Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ислам өркениеті орталығы меценаттық қолдаудың жарқын үлгісі

Ислам өркениеті орталығы меценаттық қолдаудың жарқын үлгісі

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл – қарапайым сәулет нысаны емес, Ислам ағартушылығы, ғылыми мұра және мәдени жаңғыру идеяларына негізделген жаңа мемлекеттік саясаттың символы.

Күмбезді кешен Өзбекстан президентінің тапсырмасымен 2017 жылы бой көтерген. Бір жылдан кейін орталықтың іргетасы қаланды. 10 гектар аумақты алып жатқан орталықта мұражай, зерттеу және білім беру алаңдары, кітапхана мен мұрағат орналасқан. Осылайша, аймақтың бай рухани мұрасын заманауи ғылым ордасына айналғандай.

Шавкат Аюпов, Өзбекстан ғылым академиясының президенті:

- Екінші қабат толықтай біздің шетелдік серіктестерімізге, ғалымдарға беріледі. Оларға барлық жағдай жасалады. Яғни Ислам өркениетін зерттеу орталығы біздің елге ғана емес, күллі адамзатқа қызмет етеді. Қазірдің өзінде Оксфордтың Ислам мәдениеті орталығының кеңсесі ашылды. Басқа да өкілдер келіп жатыр. Әлемнің барлық ғалымдарына есігіміз ашық.

Орталықтың ғимараты ұлттық нақышта салынған. Төрт жағын 34 метрлік мұнаралар қоршаса, ортасында 65 метрлік күмбез орналасқан. Архитектурасы арқылы ислам өркениетін білім, мәдениет, дамудың қайнар көзі ретінде құрмет көрсетілген. Мұнда әр кезеңнің тарихымен танысуға болады. Ислам өркениетіне дейінгі кезеңнен бастап Ренессанс идеяларына дейін қамтылған.  Ұлы ойшылдар, теологтар, көрнекті ғалымдар мен рухани көшбасшылардың мұрасымен танысуға мүмкіндік бар. Экспозицияның қақ ортасында қасиетті Құран залы орналасқан. Ондағы басты экспонат – Османлы Құраны. Сонымен қатар Құран сүрелері бойынша орналасқан  114 ежелгі кітапты көруге болады. Ислам өркениеті тарихында ғылым мен ағартушылықта көзге түскен қайраткер әйелдердің рөліне арнайы бөлім арналған. Орталық тұрақты ғылыми-зерттеу кеңістігі ретінде жобаланған. Жобаларға 2000 жергілікті және шетелдік ғалым мен зерттеуші, сондай-ақ 110-нан астам ұйым тартылды. Ал оны жүзеге асыруға 600-ден астам халықаралық сарапшы қатысады.

Фирдавс Абдухоликов, Ислам өркениеті орталығының директоры:

- Ғылыми зерттеулер ашқан жаңалықтарды сақтайтын орын керек. Ол жаңалықтар бірінші қабатта орналасады. Екінші қабат зерттеулермен, жобалармен айналысатын орын болады. Оның нәижелерін сонда осында жариялаймыз. Яғни бұл тек қатардағы мұражай емес, ағарту орталығына айналады.

Орталықтың бой көтеруіне  өзбек және шетелдік бизнес иелері қолдау жасаған. Өзбекстанның тумасы, кәсіпкер Әлішер Усманов – негізгі меценаттардың бірі. Ол рухани ордаға миллиондаған доллар жұмсап әрі сирек кездесетін кітаптардың бірегей жинағын тарту етті. Осылайша, Усманов қоры латын, ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі XIII ғасырдан бастау алатын басылымдардың 4923 атауын ұсынды. Құнды жәдігерлердің ішінде Авиценнаның "Дәрігерлік ғылым каноны" еңбегінің алғашқы латын тіліндегі аудармасы бар. Ташкент қаласындағы Ислам өркениеті орталығын өңір мемлекеттері басшыларының жетінші консультативтік кездесуіне келген Орталық Азия мен Әзірбайжан президенттері де тамашалады. Мәртебелі қонақтар Өзбекстанның ең бай ортақ мұраны сақтау және насихаттау жөніндегі ауқымды күш-жігеріне жоғары баға берді. Нысанмен танысқан соң мемлекеттер басшылары «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты. Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды.

Авторы: Серік Селеубайұлы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 11:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары