар­мен республика бойынша 100% натрий триполифосфаты, натрий цианиді өндіріледі. Облыс әкімі­нің айтуынша, өңірге тартыл­ған инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша өңір алда тұрған  5 облыстың қатарында екен. Ал инвестиция көлемінің өсу қарқыны – республикада 3-орында.

– Атап айтсақ, «Yonggang Iron And Steel Group Cо., LTD» жылына 3 млн тоннаға дейін прокат металл бұйымдарын өндіру бойын­ша металлургиялық зауытын, «Еврохим удобрения» компа­ниясы жыл соңына дейін жылы­на 800 мың тонна күкірт қышқы­лын өндіретін өндірістің бірін­ші кезеңін іске қосуды жоспар­лап отыр. Келесі жылы жылына 1 млн тонна күрделі тыңайт­қыш шығаратын зауыт іске қосыл­мақ. «Zhongkai Kazakhstan Interna­tional Sugar Industry Company» қуаттылығы жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 130 мың тонна қант, 72 мың тонна қызылша ұны мен 54 мың тонна меласса шығаратын заманауи қант зауытының құрылысын бас­тады. Сондай-ақ «Qazaq Soda» жылына 1 млн тонна кальцилен­­­ді­ріл­ген сода өндірісінің, «Шокпар-Гагаринское» ком­пания­сы Қордай ауданындағы Гагарин­с­кое кен орнында жылына 500 мың тонна құрамында алтын бар кен өндіретін тау-кен байыту комбинатының құрылысын бас­тады, – деді әкім.

Осы ірі инвестициялық жобаларды ғана іске асырудың есебінен облыс экономикасына 3,8 трлн тенге көлемінде инвестиция тартылмақ. Аталған жобалардың басым бөлігі «Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағында және «Тараз» индустриялық аймағында орналасқан.

Биыл Жамбыл облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрапты. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жеткен. Өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналды, оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары жиналған. Ербол Шырақбайұлының айтуын­ша, өңірде қант қызылшасы алқабының 88,1%-ы жиналып, 207 мың тонна өнім алынған. 762 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 5,6%-ды құрапты.

– Мал шаруашылығында ет өн­дірісі – 2,7%-ға, сүт 1,6%-ға артты. 888 мың тонна ауыл ша­руа­­шылығы өнімі экспортталды, оның ішінде 400 мың тонна пияз бар. Пияз экспорты бойынша облыс елімізде көшбасшы болып отыр. 61,8 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімі қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында осы жылы 3,2 млрд теңгеге 437 жоба қаржы­ландырылды. Облыста 66,5 мың га егіс алқаптарына су үнемдеу технологиялары енгізілді. Өңірдің 6 ауданында 37,2 млрд теңгеге 625 шақырым болатын 322 су нысандары қайта жаңартылып жатыр, – деді аймақ басшысы.

Су саласын дамытудың Кешенді жоспары аясында 184 млрд теңге есебінен 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу, 3 су қоймасын қайта жаңарту, 312 каналды жөндеу жос­парланып отыр. Облыста су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында екі жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. «Әулие ата жастары» бағдар­ламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған.

– Газдандыру аясында облыс­тың 6 ауданында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде газбен жабдықтау деңгейі 91,3%-дан 91,8%-ға дейін жетеді. Облыс қалаларында жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырым болса, олардың тозу деңгейі 54%-ды құрайды. Биыл Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту, Жаңа мөлтек ауданында жылу желілерін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы мен орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар Тараз қаласында М-3 жылу желілерін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шақырымның 50%-ы аяқталды. Нәтижесін­де, жыл қортындысымен жылу желілерінің тозу деңгейі 53%-ға дейін төмендейді, – дейді Е.Қарашөкеев.

Облыстағы автомобиль жол­дарының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды. Осы жылы автожол саласында 182 жобаны іске асыруға 28 млрд теңге бөлініп, 460 шақырым жолдың құрылысы қолға алынып, қайта жаңғырту және жөндеу жұмы­сы жүргізілген. Осының арқа­сында жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99,5%-ға, ал көше-жол желісі 89%-ға дейін жеткізіледі.

Жамбылда әлеуметтік инф­ра­құ­рылымды дамыту шең­берін­де 25 млрд теңгеге 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 7 мектеп пайдалануға беріліп, оның төртеуі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы 7 нысан құрылысы аяқталмақ. Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, 16 білім нысанын күрделі жөндеуге 11 млрд теңге бөлінген.

– «Адал азамат» білім беру бағдарламасы аясында облыстағы 22 мектеп бірыңғай дизайн-кодына көшуді бастап кетті. Облыс оқушылары 16 жыл қатарынан республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Ең үздік команда» атанып, республикалық олимпиаданың қорытындысымен «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды, – деді өңір басшысы.

Жеке қаражат есебінен Абай атындағы Жамбыл гумани­­тар­лық колледж студенттері­не Тараз қаласында 120 орын­дық жатақхана құрылысы жүргізіліпті.

Сондай-ақ облыс әкімі денсау­лық сақтау саласының дамуына да тоқталды. Мәселен, 6 млрд теңгеге 32 бірлік медициналық жабдық сатып алынған. Бұл ерте диагностиканың, жедел жәр­дем жұмысының сапасы мен ауыл­дық жерлерде медицина­лық қызметтің қолжетімділі­гін арт­тыруға мүмкіндік береді. Нәти­жесінде, денсаулық сақтау ин­фра­құрылымының тозу дең­гейі 42%-ға дейін төмендеп, меди­ци­налық жабдықпен жарақ­тан­дыру деңгейі 92%-ға дейін жеткен.

Одан бөлек, өңірде жасанды интеллектіні пайдалана отырып, ТМД елдерінде баламасы жоқ бірегей жоба іске асырылды. 22 медициналық мекеме бірың­ғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктірілді.

Жалпы, өңірде 3,1 млрд тең­геге 21 спорт кешенінің құры­лысы жүргізіліп жатыр. 3 спорт кешені мен 90 спорт алаң­ы пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде халықты спорт инфрақұрылымымен қам­та­ма­сыз ету деңгейі 70,8%-ға,  дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін жеткен.

Токио қаласында өткен дү­ние­жүзілік XXV жазғы Сурд­лим­­пиада ойындарына өңір­­ден 12 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль же­ңіп алға­нын айрықша атап өтуге болады.

Сондай-ақ Тараз қаласында 3,5 млрд теңге бюджеттен тыс қаржы есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы бас­талған. Бұдан бөлек, аймақ әкімі «Тараз» жастар театры сту­диясы, «Қолөнершілер үйі» шығар­машылық орталығы, «Тектұрмас» республикалық тарихи-таным­дық журналының ашылғанын да атап өтті.

Туризм саласында 6 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асы­рылып жатыр. 1,2 млрд теңг­еге 3 туристік нысанға ұзын­­ды­ғы 34,8 шақырым автомобиль жол­дары салынған.

«Қолжетімді интернет» ұлт­тық жобасы аясында 148 елді мекенде интернет сапасы 4G дең­гейіне жеткізілген. Бұдан бөлек, баспасөз мәслихатында өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 12 антенналық-діңгекті құ­рылғылардың құрылысы жүргі­зі­ліп жатқаны да айтылды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары