Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау толықтай цифрлық форматқа көшті

Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау толықтай цифрлық форматқа көшті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны Qyzmet-Police.kz ақпараттық жүйесі арқылы жаңа цифрлық форматта жалғасуда,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 шілдеден бастап талапкерлер тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға кіріседі. Барлық сынақтар бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ата-аналар сынақ барысын жеке қатысып бақылай алады. Бұл конкурстық іріктеудің барынша ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрметті ата-аналар мен талапкерлер! Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны қызу жүріп жатыр. Биылғы қабылдау науқанының басты ерекшелігі - оның алғаш рет толығымен цифрлық форматта  Qyzmet-Police.kz  ақпараттық жүйесі арқылы өткізілуі. Біздің негізгі міндетіміз - конкурстың барынша ашық әрі баршаға түсінікті өтуін қамтамасыз ету. Бірінші кезең сәтті аяқталды. Кандидаттар құжаттарын жүйе арқылы тапсырды, әскери-дәрігерлік комиссияның нәтижелері де осы жүйеде көрсетілді. Соның арқасында қағаз түріндегі жеке істер, түрлі мекемелерге бару айтарлықтай азайды.

15 шілдеден бастап келесі кезең - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру басталады. Нормативтер жоғары оқу орындарында емес, кандидаттардың тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінде қабылданады. Бұл ең алдымен талапкерлер мен олардың ата-аналарына қолайлы болу үшін жасалып отыр. Ең бастысы, бүкіл процесс барынша ашық өтеді. Әрбір нормативтің орындалуы бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфир ұйымдастырылады. Сондай-ақ ата-аналар сынақтар өткізілетін жерде болып, олардың өту барысын өз көздерімен бақылай алады. Біз әр адамның конкурстың әділ әрі объективті өтіп жатқанына көз жеткізгенін қалаймыз. Нормативтер аяқталғаннан кейін әр кандидаттың материалдары тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жіберіледі. Комиссия ҰБТ нәтижелерін қарайды, жеңілдіктердің негізділігін тексереді, құжаттарды зерделейді және конкурстық көрсеткіштер негізінде ғана шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда кандидат бейнебайланыс арқылы әңгімелесуге шақырылуы мүмкін. Әңгімелесу міндетті түрде жазылады. Бұл - ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ететін тағы бір қосымша кепілдік. Биыл бөлінген 1250 орынға 4 мыңға жуық талапкер үміткер болып отыр. Сөз соңында ата-аналарға арнайы үндеу жасағым келеді. Сыйақы үшін оқуға түсуге көмектесемін, процесті жеделдетемін немесе қандай да бір мәселені шешіп беремін деген адамдарға сенбеңіздер. Өз уақыттарыңыз бен қаражаттарыңызды сақтаңыздар! Бүгінде барлық негізгі шешімдер цифрлық жүйеде қабылданады, әрбір кезең тіркеледі. Балаларыңыз бұл ақпаратты жеке кабинеттерінен көре алады, ал қабылдау науқанына қатысушылардың әрекеттері тексеріледі. Ішкі істер министрлігі барлық талапкерлерге сәттілік тілейді және білімдеріңіз, табандылықтарыңыз оқуға сәтті түсуге негіз болады деп сенеді! - деді ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің басқарма бастығы Сенбек Иманғали.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары