Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында өрт шығып, бір адам қаза тапты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бүгін түнде Түркістан облысының Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.
Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына келіп, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қаңтар 2026 15:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















