Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Каспий жағалауында өрт сөндіру құтқару бөлімі ашылды

Каспий жағалауында өрт сөндіру құтқару бөлімі ашылды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Каспий теңізінің жағалауында өрт сөндіру-құтқару бөлімі ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Заманауи құралдармен жабдықталған бөлімде қызметкерлерге де жан-жақты жағдай жасалған. Мамандар мұндағы воркаут алаңда спортпен айналысып, бос уақытта білімін жетілдіре алады.

Биыл салынған көп бейінді кешенде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бірге орналасқан. Енді оларға оқиға орнына жедел жетуге мүмкіндік бар. Құрылым Ақтаудың төменгі 10 ықшамауданы мен Өмірзақ ауылына, 4 өнеркәсіптік аймаққа қызмет көрсетеді және жазда 40 мыңдай адам бір мезгілде демалатын төменгі жағалаудағы қауіпсіздікті де қамтамасыз етеді. Жағалаудағы жаңа ғимарат қазіргі стандарттарға сай салыныпты. Мұнда қызметкерлердің бос уақытында дене дайындықтарын шыңдап, өздерін дамытуына жағдай жасалған.

Жәнібек Бекжанов, №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

- Бұрын жағдай болған жоқ. Өрттен, адам құтқару жұмыстарынан шыққан кезде қызметкерлер ішке келген кезде жуынатын орын болған жоқ, дұрыстап отырып тамақ ішетін орын болған жоқ, оқу сыныбы да болған жоқ, тар болды. Қазір қысқа уақытта, небәрі 2,5 ай ішінде барлық жағдай жасалған, өте ыңғайлы. Заманауи әдемі өрт сөндіру бөлімі ашылды.

Өрт сөндіру бөлімінің теңіз жағында терраса, спорт алаңдары орналасқан. «Бұл құтқарушылардың ауыр шақыртулардан кейін өздерін қалпына келтіруі үшін аса маңызды», – дейді мамандар. Жаңа ғимаратта төтеншеліктердің сенімді серігі қызметтік иттерге де орын табылыпты. 

«Найза» ныспылы бельгиялық төбет мұндағы мамандардың мақтанышы. Ол 4 жыл бойы аттестациядан мүдірмей өтіп, құтқарушыларға қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Қанат Уәлихан, құтқарушы-кинолог:

- Бұларды біз күшік кезінен таңдаймыз. Күшіктер арасынан таңдайтын жолдары бар. Сол бір 5-6 күшіктің арасынан психикасы тұрақты, белсенділерін таңдап аламыз. Сосын біздің жұмыста «разрушение» дейміз ғой, қирағанда адамдар көп жиналады, «гражданский» адамдар болады. Қатты шу болған кезде иттермен жұмыс істеу қиын болады. 

Бүгінде бөлімде 45 өрт сөндіруші мен құтқарушы еңбек етеді. Суға шомылу маусымы кезінде олардың саны да ұлғаяды. Маңғыстау облысында теңіз жағалауының жалпы ұзындығы 1400 шақырым. Төтеншеліктер күні-түні акваториядан көз жазбай, демалушылардың қауіпсіздігін бақылайды, катамаран мен гидроциклдердің қозғалысын қадағалайды. Олар жуырда түрлі мақсатта қолданылатын катерге қол жеткізіпті. Жүрдек су көлігіне навигациялық жүйе, теңіз тереңдігін өлшеу қондырғысы, белгі беру құралдары орнатылған.

Назар Ізтілеуов, Маңғыстау облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының бастығы:

- Жуыну кабинасы бар, тоңазытқыш бар. Жаз кезінде өте қолайлы. Осы жерде асхананы да ұйымдастыруға болады. Құтқарушылар жаңа катермен бір тәулік бойы жағалауға оралмастан жүзіп, теңіз бетін қадағалап, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Әзірге мұндай өрт-сөндіру құтқару бөлімі өңірде біреу ғана. Заманауи талаптарға сай келетін келесі ғимаратты алдағы жылы Ақшұқыр ауылында тұрғызу жоспарланған.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Тамара Степанова, Ренат Дусалиев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 15:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары