Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Кенеттен туған кереметтер

Кенеттен туған кереметтер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жазушы ең сүйікті шығармасын алдымен санасына (ой қағазына десек те болады) жазады. Содан кейін әбден жетіліп, кәдімгі қағаз бетіне түседі. Бұл шынайы шығармашылықта қалыптасқан әдістің бірі. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолын» жазу мақсатында сан жылдар бойы материал жинап, ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, аңыз-әңгімелерді санасында тербетіп, соңында ұлы шығарманы өмірге әкелді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Ал сол заңғар жазушы түнмен жарысып, жұлдызбен сырласып, терең ойланып, «Абай бейнесін келесі ұрпаққа қалай жеткізсем екен?» деп ойланбады дейсіз бе? Көркем шығарманы санада пісіру тәсілін жақсы меңгергендіктен, оның эпопеясы оқыған адамның есінде қала берді. Тіпті оның Абай әлеміне қалай келгені де бір тарих. Алдымен Абай өмірбаянын жазуды бастаған ол болашақ ұлы туындыға осылай кіріседі. Өзі ол туралы да естелік жазып қалдырды: «Әуелі Абайдың өмірін зерттедім. Көптеген дерек тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, Ділдәмен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім. Көкбай, Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным... оларды көрдім, әңгімелестім», деп еске алса, тағы бір жазбасында: «Мен роман жазбақ болғаннан кейін керекті материалды әртүрлі жолмен жинадым. Сондықтан мен оның балалық, жастық шағын, жігіт кезін көрсету мақсатында Абайды көрген адамдардың аздаған естеліктеріне сүйенуге мәжбүр болдым. Рас, өзімнің сол Абай шыққан жердің қазағы болғандығымның біраз пайдасы тиді: жасаңдау кезімде Абайды жақсы білетін адамдармен – кемпір-шалдармен кездескенім бар. Олардың кейбіреуі тіпті Абайдан бірнеше жас үлкен адамдар еді», дейді.

Мүмкін, Әуезовтің ойына мұндай тақырып кенеттен келген де шығар. Ол да ғажап емес. Әлемдегі ең ғұмырлы туындылардың көбі кенеттен туған ойдың жемісі екені анық. Мысалы, Латын Америкасының ғасырлық аласапыран кезеңін, сол сәттегі адамдардың аумалы-төкпелі көңіл күйін бір кітапқа сыйғызуға құлшынған Гарсия Маркеске «Жүз жылдық жалғыздықты» жазу идеясы кенеттен келіпті. Газет тілшісі болып жұмыс істейтін Маркес көлікпен кетіп бара жатқанда, көп жыл бұрын жазагерлер тобына кездесіп, Орияна-Боэния полковниктің әкесіне еріп мұз алқабын көретін сол бір кешті есіне алып, жол ортадан үйіне кері қайтып, атақты «Жүз жылдық жалғыздықтың» алғашқы тарауын лезде қағазға түсіреді. Сол кеште Маркестің ми алаңында қиял мен тарих қатар ойнақ салғаны сөзсіз. Нәтижесінде, әлем оқырманы жастана оқитын роман өмірге келіп, қиялдың құдіреті шексіздікке ұласты.

Таланты мен талғамы ұштасқан жазушыларда шығармашылық туралы ортақ рефлекстің болатынын да аңдадық. Олар суреттеп отырған қоғамын, адамдардың көңіл күйін немесе бас­ты кейіпкердің бейнесін ашуда кейбір ортақ құбылысқа жүгінеді. Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янға да «Қызыл кәулен» романын жазу идеясы кенеттен келіпті. Бірде жайқала өскен қызыл кәулен сабағы желмен бірге билеп, оның көз алдынан өткендей көрініс береді. Сол күннен бастап ол жазу үстелінде отырып, жұрт сүйіп оқыған шығармасын аяқтаған. Шығармашылық үндестік пен гармония туралы осылай тізбелей берсек, санада жазылған сан шығарманың дерегін таба аламыз.

Мысалы, қазақтың тұңғыш романы саналатын «Бақытсыз Жамалдағы» Жамал қыздың тағдыры оқыған адамның аянышын тудырады. Туған қызын мал орнына шалға сатқысы келген Сәрсенбайлар қай қоғамда да толып жатыр. Тайвань жазушысы Сан Маудың «Қолбала» атты әңгімесі де дәл осындай сипаттағы шығарма. Онда да қыз қалыңмал мен әке үкімінің құрбаны болады. Небәрі он жастағы Гучаны әкесі өзі танитын жігітке күйеуге бере салады. Адам тағдыры, махаббат деген ұғымдар Сахара шөлінде өмір сүретін сол бір тайпа адамдарын толғандырмайды да.

«Мен Ханди отбасымен жақын араласып кеттім. Бір күні Ханди мен оның әйелі үшеуіміз шайға отырғанда, ол кенеттен: «Қызым тұрмысқа шығуы керек, оған ертерек құлаққағыс етіп қой»,  деді әйеліне бұйыра сөйлеп. Мен таңырқаған бейнемен: «Сіз Гучаны айтып тұрсыз ба?» дедім сұрағым ыңғайсыз болса да.

– Иә, солай. Рамазан айынан он күн өткен соң, тұрмысқа шығады, – деді кескін бейнеде. Ол кезде Рамазан айы әлдеқашан басталып кеткен еді.

Біз үнсіздік ішінде шайымызды іше бердік. Кенет мен тағатсызданып:

– Сіздер Гучаны әлі кішкене деп ойламайсыздар ма? Ол небәрі он жаста ғой, – дедім.

– Кішкенесі несі? Оның шешесі маған сегіз жасында тұрмысқа шыққан.

«Бұл бәлкім Сахара шөлінде тіршілік ететін халықтардың салт-дәстүрі болар, сондықтан бұларды кінәлаудің қажеті шамалы» деп түйдім де, әрі қарай тәжікелесуге шарасыз қалдым».

Осылай Тайвань жазушысы кейіпкер Гучаның өмірі арқылы бір қоғамның, бір тайпаның өмірге көзқарасын, дүниетанымын сипаттап берді. Әр шығармада санадан қуып кетіре алмайтын кейіпкерлер болатыны рас. Ал солардың тағдырындағы сан түрлі ағыстар, бұрылыстар мен иірімдер де оқырман жанына терең ой салмақ. Біле білсек, бұл да кенеттен ойға келген соны шығарманың бірі екен.

Бізге күллі Испан әдебиетінің шоқтығы болып көрінетін «Дон Кихот» романы, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», Оралхан Бөкейдің «Кер бұғысы», Төлен Әбдіктің «Тозақ оттары жымыңдайды» романы, Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Айқайы» бәрі-бәрі де шығармашылық алаңдағы бір мазасыздықтан туындаған десек, қателеспейміз. Ол мазасыздық әрине, осыны қайткен күнде де оқырман жүрегіне жеткізе алсам деген идеяның жемісі. Кенеттен туған керемет шығармалардың айтары көп болғанын бүкіл қоғам аңдады. Бәрі бір кейіпкер арқылы адамзаттық мәселелерді көтереді, көтеріп қана қоймай, осыдан сабақ алсақ дегенді алға тартады. Жазушының міндеті жақсы шығарма жазу болса, ал оқырманның міндеті жақсы шығарманы таңдап оқу. Қазіргі қазақ жазушыларын қандай шығармашылық мазасыздық тербеп жүргенін кім білсін, оның жауабын олар алда оқырманға ұсынар шығармалары айтар.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары