Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

iPhone ды бұзған адамға 2 миллион доллар сыйақы төленеді

iPhone ды бұзған адамға 2 миллион доллар сыйақы төленеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

BGR сайтының хабарламасына сәйкес, Apple осалдықтарды хакерлерден бұрын анықтап, оны түзеткісі келеді. Aikyn.kz бұның артында басқа қандай мақсаттар тұрғанын талдайды.Apple жуырда осалдықтарды табу бағдарламасына (bug bounty) айтарлықтай өзгерістер енгізді. 10 қазанда компания iPhone жүйесіне арналған ең жоғарғы сыйақы көлемін 1 миллионнан 2 миллион долларға дейін арттырғанын хабарлады. Бұл сыйақыны алу үшін зерттеушілер («ақ» хакерлер) «жоғары деңгейлі тыңшылық шабуылындағыдай мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін эксплойт» табуы керек. Эксплойт дегеніміз – жүйенің осал жерін пайдаланып, оған рұқсатсыз кіруге жол ашатын бағдарлама немесе код.

Apple-дің айтуынша, жаңа сыйақы – әлемдегі ең ірі көлемдегі bug bounty төлемі. Егер зерттеуші Lockdown Mode секілді қорғаныс режимдерін айналып өтудің қосымша тәсілдерін тапса, сыйақы көлемі 5 миллион долларға дейін өсуі мүмкін.

Компания сондай-ақ басқа да осалдықтар үшін төлемдерді көбейтті. Мысалы, Gatekeeper жүйесін айналып өту әдісі үшін – 100 мың доллар, ал iCloud жүйесіне рұқсатсыз кіру эксплойты үшін – 1 миллион доллар төленеді. Сонымен қатар, сыйақы бағдарламасына WebKit бұзылымдары мен сымсыз қолжетімділікке қатысты эксплойттар да енгізілді.

Apple bug bounty бағдарламасын 2020 жылы ғана енгізді. Бұл тұрғыда ол Google сынды компаниялардан әлдеқайда кеш қимылдаған. Алғашқы жылдары қауіпсіздік зерттеушілері Apple-мен ынтымақтасуда қиындық көрді. Себебі табылған осалдықтар туралы хабарламалар жиі ескерусіз қалатын. Бірақ бүгінде бұл бағдарлама ең кең және табысты жүйелердің бірі саналады. Соңғы бес жылда компания 800-ден астам зерттеушіге жалпы 35 миллион доллардан астам сыйақы төлеген.

Apple жаңа жүйесінде Target Flags атты тетік енгізіп, зерттеушілерге эксплойтты дәлелді түрде көрсетуге және жылдам төлем алуға мүмкіндік берді. Бұл зерттеушілердің жұмысына жедел төлем жасау тетігін күшейткен.

Pegasus сияқты шпиондық бағдарламалар пайдаланушының әрекетінсіз-ақ iPhone жүйесіне ене алатын деңгейге жеткен. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Hannibal Hanschke

Apple-дің 2 млн долларлық жүлде беру шешімі – Pegasus сияқты күрделі тыңшылық бағдарламаларға қарсы компанияның жауабы. Соңғы жылдары NSO Group компаниясы жасаған Pegasus секілді шпиондық бағдарламалар пайдаланушының әрекетінсіз-ақ iPhone жүйесіне ене алатын деңгейге жеткен. Бұл бағдарлама пайдаланушының мәтіндерін, пошталарын, фотоларын және басқа деректерін бақылай алады.

NSO Group пайдаланған осал тұстарды Apple ұдайы жауып отырғанымен, жаңа тыңшылық құралдар пайда бола берді. 2021 жылы Apple NSO Group-қа пайдаланушыларды аңду және қудалау үшін сотқа шағым түсірді.

Компания өкілі Крейг Федериги: «Мемлекет қолдайтын құрылымдар қадағалау технологияларына миллиондаған доллар жұмсайды. Бірақ ешқандай жауапкершілік алмайды», – дейді. 2024 жылы Apple қауіпсіздікке қатысты құпия деректердің ашылып қалу қаупіне байланысты бұл істі тоқтатты.

Мына әзіл видеоның философиясы да жеке деректердің қауіпсіздігімен байланысты:Apple соңғы iPhone 17 сериясында Memory Integrity Enforcement (MIE) деп аталатын жаңа қауіпсіздік функциясын енгізді. Бұл жүйе жадтағы сенімсіз кодтың орындалуына жол бермейді. Тек сенімді бағдарламалар ғана іске қосыла алады. Apple мұны «тұтынушыларға арналған операциялық жүйелер тарихындағы ең ірі қауіпсіздік жаңалығы» деп атайды.

Компанияның айтуынша, MIE «соңғы 25 жылдағы ең тиімді осалдықтарды пайдалану тәсілдерінің көпшілігін жояды» және қауіпсіздік мәдениетіне түбегейлі өзгертеді. Apple 2020 жылдан бері осы технологияны жетілдіріп келеді және ол бүгінде барлық iPhone 17 және iPhone Air үлгілерінде бар.

Apple компаниясы соңғы жылдары цифрлық қауіпсіздік пен деректерді қорғауда жаңа дәуір бастағанын көрсетіп отыр. Жоғары сыйақылар мен жаңа технологиялар арқылы ол өз құрылғыларын әлемдегі ең сенімділер қатарына қосуды көздейді. Бұл қадам тек Apple үшін емес, бүкіл ақпараттық қауіпсіздік индустриясына үлкен серпін береді деп сенеміз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары