Израиль тағы әлеуетті топтың басшысының көзін жоюды көздеп отыр
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Израиль Ливан аумағында "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуыл операциясын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабының бастығы Эяль Замир айтты.
"Біз "Хезболлаға" қарсы шабуыл науқанын бастадық. Енді тек қорғаныста ғана емеспіз – шабуылға көштік. Алдымызда ұзаққа созылатын ауыр шайқастар болуы мүмкін", – деді Замир әскери кеңесте.
Бұған дейін Ливандағы "Хезболла" тобы Израильдің Хайфа қаласына зымыран және дрон шабуылдарын жасаған. Олар мұны "Әли Хаменейдің қаны үшін кек" деп атаған. Сол кезде Израиль тарапы зымырандардың бір бөлігі әуе қорғаныс жүйесі арқылы жойылғанын, ал қалғаны ашық аймақтарға түскенін хабарлаған.
Жауап ретінде Израиль Қорғаныс армиясы Ливан аумағындағы "Хезболла" нысандарына соққы бере бастаған.
БАҚ мәліметінше, Израильдің Ливанға жасаған соққысы салдарынан "Хезболланың" саяси қанатының жетекшісі Мохаммед Раад қаза тапқан. Ол Ливан Ұлттық ассамблеясындағы "Қарсылыққа адалдық" парламенттік блогының жетекшісі болған.
Сондай-ақ Бейруттің оңтүстік маңына жасалған соққылар нәтижесінде кемінде 10 адамның қаза тапқаны хабарланып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 17:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















