Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Израиль үкіметі ХАМАС ұйымымен келісімді бекітті

Израиль үкіметі ХАМАС ұйымымен келісімді бекітті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Израиль үкіметі премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың толық үкіметі дауыс беруге ұсынған атысты тоқтату туралы ұсынысын мақұлдады.

https://x.com/IsraeliPM?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1976414973493641661%7Ctwgr%5E8677ddf4bb2d5988df64a831deeaf5b2282e7ee6%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2Fru%2Fpravitelstvo-izrailya-odobrilo-soglashenie-s-hamas-c0230b

Бұл ХАМАС-пен атысты тоқтату және кепілге алу туралы келісімнің бірінші кезеңін қамтиды.

Бұған дейін не болды?

АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы соғысты тоқтату бастамасының бірінші кезеңі аясында Израиль мен палестиналық Хамас содырлары атысты тоқтату және палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде израильдік кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келді.

9 қазан күні түстен кейін Газада іс жүзінде атысты тоқтату келісімі күшіне енді. Мысырдың Шарм-эль-Шейх курорттық қаласында Газадағы атысты тоқтатудың бірінші кезеңін жүзеге асыратын келісімге қол қойылды. Келісім күшіне енуі үшін Израиль үкіметінің мақұлдауы қажет болды.

Бейсенбі күні кешке Израиль басшылығы екі кездесу өткізді. Біріншісі — ұлттық қауіпсіздік пен әскери саясатқа жауапты негізгі министрлерден тұратын шағын үкімет — саяси-әскери кабинеттің отырысы болды.

https://x.com/AmichaiStein1?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1976310391308525856%7Ctwgr%5E8677ddf4bb2d5988df64a831deeaf5b2282e7ee6%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2Fru%2Fpravitelstvo-izrailya-odobrilo-soglashenie-s-hamas-c0230b

Осыдан кейін Израиль кабинетінің толық отырысы өтіп, келісімді бекітті. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесі атысты тоқтату үкімет келісімді ресми мақұлдағаннан кейін ғана басталатынын растады.

Кездесулер жоспарланған уақыттан кеш өтті. Өйткені босатылатын палестиналықтардың тізімін келісу кезеңінде қиындықтар туындады.

АҚШ президентінің елшісі Стив Виткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Израиль үкіметінің кепілге алу мәселесі талқыланған отырысына қатысты.

https://x.com/IsraeliPM?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1976375229464404397%7Ctwgr%5E8677ddf4bb2d5988df64a831deeaf5b2282e7ee6%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2Fru%2Fpravitelstvo-izrailya-odobrilo-soglashenie-s-hamas-c0230b

Оңшыл министрлер қарсы

Израильдің әсіре оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гвир оның партиясы Отзма Йехудит атысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңіне қарсы дауыс беретінін мәлімдеді. Министр егер ХАМАС таратылмаса, Отзма Йехудит «үкіметті құлатады» деп ескертті.

Ол Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарды босатуды сынап, бұл Газа мәселесі бойынша келісімге келгені үшін төленетін «төзуге болмайтын баға» деп атады. Бен Гвир «ХАМАС-қа Газаны басқаруды жалғастыруға мүмкіндік беретін үкіметте» қалмайтынын айтты.

Қаржы министрі, сондай-ақ әсіре оңшылдардың көшбасшысы Безалел Смотрих та оның діни сионизм партиясы келісімге қарсы болатынын мәлімдеді.

Соғыстың аяқталуы

Министрлер кабинеті келісімнің бірінші кезеңін ратификациялауға арналған дауыс беру алдында Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Израиль АҚШ президентінің Газа секторындағы қақтығыстарды тоқтату жоспарына берік екенін және «соғысты қайта бастауды» көздемейтінін айтты.

ХАМАС-тың бас келіссөз жүргізушісі Халил әл-Хайя келісімге қол жеткізілгеннен кейінгі алғашқы сөзін сөйлеп, оның шарттарын қуаттап, Палестина тобының АҚШ пен делдалдардан соғыстың аяқталатынына кепілдік алғанын айтты.

— Біз Трамптың жоспарына сәйкес жауапкершілікпен әрекет еттік. Бүгін біз соғысты тоқтату, Газа секторынан Израиль әскерін шығару және тұтқындармен алмасу туралы келісімді жариялаймыз, — деді әл-Хайа.

Ол сондай-ақ палестиналықтардың екі жылға созылған соғыстағы төзімділігін жоғары бағалады.

Енді не болады?

Келісім күшіне енгеннен кейін 72 сағат ішінде тірі және өлген израильдік кепілге алынғандарды босатуды көздейді.

Дональд Трамп кепілге алынғандар дүйсенбі немесе сейсенбіде босатылатынын мәлімдеді. Израиль премьер-министрінің кеңсесі Газада қалған барлық кепілге алынғандарды қайтару үшін жоспарланған операцияның атын «Шекарамызға оралу операциясы» деп жариялады.

Өз кезегінде Израиль өмір бойына бас бостандығынан айырылған 250 палестиналық тұтқынды, сондай-ақ соғыс кезінде түрмеде отырған тағы 1700 газалықты босатуы керек.

Израиль палестиналық тұтқындарды 72 сағаттық уақыттан кейін ғана босатады деп жоспарланған. Осы уақыт ішінде ХАМАС барлық израильдік тұтқындарды босатуы керек.

24 сағат ішінде Израиль қорғаныс күштерін Газа секторының бірнеше аймағынан («сары сызық» деп аталады) — оңтүстігіндегі Хан-Юнистен солтүстігіндегі Бейт-Лахияға дейін шығарылады деп жоспарланған.

Келісімнің бірінші кезеңі бойынша Израиль Газа аймағының 58 пайызын сақтап, «сары сызық» аймағына көшеді.

Фото: Aljazeera.

Келісімнің келесі кезеңдері, яғни ХАМАС-ты қарусыздандыру және Израиль әскерлерінің Газадан толығымен шығарылуы әлі келісілген жоқ.

https://x.com/gilicohen10?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1976388647793410258%7Ctwgr%5E8677ddf4bb2d5988df64a831deeaf5b2282e7ee6%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2Fru%2Fpravitelstvo-izrailya-odobrilo-soglashenie-s-hamas-c0230b

Естеріңізге сала кетейік, ХАМАС пен делдалдар арасындағы келіссөздің бірінші раунды оң нәтижемен аяқталды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойғанын хабарлады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 05:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары