Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Келер жылы Тайвань үшін талас күшейеді

Келер жылы Тайвань үшін талас күшейеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Келер жылы Тайвань үшін талас күшейеді. Аралдағы ахуалды топшылап көрген Вашингтондағы German Marshall қорының сарапшылар осылай дейді. 

Олардың бұлай болжам жасауына негіз бар. Таяуда Қытай Тайвань маңында ауқымды әскери жаттығу өткізді. «Мұнысы аралды оқшалауға арналған дайындық жұмыстары, яғни соғысқа әзірлігі тәрізді», - дейді сарапшылар. Бес қаруын сайлаған Қытай Тайваньға шынымен басып кіруі мүмкін бе? 

Қытай мен Тайвань арасындағы жағдай шиеленісіп тұр. Өйткені АҚШ арал билігінің қолтығына су бүркіп, Бейжіңмен ара-қатынасын қиындатып отыр. Құрама Штаттар Тайбэйге құны 11 млрд доллар тұратын қару-жарақ сатпақ. Бұл шығыстағы көршіміздің шымбайына тиіп отырғаны анық. Сондықтан қорғаныс саласындағы америкалық компанияларға санкция салды. Сондай-ақ Бейжің аралға іргелес жатқан аумаққа қол жинап, ірі әскери жаттығу өткізді. Зымыран ату, сырттан келетін көмек жолын бұғаттау, әскери базаларға соққы жасау, аралды оқшаулаға қатысты жауынгерлік жасақ пен техниканың тегеурінін тексерді. Қытай билігінің айтуына қарағанда, бұл – қарулы жиын ең алдымен сыртқы күштердің араласуына қарсы тұруға бағытталған қадам.

Линь Цзянь, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Тайваньдағы Демократиялық прогрессивті партиясы АҚШ-қа арқа сүйеп, аралды қауіпті аймаққа айналдырып отыр. Тайвань мәселесі Қытай үшін ұлттық мүдденің өзегі болып саналады. Егемендігіміз бен қауіпсіздігіміз және аумақтық тұтастығымызға біреудің қол сұғуына жол бермейміз. Сондықтан олар дұрыс шешім қабылдайды деген үміттемін. 

Вашингтонның айтуына қарағанда, Қытайдың арал маңында әскери жаттығу өткізуі орынсыз. Бұлайша аймақтағы ахуалды өзі ушықтырып отыр деп Бейжіңді қатаң айыптады. Алайда Құрама Штаттардың өзі Тайваньға қару жеткізуді тоқтататын түрі көрінбейді. Өйткені Тайбэй арқылы Вашингтон Тынық мұхитының оңтүстігінде билікке ие бола алады. Сондай-ақ Тайвань – әлемде чиптің ірі өндірушісі саналады. Қазір онсыз бірде-бір озық технология, тіпті әскери техника да құрастырылмайды. Сондықтан бұл саяси ғана емес, экономикалық үстемдікке талас деуге де болады. АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциядан соң, қытайлық әлеуметтік желіде Тайвань басшысының қолына дәл солай кісен салып, ұстап әкету керек деген пікірлер айтыла бастады. Алайда Тайбэй дәл қазір Қытайға қарсы тұруға әскери әлеуеті жететініне сенімді. 

Чэнь Куань-тин, Тайвань парламентінің депутаты:

- Егер Бейжің Тайваньға қарсы әскери операция бастаса, оның жеңіске жетуі екіталай. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, өзімізде ерте ескерту радарлары бар. Екіншіден, көрші елдер, яғни Филиппин, Жапония, Оңтүстік Корея және Жапония, тіпті АҚШ-тың әскери базалары да қуатты барлау, бақылау мүмкіндіктеріне ие. Сондықтан Қытай әзірге тұтқиылдан шабуыл жасай алмайды. 

Десе де аңдыған жау алмай қоймайды. Вашингтондағы German Marshall қорының сарапшылары аймақта әскери жаттығулар ауқымының кеңеюі Қытай төрағасы Си Цзинпинь Тайвань мәселесін қарудың күшімен реттеуге бейіл екенін аңғартады дейді. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Егер қос тарап арасында келіспеушіліктің соңы соғысқа ұласса, Қытай 100 мың әскерін, ал Тайвань 50 мың сарбазы мен 50 мың бейбіт тұрғынынан айырылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде экспортқа тәуелді Қытай нарығын ұзақ жылға тұралатып тастайды деген болжам бар. 

Каришма Васвани, Bloomberg Opinion басылымының шолушысы:

- Қытайдың Тайваньға шабуылының алдын алу үшін ең бірінші кезекте Бейжің жеңеді дегенге кепілдіктің жоқ екендігіне және Си Цзинпиньге соғыстың салдары нендей жағдайға әкеп соғу мүмкін екендігіне көз жеткізуі керек. Бұл үшін Тайбэй, Вашингтон және Токио бірлескен жұмыс жоспарын құруы қажет. 

Қытай билігі Тайваньды өз аумағы деп санайды. Әлемде небәрі 15 ел аралдың тәуелсіздігін мойындаған. Ал олардың қатарында ықпалы бар бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті АҚШ та Тайбэйдің егемендігін қабылдаған емес.

2028 жылы Тайваньда сайлау өтеді. Қытай билігі қазірден дайындықты бастап, аралдағы Бейжіңнің үстемдігін орнату үшін саяси жоспар құруда. «Егер басымдық дауыспен сайлауда Қытай саясатын қолдайтын партия жеңіске жетсе, оңтүстіктегі көршіміз билікті қантөгіспен емес, арнайы стратегия арқылы орнатуы мүмкін», - дейді сарапшылар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 09:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары