Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ішімдік тек алкомаркетте сатылсын: жаңа шектеу қоғамды тәртіпке келтіре ме

Ішімдік тек алкомаркетте сатылсын: жаңа шектеу қоғамды тәртіпке келтіре ме

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ішкі істер министрлігінің ресми деректері көрсеткендей, еліміздегі әрбір үшінші қылмыс алкогольді ішімдіктерді ішкен күйде жасалады, ал әрбір екінші кісі өлтіру ішкен адамдардың жанжалдарынан болып жатыр. Бұл - алкоголь жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне төніп тұрған нақты қатер екенін айқын дәлелдейтін статистика.

Фото: Kazinform

Осы деректерді ескере отырып, ведомство алкоголь өнімдерін тек арнайы дүкендерде — алкомаркеттерде сатуды ұсынды. Ұсыныстың негізгі мақсаты түсінікті – тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден қорғау және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті арттыру.

Министрліктің ресми мәлімдемесі бойынша, ұсынылған шаралар тек қана қылмыстың алдын алу үшін емес, әрбір азаматтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету және қоғамдағы тәртіпті қалпына келтіру мақсатында жасалуы керек. Бұл бастама - қоғамда тұтыну мәдениетін қалыптастыруға, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға және азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кешенді мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.

Фото: Kazinform

Нарколог Тоқтар Қойшыбаев ішімдікке салыну мәселесі өзекті екенін сандарға салып айтады.

– 2023–2024 жылдар қорытындысында диспансерлік бақылауда тұрған адамдар саны шамамен тұрақты болды: 2023 жылы – 77 882, ал 2024 жылы – 78 431. Соңғы 15–20 жылда алкогольді қолданумен есепке алынғандардың жалпы саны 100 мыңға жуық. Бұл мәселенің әлі де өзекті екенін көрсетеді, – дейді.

Фото: Тоқтар Қойшыбаев жеке мұрағатынан

Дәрігердің пайымдауынша, қатаң тыйым салу немесе толық шектеу мүмкін емес, себебі адамдар үй шарабын жасауы не басқа зиянды заттарды қолдануы ықтимал.

– Ең тиімді жолы – алкогольді тек мамандандырылған алкомаркеттерде сату және 21 жасқа дейінгі жастарға сатуды шектеу. Бұл шара жастарды қауіпті әдеттерден қорғайды. Алкоголизмнің ауыр сатысындағы адамдар ішімдікті тауып алса да, халықтың басым бөлігін алкогольден алшақ ұстау керек, – дейді.

Әсіресе, жастарды алкогольден шектеудің маңыздылығын баса айтты.

– 8–11 сынып оқушылары бір кеште бір-екі сыра ішуі мүмкін. Ал сыра –алкогольге тәуелділіктің бастауы. Жалпы, 21 жасқа дейін балалар алкогольді қолданбауы тиіс. Сол кезде олар өз еркімен шешім қабылдай алады: ішімдікті қолдану немесе салауатты өмір салтын таңдау, – дейді Тоқтар Қойшыбаев.

Ал экономист Бауыржан Ысқақтың айтуынша, алкоголь өнімдерін тек мамандандырылған алкомаркеттерде сатудың экономикалық тұрғыдан әсері болады.

– Қысқа мерзімде салық түсімдері төмендеуі ықтимал. Егер алкоголь сатылымы супермаркеттер мен шағын дүкендерден арнайы дүкендерге ауысса, сауда көлемі азаяды. Бұл акциз, ҚҚС және табыс салығынан түсетін кірістердің қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, алкогольді «жолай алу» мүмкіндігі шектелгендіктен, тұтынушылардың мінез-құлқы да өзгереді, бұл жалпы сатылымды азайтуы ықтимал, – дейді.

Фото: Бауыржан Ысқақтың жеке архивінен

Айтуынша, жұмыспен қамту жағынан алғанда соншалықты тиімді бола қоймайды.

– Шағын бизнеске түсетін қысым да маңызды мәселе. Алкомаркеттерге қойылатын талаптар – лицензия, бейнебақылау, қауіпсіздік стандарттары, арнайы сауда аймағы – едәуір қаржылық жүктеме. Шағын кәсіпкерлер мұндай талаптарды орындай алмауы мүмкін, бұл олардың нарықтан шығуына әкеледі. Сондықтан мемлекеттің қолдау шараларын ұсынуы – қайта оқыту бағдарламалары, лицензия шығындарын субсидиялау немесе салық жеңілдіктері – өте маңызды. Алкомаркеттердің ашылуы қысқа мерзімде қосымша жұмыс орындарын берсе де, бұл - көбіне жұмыс күшінің бір сектордан екінші секторға ауысуы ғана, – деп толықтырды экономист.

Дегенмен, ұзақ мерзімде алып қарағанда, егер шын мәнінде алкоголь тұтыну азайса, мемлекет денсаулық сақтау, құқық қорғау және әлеуметтік қолдау саласындағы шығындарды қысқартады. Алкогольге байланысты аурулар мен жарақаттар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жазатайым жағдайлар азайған сайын бюджетке түсетін жанама шығындар да төмендейді. Бірақ, бақылау жеткіліксіз болса, сұраныстың бір бөлігі көлеңкелі нарыққа ауысуы мүмкін.

- Онлайн заңсыз сауда, тіркелмеген жеткізу қызметтері және «қара нарықтың» басқа түрлері белсенді болып кетсе, мемлекет қосымша салықтық шығындарға ұшырайды. Сондықтан реттеудің тиімділігі бақылау жүйесінің сапасына байланысты, – дейді ол.

Ал нарколог Тоқтар Қойшыбаев саудаға қатысты шектеулерді жан-жақты қолдау, яғни қоғамдық-мәдени шаралар арқылы күшейту керектігін айтады. Дәрігердің айтып отырғаны, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді жаңғырту, мерекелерді отбасылық және мәдени бағдарламаға бағыттау, жастарды спортқа, шығармашылыққа, көптік ісшараларға тарту керек.

Осы ретте айта кетсек, әкімдіктер мен қоғамдық ұйымдар тұрғындарды құқықтық тәртіпке тартуға бағытталған жобаларды іске асырып та жатыр. Мәселен, Ақмола облысында – «Зиялы қауым», Түркістан облысында – «Ақсақалдар кеңесі», Солтүстік Қазақстанда – «Қоғамдық кеңестер» құрылған. Бұл алаңдарда құқық бұзушылыққа бейім адамдармен жеке профилактика жүргізіліп, ауылдардың проблемалық мәселелері қаралады.

Сөз соңында халықаралық тәжірибені бір шолып өтсек. АҚШ-та 21 жасқа толмағандарға алкоголь сатуға тыйым салынған, барлық сатып алушылар жеке куәліктер арқылы тексеріледі, полиция қадағалауымен бақылау жүргізіледі. Нәтижесінде жол-көлік оқиғалары мен қылмыстардың саны айтарлықтай төмендеген. Еуропа мен Азия елдерінде де алкоголь сатуды қатаң бақылау жүйелері қолданылады. Швеция мен Норвегияда алкогольді сату мемлекеттік монополия арқылы жүзеге асырылады, Германияда «тексеру шегі» моделі жұмыс істейді, Ұлыбританияда «Challenge 25» саясаты жасқа байланысты тексеруді талап етеді. Жапонияда автоматтардан сату электронды карталар арқылы шектелген, ал Түркияда түнгі уақытта сату мен жарнамалауға шектеу қойылған. Индонезия мен БАӘ-де жас ерекшелігі мен жеке куәліктер тексеріледі, ал Қатар мен Иранда алкогольге қатаң заңнамалық шектеулер енгізілген.

Қазақстан қандай шешім қабылдайды және оның нәтижесі қандай болады? Мұны уақыт көрсетеді. Әзірге белгілісі, Ішкі істер министрлігінің алкоголь айналымын реттеудің жаңа тәсілдерін енгізу туралы ұсынысына орай, Қаржы министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды. Осы топ заң жобасын әзірлеп шығады. 

Елімізде суррогат алкоголь өндірісі де өршіп тұр...

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары