Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Ашура күні туралы не білеміз

Абайды көрген кісі

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдетіледі СІМ мән жайды ашып айтты

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

Энергетикалық нысандарды аралады

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

Бурабайдағы көлге шомылған бірнеше адам тері ауруына шалдықты

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

Кәсіпке бастар колледж

Кәсіпке бастар колледж

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жұмысшы мамандықтар жылы бір реттік ұран емес. Бұл – еңбекке, кәсіпке, нақты іске деген көзқарасты қайта таразылайтын кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еңбек адамдарына деген құрметті арттыра түсуіміз керектігін айрықша атап өткен еді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткізіп отырған оқу орындарының бірі – Астанадағы Қазтұтынуодағының жоғары колледжі.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Аудиториядан – нарыққа

Колледжде білім беру дуалды оқыту моделіне негізделген. Яғни оқудың 60 пайызы практикаға, 40 пайызы теорияға бағытталған. Бұл тәсіл әсіресе маркетинг, тамақ­тандыруды ұйымдастыру, аспаз-кондитер мамандықтарында толық жүзеге асып отыр. Студенттер оқу барысында-ақ ірі сауда желілерінде, қоғамдық тамақтандыру орындарында тәжірибеден өтеді.

Колледж директоры Мырзабек Күжімовтің айтуынша, көзқарас өзгермей нәтиже болмайды.

«Шындығында, үй салатын да, жол төсейтін де, көлік жөндейтін де, тамақ әзірлейтін де – осы жұмысшы мамандар. Кейінгі жылдары бұл кәсіп иелері лайықты бағасын алмай, марапат пен құрметтен тыс қалып келді. Көпшілік оңай әрі тез байып кететін мамандықтарға ұмтылды. Жұмысшы мамандықтар жылы осы көзқарасты өзгертті. Бүгінде мемлекет те, білім саласы да, жұмыс берушілер де бұл бағытқа айрықша көңіл бөліп отыр. Ең басты өзгеріс – жұмыс берушілердің көзқарасы. Бұрын кадр даярлау тек колледждің міндеті деп қаралса, қазір нарыққа қажетті маманды бірлесе даярлау қажет екені айқындалды»,
деді ол.

Осы ұстаным колледждің күн­делікті жұмысынан анық көрі­неді. Мұнда дуалды оқыту қағи­дасы құжат жүзінде емес, студент­тің нақты өндірістік ортада шың­далуына бағытталған жүйе ретінде іске асып жатыр.

Мәселен, маркетинг маман­дығында оқитын студенттер ірі сауда желілерінде тәжірибеден өтеді. Олар кассада ғана тұрмайды, тауарды қабылдау, орналастыру, өткізу, тұтынушымен жұмыс істеу, сатылымды талдау сияқты жұмыстарға араласады. Біліктілік емтихандары да колледжде емес, сол кәсіпорындардың өзінде қабыл­данады. Ал тамақтандыру саласында студенттер заманауи аспаздық зертханаларда жұмыс істейді. Аспаз бен кондитерлер технологиялық карта жасап, тағам дайындап, оны әлеуметтік серіктестер алдында қорғайды. Бұл – өндірістік ортаға барынша жақын формат. Дегенмен дуалды оқыту барлық мамандықта бірдей жүзеге аса бер­мейді. Директордың айтуынша, есеп және аудит, бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарында практикадан өту жағы күрделі. Бұл – бір колледждің ғана емес, жалпы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ортақ мәселесі.

Бірақ мұнда тәжірибелі прак­тик-мамандардың сабақ бере алатыны көңіл қуантады. Өндірісте 10 жылдан астам тәжірибесі бар маманның педагогикалық білімі болмаса да колледжде жоғары санат­пен сабақ бере алады. Бұл ше­шім студенттердің сапалы әрі пай­далы білім алуына жол ашады.

 

Шеберлікті меңгереді

Колледж базасында «Сатушы» және «Студент» оқу дүкендері жұ­мыс істейді. Бұл – шағын кәсіпорын­ның толық моделі. Сту­денттер жеке кәсіпкерлікті тір­кеу­ді, есепшот ашуды, «Kaspi Pay» жүйе­сімен жұмыс істеуді, тауар алуды, үстеме баға қоюды, кассалық опе­ра­ция жүргізуді, салық төлеуді үй­ре­неді.

Директордың әдістеме жөнін­дегі орынбасары Айжан Талғат­қызының айтуынша, бұл жерде басты мақсат – табыс табу емес, тәжірибе қалыптастыру.

«Студенттер жеке кәсіп ашуға қажетті 20–25 негізгі құзы­рет­ті меңгереді. ЖК тіркеуден бастап, инвентаризация, жалақы есептеу, әлеуметтік аударымдарға дейін бәрін өз қолымен жасайды. Бұл – аудиторияда үйрету мүмкін емес дағдылар», дейді ол.

Сонымен қатар өз хоббиінен шағын стартап бастаған студенттер де бар. Қолдан жасалған сабын, әшекей бұйымдар, гүл композициялары колледж шеберханаларына қойылған. Ата-аналармен келісімшарт жасалып, бәрі заң аясында жүргізіледі.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледж халықаралық әріп­тестікке де басымдық беріп отыр. Биыл мамыр айында Түр­кияның SAFA компаниясымен келісімшарт жасалып, 25 студент пен 1 педагог алты айлық өндірістік тағылымдамадан өтуге жолдама алған. Тағылымдама барысында студенттер ай сайын шамамен 250 мың теңге көлемінде жалақы алады. Студенттер аспаз, кондитер, өндірістік цехтер бойынша бөлініп, нақты кәсіпорындарда жұмыс істейді. Бұған дейін колледж студенттері Самарқандта, Екатеринбургте тәжірибеден өткен. Ал Түркиядағы ұзақмерзімді тағы­лым­дама – халықаралық ынты­мақ­тас­тықтың жаңа белесі болмақ.

Айта кетейік, колледж түлек­терінің жұмысқа орналасу көрсет­кіші 86 пайыз. Бұл – жай статис­тика емес, оқу үдерісінің еңбек нарығымен тікелей байланысы­ның нәтижесі. Екінші курстан бастап-ақ студенттердің бір бөлігі ата-анасының рұқсатымен жұмысқа орналасады. Кейбірінің айлығы 300 мың теңгеге дейін жетеді. Ал 18 жасқа толғандар жазғы демалыс­та толыққанды еңбек етеді.

Маман тұрақтылығы маңызды

Колледж директоры Мырза­бек Күжімовтің айтуынша, дуал­ды оқытуды кеңейтіп, сапаны тұрақты ұстау үшін, ең алдымен, қаржыландыру мәселесін қай­та қарау қажет. Қазіргі уақытта тех­никалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жан басына шаққандағы нормативтік қар­жыландырудың орташа мөл­шері бір студентке жылына шамамен 430 мың теңгені ғана құрайды. Ал балабақшаларда бұл көрсеткіш 700 мың теңгеге дейін жетсе, мектептерде 800 мың теңге­ден асады, жоғары оқу орындарында бір студентке 1 млн теңгеден жоғары қаржы қарас­­­ты­рылған.

«Колледждегі оқу үдерісі материалды көп қажет етеді. Әсіресе аспаздық, кондитерлік, сервис, өндірістік бағыттарда өнім, шикізат, құрал-жабдық, қауіпсіздік талаптары дегендей шығын көлемі жоғары. Қаржыландыру төмен болған жағдайда шеберхананы жаңарту, зертхананы күшейту, заманауи құрал алу секілді жұмыстардың қарқыны бәсеңдейді. Бұл түптің түбінде кадр даярлау сапасына әсер етпей қоймайды», деді ол.

Директор тағы бір өзекті түйт­кіл ретінде педагогтердің санаты мен біліктілігіне байланысты төлемдердің толық орындалмай отырғанын атап өтті. Оның айтуын­ша, магистратураны тәмамдаған, тәжірибесі мол оқытушыларға қарастырылған үстемеақының толық көлемде төленбеуі кадр тұрақтылығына кері ықпал етеді.

«Бізге дәл қазір өндірісті көрген, практикалық тәжірибесі бар, заманауи талапты білетін мамандар­дың колледжге келіп, тұрақтап сабақ бергені маңызды. Ал оқытушы еңбе­гі лайықты ынталандырылмаса, кадр тапшылығы тереңдей береді. Сондықтан педагогке төленетін үстемеақы мәселесін реттеу ке­рек», деді Мырзабек Күжімов.

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see115

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see113

Ашура күні туралы не білеміз

24 Маусым 2026 18:46see113

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see112

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see112

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

25 Маусым 2026 12:49see111

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

25 Маусым 2026 14:17see110

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

26 Маусым 2026 00:16see110

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see110

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдетіледі СІМ мән жайды ашып айтты

25 Маусым 2026 16:41see109

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

26 Маусым 2026 00:10see109

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

26 Маусым 2026 07:04see109

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

25 Маусым 2026 17:18see108

Энергетикалық нысандарды аралады

26 Маусым 2026 00:11see108

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

25 Маусым 2026 23:09see108

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

26 Маусым 2026 11:57see107

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

26 Маусым 2026 00:12see107

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

25 Маусым 2026 08:39see107

Бурабайдағы көлге шомылған бірнеше адам тері ауруына шалдықты

25 Маусым 2026 11:35see106

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

26 Маусым 2026 03:54see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары