Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып кеткен электрвелосипед жүргізушісі ұсталды

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

Мароккодан келген 70 мыңға жуық мигрант Испаниядан кетті

В Китае нашли двойника Илона Маска он работает в шашлычной

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

Есіктен есікке акциясы: Әділет өңірлерде халықтың ұсынысын жинап жатыр

Дастан Сәтпаев бүгін Тоттенхэмге қарсы ойнауы мүмкін

КарЛАГ та тұтқында болған испандықтар туралы фильм экранға шықты

КарЛАГ та тұтқында болған испандықтар туралы фильм экранға шықты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан мен Испания бірлесіп түсірген «Бітім» фильмі үлкен экранға жол тартты.

Тарихи драманың тұсаукесері Алматыда өтті. Картина оқиғасы КарЛАГ-та тұтқында болған испан офицерлері төңірегінде өрбиді. Фильмнің режисері Мигель Анхель Вивас. Ол көрерменге «Қағаз үй», «Элита» сериалдарымен танымал.

Фильм 1930-1940 жылдары КарЛАГ-та тұтқында болған испандықтардың тағдырын бейнелейді. Екі  офицер, лейтенант Сальгадо мен капитан Рейес, Қарағандыдағы мәжбүрлі еңбек лагерінде кездеседі. Испаниядағы азамат соғысы кезінде қас жауға айналған екеу енді аман қалу үшін бітімге  келуге мәжбүр болады. Басты рольдерді танымал Испания актерлері Арон Пайпер мен Мигель Эрран сомдайды. Ал, қазақ қызы Айсұлуды Дина Тасболатова ойнайды.

Дина Тасболатова, актриса:

- Фильмде мен басты әйел кейіпкер Айсұлу есімді медбикені сомдадым. Түсірілім алдында қатты қобалжыдым, себебі бұл менің алғашқы халықаралық жобам болды. Сондықтан, қатты уайымдадым. Бірақ, түсірілім кезінде актерлар бір-бірімізді барынша қолдадық.  Испандық әріптестерім өз ісінің шеберлері. Олармен бір алаңда жұмыс істеу ешқандай қиындық келтірмеді. 

«Бітім» - тарихи оқиғаларға негізделген көркем фильм. Сталиндік репрессия кезінде қазақ жеріндегі Карлагта азамат соғысына қатысқан жүздеген испандықтар да жазасын өтеген. 2013 жылы Қазақстан жағы Испания премьер-министрі Мариано Рахойға испан тұтқындарының мұрағаттағы 152 ісін  тапсырды. Дәл осы шара мен қазақ жеріндегі халықтар достығы сценарий жазуға түрткі болды. 

Марат Әбсеметов, тарихшы, фильм кеңесшісі:

- Испандықтар бұлар анау франка мен республиканецтер ата жау бұлар, бұлар шайқас болған. Анау республиканецтердің орнынына  франкистар келген. Сол франкистар басып алған. Содан кейін бұлар бір-бірімен шабысқан. Түрмеге түскенде бірге болып қалған бұлар. Содан бірге болған да ол жерде ол кезде совет үкімет қарамады франкиссің ба республикансың ба, әйтеуір сен испандықсың болды. Сондықтан бұлар татуласуға мәжбүр болды. 

Фильмнің тұсаукесері аншлагпен өтті. Испания тарапынан актерлардың келмегеніне  қарамастан, кинотеатр көрермендерге толы болды. КарЛАГ тұтқындарының ұрпақтары, ғалымдар, Қазақстан мен Испанияның ортақ тарихына қызығушылық танытқан қауым осыннан табылды.

Арман Жұманиязова, қала тұрғыны:

- Менің атам Қадем Жұманиязов. Ол барлаушы офицер болған. Ол жас кезінде Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында Францияда және  Испанияда болған. Фильмде менің атамның тағдырына ұқсас жайттар бар. Ол да француз қызы Элен Гюставқа ғашық болады. Бұл туралы күнделігінде көп жазған. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді ғой. Ол махаббатын емес, Отанын таңдаған.

«Бітім» тарихи драмасы қыркүйек айында Сан-Себастьян кинофестивалінде көрсетілген болатын. Енді  өз елімізде үлкен экранға шығып көрерменге жол тартты.

Қарлығаш Қайыпбекова,  Радик Джакупов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

01 Тамыз 2026 14:24see160

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

01 Тамыз 2026 11:30see118

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

01 Тамыз 2026 09:45see115

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

01 Тамыз 2026 19:11see115

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

02 Тамыз 2026 08:51see111

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

02 Тамыз 2026 09:50see107

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

02 Тамыз 2026 11:42see107

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

01 Тамыз 2026 14:43see106

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

01 Тамыз 2026 14:43see105

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

01 Тамыз 2026 20:27see105

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып кеткен электрвелосипед жүргізушісі ұсталды

01 Тамыз 2026 12:53see104

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see103

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

03 Тамыз 2026 08:36see102

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

01 Тамыз 2026 11:44see102

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

02 Тамыз 2026 13:08see102

Мароккодан келген 70 мыңға жуық мигрант Испаниядан кетті

01 Тамыз 2026 14:43see99

В Китае нашли двойника Илона Маска он работает в шашлычной

02 Тамыз 2026 14:30see98

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

03 Тамыз 2026 09:18see98

Есіктен есікке акциясы: Әділет өңірлерде халықтың ұсынысын жинап жатыр

02 Тамыз 2026 12:29see98

Дастан Сәтпаев бүгін Тоттенхэмге қарсы ойнауы мүмкін

01 Тамыз 2026 11:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары