Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетігі

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетігі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Маусымда іске қосылған «Өрлеу» бағдарламасы өңірдегі кәсіпкерлерге көп көмек болды. Шағын және орта бизнес 12,6% мөлшерлемемен несие алып, ісін кеңейтуге, айналымын толықтыруға әрі қарызын қайта қаржыландыруға мүмкіндік тауып отыр. Ақтөбеде көптеген тауар өндірушілер «Даму» қоры арқылы осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысын жандандырып келеді.

«Айналым қаражатына 3,5 млрд, инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін беріле­тін қаржылық қолдауды шағын және орта кәсіпкерлік нысандары пайдалана бастады. Ақтөбе облысында осы бағдарлама арқылы 70 жоба қаржыландырылды», дейді «Даму» қоры Ақтөбе филиалының директоры Айнагүл Ниязова.

«Даму» қорының жергілікті филиа­лы өңірде «Өрлеу» бағдарламасына қатысып отырған бірнеше кәсіпорынның жұмысын көрсетті. Солардың қатарында Ақтөбе полиэтилен құбырлары зауыты, «Наным» серіктестігі, «Easy» атауымен тұрмыстық химия шығаратын «Epsilon Group» серіктестігі бар. Бұл кәсіпорындар жеңілдетілген несие алып, мемлекет қолдауын өндірістік цехтарды жаңартуға және жаңа қондырғылар сатып алуға жұмсаған.

Ақтөбе полиэтилен құбырлары зауыты 2011 жылы іске қосылған. Жылына 20 000 тоннадан аса өнім шығарады әрі оны елдің әр аймағына таратады. Кәсіпорында заманауи өндірістік желілер, теміржол тұйығы, арнаулы техникасы бар автопаркі, қоймалары мен зертханасы жұмыс істейді. Өндіріс цехында «Krauss Maffei Technologies GmbH» компаниясының әр көлемде құбыр дайын­дайтын 3 желісі орнатылған.

«Біздің кәсіпорында әртүрлі өл­шемде, орташа, жоғары қысымға шыдас беретін су, газ, кәріз құбырлары шыға­рылады. Жарамдылық мерзімі 50 жылға дейін созылып, жер астында шірімейді, бүлінбейді. Өндірістен шыққан құбырлардың әрқайсысына өз зертханамызда сынақ жүргізіліп, сапа және сәйкестілік сертификаты беріледі. Жұмыс ерте көктемнен бастап желтоқсанның соңына дейін тоқтамайды. Өйткені құбыр төсеу жұмыстары жылы мезгілдерде жүргізілетіндіктен, мер­­дігерлердің жұмыс кестесіне сай шығарамыз. Қыста бір ай демалып, жаб­дықтарды жөндейміз, цехтарды тазалаймыз. Бұл күндері жер қазу, құбыр төсеу жұмыстары саябырлағандықтан, бізде де жұмыс көлемі азайды. Кәсіпорында 40 адам еңбек етеді. Жұмыс қызған уақытта үш ауысыммен жұмыс істейміз», дейді өндіріс басшысы Жомарт Жаймағамбетов.

Елдің әр өңірінде полиэтилен құбыр­ларын шығаратын зауыттар көбейсе де, олар­дың бәрінде ортақ мәселе бар. Кәсіп­орындар арзан әрі сапалы шикізатқа әлі күнге дейін зәру. Құбыр жасауға қажет полипропилен этил және пропан қо­сындыларынан тұрады. Ал бұл шикізатты елімізде шығаратын жалғыз өндіріс орын – Атырау облысы Қарабатан кентіндегі «Kazakhstan Petrochemical Industries» зауыты. Алайда мұндағы полипропилен жоғары қысымға төзетін құбыр жасауға жарамайды.

Кәсіпкерлер қазір қажетті шикізатты сырттан тасиды. Бұрын Әзербайжаннан, Швециядан жеткізген. Кейін Қазан қала­сынан алдырған. Бүгінде Ресейдің Новосібір қаласынан әкелінеді. Өндіру­шілер ел ішінде өзіміздің сапалы полипропилен өндірілсе деген ниеттерін айтты. Себебі сырттан келетін шикізат қымбаттаса, дайын өнімнің құны да соған қарай өседі. Тауар бағасы әрдайым шикізатқа тәуелді. Өндірістегі маман тапшылығы да сезіледі. Жалақысы тұрақты, әлеуметтік пакеті бар жұмыс орны болғанына қарамастан жас мамандардың келуі сирек. Кәсіпорын басшылығы колледждерде оқитын мұнай-химия мамандығының студенттерін тәжірибеден өтуге шақырып отыр. Үйретуге де дайын. Бірақ құбыр өндірісіне қызығатын жастар әлі аз.

Біз барған келесі кәсіпорын – «Наным» серіктестігі болды. Бұл серіктестік 2014 жылдан бері отызға жуық нан-тоқаш өнімін шығарып келе жатқан наубайхана. Олар биыл «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктен алынған 12,6% мөлшерлемелі несиені айналым қаражатын толықтыруға әрі наубайхананы жаңғыртуға жұмсаған. Жаңа пештер сатып алып, өндірістің тынысын кеңейткен.

«Кәсіпорында 80 адам еңбек етеді. Үш ауысымда жұмыс істейміз. Кәсіпорын күніне үш тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдерін шығаратын болса, соның ішінде екінші сорттағы ұн қосылған әлеу­меттік нанымыз сұранысқа ие. Одан басқа түрлі тоқаш, батон, тәтті бөлкелер шығарамыз. Таңертеңгілік 4300 дана әлеуметтік нанды пештен шыққан бойы өз көлігімізбен дүкендерге таратамыз. Біздегі бір әлеуметтік нанның салмағы –  950 грамм, бағасы 110 теңге. Айына 80 тонна ұн сатып алуға мемлекеттен дотация алып отырмыз. Бұл жерде субсидияланған ұн бағасы килограмына 120 теңгеден берілді. Біз осы қаржыны әлеуметтік нан пісіруге жұмсаймыз. Ұнды Ақтөбедегі «Жаңа Әлжан» және «Рамазан» комбинаттарынан сатып аламыз», дейді «Наным» ЖШС директоры Сергей Жильцов.

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Сазды елді мекенінде орналасқан «Epsilon Group» ЖШС өндірістік базасында жылына 3 мың тоннадан астам өндірістік химия және тұрмыстық химия бұйымдары өндіріледі. Кәсіпорынның «EASY» тауа­р белгісімен шығарылатын ыдыс жууға арналған, майды кетіруге арналған, қол жууға арналған сұйықтықтары, киім жууға арналған кондиционері, ағартқыштары мен тұрмыстық техниканың қағын тазартатын құралдары Ақтөбе облысында ғана емес, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Ақтау, Атырау қалаларында да таныла бастаған.

«Жұмысты 2015 жылы әртүрлі деңгейде ластанған мұнай, газ, кәріз қондыр­ғыларын тазартуға арналған реагенттер шығарудан бастадық. Ал тұрмыстық химия бұйымдарын осыдан екі жарым жыл бұрын қолға алдық. Қазір жылына 2500 тонна өндірістік, 500 тонна тұрмыстық химия бұйымдарын шығарып отырмыз. Кір жууға арналған кондиционер, ыдыс жууға арналған сұйықтықтар, сұйық сабындар, майлы, өте қатты ластанған заттарды кетіретін қоспалар жақсы сұранысқа ие болғандықтан, болашақта оның аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осы өнімдерді өндіруге қажетті шикізат елімізде аз болғандықтан, Мексикадан, Германиядан, Ресейден алдырамыз. Өзімізден тек «Аралтұз» комбинатының тұздарын тұрмыстық химия мен реагенттер өндіруге қосамыз», дейді «Epsilon Group» ЖШС химик-технологі Айдос Жамидолла.

Серіктестік иесі айналым қаражатын толықтыруға «Даму» қорының кепілдігімен несие алған. Оның кепілдік мөлшері қарыз сомасының 55%-ын құрайды. Осы қаражатқа облыс орталығындағы Өнді­рістік аймақтан жер алып, тұрмыстық химия бұйымдарын шығаратын цех салып жатыр. Мұнда толық автоматтандырылған өндіріс іске қосылмақшы.

Өнім шығаратын жергілікті шағын және орта кәсіпорындар үшін жеңіл­детілген несие қаражаты даму кілті және өндірісті жаңартуға қажетті құрал болып қала береді. Кәсіпкерлер қаржылық қолдаудың арқасында өндірісті кеңейтіп, жаңа технологиялар енгізіп, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік алып отыр.

Ақтөбе облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары